Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың № 2-қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 52 шешімі.

      Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың № 2 қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ІV тарауда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 20 101, 8701 20 901 кодтары позициясын 3-графада мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "көлік құралы жабдықталған (бар болған жағдайда) шұғыл оперативтік қызметті шақыру құрылғысының немесе жүйесінің сәйкестендіру нөмірі***";

      ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703, 8704 және 8705 кодтары позицияларында 3-графаның мәніні "***" белгісімен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 3-ескертумен толықтырылсын:

      "3. "***" белгісімен белгіленген тауарлар туралы мәліметтер көлік құралдарын кедендік рәсімдермен мәлімделетін ішкі пайдалану үшін шығаруға, уақытша әкелуге (өткізуге), кері импорттауға және еркін кеден аймағына орналастырған кезде көрсетуге жатады.".

      2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады