Риддер қаласы әкімінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 2 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімі

      ШЕШТІМ:

      1. Риддер қаласы әкімінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 2 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуде № 179185 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына, Риддер қаласының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 23 наурыздағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасына, "Риддер ЖЭО" акционерлік қоғамы басшылығының немқұрайлылығымен ағымдағы жылыту маусымы кезінде барлық 6 қазандықтың, 4 бу турбинасының, вагондар мен күл үйінділерін түсіру жүйесінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйіне, кредиторлық берешектің 3,1 млрд-қа дейін өсуіне алып келген, 61 қазандық агрегаттарын және станцияның басқа да өмірлік маңызды компоненттерін авариялық ажырату, көмір мен мазутты жөнелтуді тоқтатуға, 60 тәуліктен астам уақыт бойы бекітілген температуралық кестені сақтамауға (қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету шарттарын бұзу), 2023 жылғы 19 қаңтардағы №236324090000013 КАЖ-да тіркелген өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын жүйелі бұзуға станция жабдығының 86,4% - ға дейін тозуына (отын беру жолындағы өрт), 2023 жылғы 21 наурыздағы №236324090000049 (қазандық агрегаттарының бақылау және күштік кабельдерін балқыту №5, №6), 2023 жылғы 23 наурыздағы №236324090000051 (ұсақ дисперсті материал мен көмірдің ұшпа бөлшектерінің жарылуы) жол берілуіне байланысты, ШЕШТІМ:"

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады