Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 175 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабы 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) он төртінші – он алтыншы абзацтар (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "7 элемент – Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында – төлем төлеген немесе өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер, өзге де төлемдер сомасын ақша қаражаты (ақшасы) есебінен өндіріп алынған тұлға туралы мәліметтер.

      Бұл ретте мыналар:

      Беларусь Республикасында – дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда, төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), Қазақстан Республикасында –қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын ұйым (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не жеке тұлға үшін, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) осындай мәліметтер болып табылады).";

      б) он тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "7" цифры "6" цифрымен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 83 шешіміне қосымшаның 1-тармағының "д" тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы "Болат құбырлардың жекелеген түрлерінің импортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы" № 90 шешіміне сәйкес импортына автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген тауарлар, егер олар осы тармақтың екінші абзацында санамаланған шарттарға қосымша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының көрсетілген шешіміне № 2 қосымшаға сәйкес бір кодтық белгіленімге жататын болса, бір тауар ретінде декларацияланады.";

      б) жүз сексен алтыншы абзац (кестені ескере отырып) "бағандар." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы "Болат құбырлардың жекелеген түрлерінің импортын автоматты лицензиялау (қадағалау) туралы" № 90 шешіміне сәйкес импортына автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты бағанның осы кіші бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының көрсетілген шешіміне № 2 қосымшаға сәйкес кодтық белгіленім бос орынсыз көрсетіледі.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады