"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 16 маусымдағы N 2336

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      екi ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды тәртiбi туралы Ереженi әзiрлесiн;
      1996 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлықпен сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволары мен мемлекеттiк комитеттерiнiң осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерiн қайта қарау мен күшiн жоюды қамтамасыз етсiн.
      2. Жергiлiктi әкiмдер 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады