"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс Е02МОМ1, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Сәтбаев даңғылы, 13-үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: индекс 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы 32 көшесі 16 ғимарат.";

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі 303.";

      көрсетілген бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 160011, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ғани Иляев көшесі 24/1".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің Атырау облысы және Түркістан облысы, Алматы қаласы және Шымкент қаласы бойынша департаменттері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау және дамыту
      агенттігінің төрағасы М. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады