Тұздалып кептірілген балықты және кальмарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 52 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мына ингредиенттердің бірін немесе бірнешеуін: қантты (тұздың құрамына тең немесе артық мөлшерде), татымдылықтарды, дәмдеуіштерді, тұздықтарды (дайын өнімге қосылған татымдылықтардың, дәмдеуіштердің, тұздықтардың дәмдік-хош иістік қасиеттерін беретін мөлшерде) қоса отырып тұздап дайындалған, кейінірек кептірілген, тұздалып кептірілген балық Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1604 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Мына ингредиенттердің бірін немесе бірнешеуін: қантты (тұздың құрамына тең немесе артық мөлшерде), татымдылықтарды, дәмдеуіштерді, тұздықтарды (дайын өнімге қосылған татымдылықтардың, дәмдеуіштердің, тұздықтардың дәмдік-хош иістік қасиеттерін беретін мөлшерде) қоса отырып тұздап дайындалған, кейінірек кептірілген, тұздалып кептірілген кальмар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмеелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1605 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады