Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 92 шешімі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 3 маусымдағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша көмірсутектерінің жекелеген түрлерін сыныптау туралы" № 86 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
18 тамыздағы № 92 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 86 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы мен 1 және 2-тармақтардағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы" деген тиісті септіктегі сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы" деген тиісті септіктегі сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-тармақтағы "30°С-тан 80°С-қа дейін" деген сөздер "25°С-тан 195°С-қа дейін" деген сөздермен, "бензиннің жеңіл фракциясынан мұнайды тікелей айдау немесе гидрокрекинг өнімінен не катализаторлардың қатысуымен көміртегі және сутегі моноксидінің синтезінен айдау жолымен" деген сөздер "кез келген процесс нәтижесінде мұнайдан және мұнай өнімдерінен, газдан, газ конденсатынан, осы өнімдердің кез-келген қоспасынан не синтезбен, сондай-ақ көрсетілген өнімдердің синтез әдісімен алынған өнімдердің қоспасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады