Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 134 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен қабылданған, Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011) техникалық регламентінде (бұдан әрі - техникалық регламент) белгіленген, Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 55 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған жеке қорғану құралдарының міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналымына осы өнімнің қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады