Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулердің ережелері мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 105 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 21 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулердің ережелері мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 4-графадағы 146 және 147-позициялардағы "01.01.2020 дейін" деген сөздер "тиісті мемлекетаралық стандарт стандарттар тізбесіне енгізілгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 1471 -позициямен толықтырылсын:

"1471


ӨОӘ. МН 6028-2018 "Желатиннің құрамындағы күкірт қышқылының массалық концентрациясын анықтау (SO2 есептегенде). Өлшеулерді орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік 2018. 30.07. № 1118/)

тиісті мемлекетаралық стандарт стандарттар тізбесіне енгізілгенге дейін қолданылады".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады