Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:

      а) 2-тармақтың жетінші абзацының күші жойылды деп танылсын;

      б) 15-тармақта:

      7-тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарының (кестеден кейінгі) күші жойылды деп танылсын;

      29-тармақшаның оныншы – он төртінші абзацтарының (кестеден кейінгі) күші жойылды деп танылсын;

      38-тармақшада:

      бесінші абзацта (кестеден кейін) ", сонымен бірге құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларға арналған ТД тіркеу нөмірлері" деген сөздер алып тасталсын;

      алтынша абзацта (кестеден кейін) ", сонымен бірге құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларға арналған ТД тіркеу нөмірлері" деген сөздер алып тасталсын;

      он бесінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;

      39-тармақшаның екінші және жетінші абзацтарының (кестеден кейінгі) күші жойылды деп танылсын;

      42-тармақшада:

      графаның атауындағы "берілген" деген сөз "ұсынылған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      кестеде "берілген" деген сөз "ұсынылған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      в) 25-тармақтың 5-тармақшасының бірінші абзацында және 38-тармақтың 6-тармақшасының бірінші абзацында "берілген" деген сөз "ұсынылған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      г) мынадай мазмұндағы X2 және X3 бөлімдермен толықтырылсын:

      "X2. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктері

      415. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 117-бабымен белгіленген ерекшеліктері бар құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды (бұдан әрі осы бөлімде – бөлшектелген тауарлар) декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көзделген мәліметтерге қосымша бір ТД-да бір бөлшектелген тауардың жекелеген компоненттеріне (құрамдас бөліктеріне) (бұдан әрі осы бөлімде – тауар компоненттері) қатысты мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      Тауар партиясында тауар компоненттері болып табылатын тауарлар және тауар компонеттері болып табылмайтын тауарлар болған жағдайда, сондай-ақ тауар партиясында әртүрлі бөлшектелген тауарлардың компоненттері болып табылатын тауарлар болған жағдайда, мұндай тауарлар туралы мәліметтер әртүрлі ТД-да көрсетіледі.

      416. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптарын ескере отырып Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 21-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі осы бөлімде – тауарларды сыныптау туралы шешім) көрсетілген тауар компоненті (компоненттері) бір тауар ретінде қаралады.

      417. Әкелінетін тауар компоненттеріне қатысты ТД графалары (ТД құрылымының деректемелері) осы Нұсқаулықтың ІІ бөліміне сәйкес, ал әкетілетін тауар компоненттеріне қатысты – осы Нұсқаулықтың 418-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Нұсқаулықтың ІІІ бөліміне сәйкес толтырылады.

      418. ТД 7, 12, 22, 31, 33, 35, 38, 40, 41, 44 және 46-графалары мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады:

      1) 7-графа. "Анықтамалық нөмір"

      Тауар компоненттерін декларациялау кезінде графада тауарларды декларациялау ерекшелігінің "ТДЕ" коды, ал тауардың соңғы компонентін декларациялау кезінде – тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес "ЗПК" тауарларды декларациялау ерекшелігі көрсетіледі.

      Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында осы кодтар тауарлар компоненттерін декларациялау кезінде тауарларды декларациялаудың өзге де ерекшеліктерінің қолданылуына не қолданылмауына қарамастан көрсетіледі.

      Ресей Федерациясында, егер тауар компоненттеріне қатысты ТД Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабында көзделген ерекшеліктермен тапсырылған жағдайда, тауарлар компоненттерін алдын ала декларациялау кезінде тауарларды декларациялау ерекшелігінің "ТКА" коды, ал тауардың соңғы компонентін алдын ала декларациялау кезінде – тауарларды декларациялау ерекшелігінің "СКА" коды көрсетіледі;

      2) 12-графа. "Жалпы кедендік құн"

      Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 11-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша осы тауардың компоненттеріне қатысты тапсырылған барлық ТД-да көрсетілген барлық тауар компоненттерінің жалпы кедендік құнының сомаларын қосу арқылы алынған бөлшектелген тауардың жалпы кедендік құны көрсетіледі.

      Бұл мәліметтерді электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсету қажет;

      3) 22-графа. "Валюта және шот бойынша жалпы сома"

      Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 22-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша тауар компоненттеріне қатысты тапсырылған барлық ТД 22-графасында көрсетілген тауар компоненттерінің құнын қосу арқылы алынған бөлшектелген тауардың жалпы құны көрсетіледі.

      Бұл мәліметтерді электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – графаның екінші кіші бөлімінде "/" бөлу белгісі арқылы негізгі және қосылған ТД парақшаның 42-графасында көрсетілген құндардың сомасын қосу арқылы алынған тауарлардың жалпы құнынан кейін көрсету қажет;

      4) 31-графа. "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы"

      Мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ДТ құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да:

      1 нөмірімен тауарларды сыныптау туралы шешімге сәйкес бөлшектенген тауардың атауы көрсетіледі;

      1.1 нөмірімен тауар компонентінің атауы және "/" бөлу белгісі арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімге сәйкес оның нөмірі (Беларусь Республикасында – мұндай нөмір (позиция) болған жағдайда), сондай-ақ "–" бөлу белгісі арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімде көрсетілген өлшем бірлігінде тауар компоненттерінің саны көрсетіледі.

      Осы графада тауардың бірнеше компоненттері туралы мәліметтерді көрсету қажет болған жағдайда, мұндай мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – үтір арқылы көрсетіледі;

      5) 33-графа. "Тауардың коды"

      Графаның бірінші кіші бөлімінде бөлшектелген тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешімге сай ондық мәндегі коды бос орынсыз көрсетіледі;

      6) 35-графа. "Брутто салмағы (кг)"

      Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 33-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша ТД-да көрсетілген барлық тауар компонеттерінің брутто салмақтарын қосу арқылы алынған бөлшектенген тауардың брутто салмағы килограммен көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетілуі қажет;

      7) 38-графа. "Нетто салмағы (кг)"

      Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 36-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша ТД-да берілген тауардың барлық компоненттерінің нетто салмақтарын қосу арқылы алынған бөлшектелген тауардың нетто салмағы килограммен көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетілуі қажет;

      8) 40-графа. "Жалпы декларация/Алдыңғы құжат"

      Графада тауар компоненттерінің алдыңғы партияларына қатысты тапсырылған ТД тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да үтір арқылы көрсетуілуі қажет;

      9) 41-графа. "Қосымша бірліктер"

      Графа тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде ғана толтырылады.

      Графада тауарларды сыныптау туралы шешімге сай (егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бөлшектелген тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылатын болса, қосымша өлшем бірлігінде), сондай-ақ қосымша өлшем бірлігінің өлшем бірліктер сыныптауышына сәйкес дайын түрдегі тауар саны, шартты белгісі мен коды көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетілуі қажет;

      10) 44-графа. "Қосымша ақпарат/Ұсынылған құжаттар"

      Графада осы Нұсқаулықтың 15-тарамағының 42-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша мыналар:

      тауарларды сыныптау туралы шешімнің нөмірі мен қабылданған күні;

      егер Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай хабарлама көзделген болса, тауар компоненттерін жоспарланған жеткізу туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      тауарларды сыныптау туралы шешімге өзгерістер енгізу туралы шешімнің нөмірі мен қабылданған күні (бар болған жағдайда) көрсетіледі;

      11) 46-графа. "Статистикалық құны"

      Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында тауар компоненттерінің соңғы партиясын декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 44-тармақшасында және 18-тармағының 16-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша тауар компоненттеріне қатысты тапсырылған барлық ТД 46-графасында көрсетілген барлық тауар компоненттерінің статистикалық құнын қосу арқылы алынған бөлшектелген тауардың жалпы статистикалық құны цифрлық символдармен көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетуілуі қажет.

      X3. ТД тапсырғанға дейін өндіріп шығарылған тауарларды декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктері

      419. Оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабында көзделген кедендік операцияларды жүргізу және ТД тапсырғанға дейін тауарлар шығару ерекшеліктері қолданылған тауарларды декларациялау кезінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көзделген мәліметтерге қосымша бір ТД-да мыналар:

      Армения Республикасында және Қырғыз Республикасында – егер тауарларға қатысты бір валюта бағамы қолданылған және өтініштер бір күнде тіркелген болса, шығарылуы ТД тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы бірнеше өтініш (бұдан әрі осы бөлімде – өтініштер) бойынша ТД тапсырғанға дейін жүргізілген тауарлар туралы мәліметтер;

      Беларусь Республикасында – егер тауарларға қатысты бір валюта бағамы қолданылған және осы тауарларды шығару бір күнде жүргізілген болса, шығарылуы бірнеше өтініш бойынша ТД тапсырғанға дейін жүргізілген тауарлар туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасында – шығарылуы бір өтініш бойынша ДТ тапсырғанға дейін жүргізілген тауарлар туралы мәліметтер;

      Ресей Федерациясында – егер ТД Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 16-тармағында ДТ тапсыру үшін көзделген және тауарлардың декларацияланатын партиясына қатысты алғашқы өтініш бойынша тауарларды шығару күнінен есептелетін мерзімде тапсырылған болса, шығарылуы бірнеше өтініш бойынша ТД тапсырғанға дейін жүргізілген тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      4110. Шығарылуы ДТ тапсырғанға дейін жүргізілген тауарлар туралы және өзге тауарлар туралы мәліметтер бір ТД-да көрсетілмейді.

      4111. Егер бір ТД-да шығарылуы әртүрлі өтініштер негізінде жүргізілген тауарлар декларацияланатын болса, мұндай тауарлар туралы мәліметтер тізбекті түрде (алдымен шығарылуы ерте жүргізілген тауарлар туралы мәліметтер, одан әрі хронологиялық тәртіпте) көрсетіледі.

      4112. Шығарылуы әртүрлі өтініштер негізінде жүргізілген тауарлар жеке (әртүрлі) тауарлар ретінде декларацияланады.

      4113. Шығарылуы ТД тапсырғанға дейін жүргізілген тауарларды декларациялау кезінде ТД графалары (ТД құрылымының деректемелері) осы Нұсқаулықтың бөлімдеріне сәйкес өтініш берілетін кеден рәсімдеріне қарай толтырылады.

      4114. ТД графалары (ТД құрылымының деректемелері) осы Нұсқаулықтың 4115-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Нұсқаулықтың ІІ бөліміне сәйкес толтырылады.

      4115. ТД 23, 40, 42, 46 және "С" графалары мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады:

      23-графа. "Валюта бағамы"

      Графада коды ТД 22-графасында көрсетілген шетел валютасының кеден органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттің валютасына осы мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі өтініш тіркелген күнге белгілеген бағамы көрсетіледі.

      Ресей Федерациясында, егер бір ТД-да шығарылуы тіркелген күні шетел валюталарының әртүрлі бағамы қолданылған бірнеше өтініштер негізінде жүзеге асырылған тауарлар декларацияланатын болса, графа толтырылмайды. Мұндай жағдайда шетел валюталарының бағамы туралы мәліметтер ТД 42-графасында көрсетіледі;

      2) 40-графа. "Жалпы декларация/Алдыңғы құжат"

      Графада өтініштің тіркеу нөмірі және осы өтініштің 18-графасында көрсетілген тиісті тауардың реттік нөмірі (Қазақстан Республикасында тауардың реттік нөмірі көрсетілмейді) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетілуі қажет;

      3) 42-графа. "Тауардың бағасы"

      Ресей Федерациясында, егер бір ТД-да шығарылуы тіркелген күні шетел валюталарының әртүрлі бағамы қолданылған бірнеше өтініштер негізінде жүргізілген тауарлар декларацияланған жағдайда графада осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 40-тармақшасына көзделген мәліметтерге қосымша валюталар сыныптауышына сәйкес шарт құны валютасының әріптік коды және өтініш тіркелген күнгі шетел валютасының бағамы көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электронды құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да "/" бөлу белгісі арқылы көрсетуілуі қажет;

      4) 46-графа. "Статистикалық құны"

      Статистикалық құнды есептеу кезінде Одаққа мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі өтініш тіркелген күнге белгілеген валюталар бағамы қолданылады;

      5) "С" графасы

      2-ші нөмірлі тауарларды шығару туралы белгі қою кезінде өтінішке сәйкес тауарлардың шығырылған күні көрсетіледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының шешімімен енгізілген өзгерістердің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 137 шешіміне қосымша) 1-тармағының "б" тармақшасы алып тасталсын.

      3. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы № 129 шешіміне қосымша) 1-тармағы "б" тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз сегізінші абзацтары алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады