Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысаны және оны толтырудың тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 37 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 432-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысаны;

      Уәкілетті экономикалық операторлар тізбесіне енгізу туралы куәлікті толтырудың тәртібі бекітілсін.

      2. Мыналар:

      а) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік электрондық құжат немесе қағаз жүзіндегі құжат түрінде беріледі;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 129 шешімімен бекітілген нысан бойынша берілген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік осы Шешіммен бекітілген нысанда берілген куәліктермен қатар жарамды болып табылады деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысаны және оны толтырудың тәртібі туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 129 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 37 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің НЫСАНЫ

      Еуразиялық экономикалық одақтың Эмблемасы (1)
      ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ            (2)
      EURASIAN ECONOMIC UNION (3)
      Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы
      КУӘЛІК (УЭО)
      Authorized Economic Operator (AEO) Certificate
      Куәліктің нөмірі
      Certificate number ___________________________________________ (4)
      УЭО атауы _________________________________________ (5)
      AEO name _________________________________________________ (6)
      Салықтық нөмері
      Taxpayer identification number _________________________________ (7)
      Бастап күшіне енеді
      Сome into force since _________________________________________ (8)
      __________________________             _______________________ (9)
(лауазымы) (аты-жөні мен тегі)
     
                                    ___________(10)
      _________________________       (қолы/ Signature)      _____________________ (11)
            (Position)                                           (Name, surname)

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 37 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті толтырудың ТӘРТІБІ

      1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің (бұдан әрі – куәлік, тізілім) барлық жолдары толтырылуы тиіс (анықтаманың түпнұсқасында жолдардың нөмірлері жоқ).

      2. Куәліктің 1-жолында Еуразиялық экономикалық одақтың эмблемасы көрсетіледі.

      3. Куәліктің 2-жолында 2-қатарда жазылған жазу бар:

      "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

      EURASIAN ECONOMIC UNION".

      4. Куәліктің 3-жолында 3-қатарда жазылған жазу бар:

      "Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы КУӘЛІК (УЭО)

      Authorized Economic Operator (AEO) Certificate".

      5. Куәліктің 4-жолында куәліктің нөмірі көрсетіледі, ол былайша қалыптастырылады:



      мұнда:

      1-элемент Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) коды, оның уәкілетті кеден органы (бұдан әрі – уәкілетті кеден органы) заңды тұлғаны Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлім елдерінің сыныптауышына сәйкес тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған;

      2-элемент - мүше мемлекеттердің уәкілетті кеден органы беретін куәліктің "0001" басталатын реттік нөмірі;

      3-элемент – берілетін куәліктің үлгісі ("1" - бірінші үлгідегі куәлік, "2" -екінші үлгідегі куәлік, "3" -үшінші үлгідегі куәлік).

      Егер заңды тұлға бірінші және екінші үлгідегі куәліктер беріліп, тізілімге енгізілген болса, бірден екі куәліктің үлгісін көрсете отырып, бір куәлікті толтыруға жол берілмейді, куәліктің әрбір түріне жеке нысан толтырылады.

      6. Куәліктің 5-жолында тізілімге енгізілетін заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны мен атауы көрсетіледі (осы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес).

      7. Куәліктің 6-жолында тізілімге енгізілген заңды тұлғаның ағылшын тіліндегі ұйымдық-құқықтық нысаны мен атауы көрсетіледі.

      8. Куәліктің 7-жолында:

      Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);

      Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН);

      Қазақстан Республикасы үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      Қырғыз Республикасы үшін – салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН);

      Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) көрсетіледі.

      9. Куәліктің 8-жолында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 432-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын кк.aa.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы оның күшіне енгізілетін күні көрсетіледі және үтір арқылы кк.aa.жжжж форматында (күн, ай, күнтізбелік жыл) және уәкілетті кеден органының заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы шешімінің нөмірі не егер мұндай шешім мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса, "-" сызықша көрсетіледі.

      10. Куәліктің 9-жолында уәкілетті кеден органы басшысының (басшы орынбасарының) лауазымы, аты-жөні және тегі орыс тілінде көрсетіледі.

      11. Куәліктің 10-жолында уәкілетті кеден органы басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылады.

      12. Куәліктің 11-жолында уәкілетті кеден органы басшысының (басшы орынбасарының) лауазымы, аты-жөні және тегі ағылшын тілінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады