Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 169 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
169 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 2-тармақшаның тоғызыншы абзацындағы (кестеден кейін) "Қазақстан Республикасында" деген сөздер "Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 12-тармақшада:

      а) үшінші абзац (кестеден кейін) "(Армения Республикасы мен Ресей Федерациясынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Армения Республикасында және Ресей Федерациясында:

      егер кеден органына ТД берілетін одаққа мүше мемлекетке қарағанда Одаққа мүше өзге мемлекеттің салық органында есепке қойылған тұлға декларант ретінде әрекет етсе, онда осы тұлға салық есебіне қойылған әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес салық нөмірінің алдында елдің (елдің өңірінің немесе бір бөлігінің) коды бос орынсыз қосымша көрсетіледі;

      егер кеден органына ТД берілетін Одаққа мүше мемлекеттің салық органында есепке қойылмаған шетелдік ұйым декларант ретінде әрекет етсе, осы Тәртіптің 144-тармағының 2-тармақшасында көзделген мәліметтерге қосымша, ұйым тіркелген әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің (елдің өңірінің немесе бөлігінің) коды және тіркеу еліндегі шетелдік ұйымға берілген тіркеу нөмірі не тіркеу еліндегі шетелдік ұйымға берілген салық төлеушінің коды немесе оның аналогы бос орынсыз көрсетіледі.

      3. 46-тармақшада:

      а) он жетінші абзацта (кестеден кейін):

      "Егер" деген сөз "Беларусь Республикасында егер" деген сөздермен ауыстырылсын";

      "кеден органына ТД берілетін Одаққа мүше мемлекетке қарағанда" деген сөздер алып тасталсын;

      б) он жетінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясында 7-элементте мыналар көрсетіледі:

      егер төлем сомаларын төлеген немесе ақша қаражаты (ақша) есебінен өндіріп алынған тұлға ретінде заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген, Одаққа мүше өзге мемлекеттің салық органында есепке қойылған жеке тұлға әрекет еткен жағдайда, осы тұлға салық есебіне қойылған әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес салықтық нөмірінің алдында бос орынсыз елдің (елдің өңірінің немесе бір бөлігінің) коды;

      егер төлем сомаларын төлеген немесе ақша қаражаты (ақша) есебінен өндіріп алынған тұлға ретінде Ресей Федерациясының салық органында есепке қойылмаған шетелдік ұйым әрекет етсе – ұйым тіркелген әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес бос орынсыз елдің (елдің өңірі немесе бір бөлігі) коды және тіркеу еліндегі шетелдік ұйымға берілген тіркеу нөмірі не тіркеу еліндегі шетелдік ұйымға берілген салық төлеушінің коды немесе оның баламасы;

      егер төлем сомаларын төлеген немесе ақша қаражаты (ақша) есебінен өндіріп алынған тұлға ретінде жеке кәсіпкер болып табылмайтын және Ресей Федерациясының салық органында есепке қойылмаған жеке тұлға әрекет етсе – жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпарат (осы Тәртіптің 143-тармағына сәйкес) көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады