Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес көлік құралдарына арналған өзіне-өзі қызмет көрсететін кешенді жуғышты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 122 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жуу құралдарын, балауыз сұйықтықты пайдалана отырып немесе онсыз (таңдап алынған және ақысы төленген режимге байланысты) көлік құралдарын жоғары қысымды сумен қолмен жууға арналған, бірнеше орынға есептелген және жоғары қысымды сорғыдан, су қыздыратын қазаннан, су тазарту және дайындау жүйесінен, химиялық заттарды мөлшерлеу жүйесінен, қатуға қарсы жүйеден, шашыратқыш пистолеттері бар құбыршектер жиынтығынан және басқарушы компьютерден (жуу бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беретін) тұратын, өзіне-өзі қызмет көрсететін кешенді жуғыш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 30 010 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады