Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 12 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 02-05/102 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабау ауылы округі, Сынтас елді мекені, Л.Тотаев көшесі № 1-19 тұрғын үйлердің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Ж.Алимкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады