Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 152 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына және 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 23 қарашадағы
№ 152 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімі:

      а) 1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- кедендік құнды кедендік бақылаудың нәтижелерінің сыныптауышы (5-қосымша);";

      б) кедендік құн жөніндегі шешімдер сыныптауышы (5-қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешіміне
№ 5 ҚОСЫМША
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 23 қарашадағы
№ 152 шешімінің
редакциясында)

Кедендік құнды кедендік бақылаудың нәтижелерінің СЫНЫПТАУЫШЫ

Коды

Атауы

0

Тауар декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер, өзгертілген жоқ (толықтырылған жоқ)

1

Тауар декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер, өзгертілді (толықтырылды)

2

Тауар шығарылғанға дейін басталған кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізіледі, тауар декларациялары берілгенге дейін шығарылуы жүзеге асырылған тауарларға қатысты - кеден органы декларантқа электрондық құжатты жібергенге дейін басталған не қағаз жеткізгіште және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 17-тармағына сәйкес коммерциялық, көліктік (тасымалдық) құжаттарда берілген тауар декларациясына тиісті белгілер қою".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауар декларацияларын толтыру тәртібінің 43-тармағының 2-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Графаның екінші кіші бөлігінде кедендік құнның кедендік бақылау нәтижелерінің сыныптауышына сәйкес коды көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады