Мүгедектер істері жөніндегі кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 803. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.18. N 819 қаулысымен.

      Мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды және қоғамға кіріктіруді институционалдық қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мүгедектер істері жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Мүгедектер істері жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің            
2001 жылғы 11 маусымдағы       
N 803 қаулысына          
қосымша              

             Мүгедектер істері жөніндегі кеңестің
                         құрамы 

        Тасмағамбетов               - Қазақстан Республикасы
     Иманғали Нұрғалиұлы           Премьер-Министрінің
                                   орынбасары, төраға    

     Байменов                    - Қазақстан Республикасының
     Әлихан Мұхамедияұлы           Еңбек және халықты әлеуметтік
                                   қорғау министрі,
                                   төрағаның орынбасары    

     Вологина                    - Қазақстан Республикасы
     Эвелина Викторовна            Еңбек және халықты әлеуметтік
                                   қорғау министрлігінің
                                   Әлеуметтік саясат департаменті
                                   әлеуметтік бағдарламалар
                                   бөлімінің бастығы, хатшы    

                     Кеңестің мүшелері: 

        Ахтанова                    - Мүгедек балалар ата-аналары
     Әсия Тахауиқызы               ассоциациясының (МБАА)
                                   төрайымы (келісім бойынша)    

     Белоног                     - Қазақстан Республикасының
     Анатолий Александрович        Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
                                   агенттігі төрағасының орынбасары

     Ефремов                     - Қазақ соқырлар қоғамының
     Дмитрий Андреевич             Орталық басқармасы
                                   төрағасының орынбасары
                                   (келісім бойынша)    

     Жұмабекова                  - Қазақстан Республикасының
     Рысты Мағауияқызы             Білім және ғылым министрлігі
                                   Орта жалпы және бастауыш
                                   кәсіби білім департаментінің
                                   директоры    

     Ивкин                       - Қарағанды облыстық
     Александр Михайлович          мүгедектер қоғамының
                                   төрағасы (келісім бойынша)

     Исай                        - Қазақ саңыраулар
     Тезекбай Ділдәбекұлы          қоғамы Орталық басқармасының
                                   төрағасы (келісім бойынша)    

     Қанағатов                   - Қазақстан Республикасының
     Ілсияр Баймұхамедұлы          Туризм және спорт жөніндегі
                                   агенттігі төрағасының
                                   орынбасары    

     Құзытбаева                  - Қазақстан Республикасының
     Ажар Қилымбекқызы             Әділет вице-министрі    

     Тәнекеев                    - Республикалық мүгедектер
     Сейдәлім Нысанбайұлы          қоғамы орталық кеңесінің
                                   төрағасы (келісім бойынша)    

     Шаихова                     - Қазақстан Республикасы
     Әсия Нағымзянқызы             Қаржы министрлігінің Бюджет
                                   департаменті директорының
                                   орынбасары    

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің               
2001 жылғы 11 маусымдағы       
N 803 қаулысымен           
бекітілген               

          Мүгедектер істері жөніндегі кеңес туралы
                        ереже

                   Жалпы ережелер

      1. Мүгедектер істері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңесті құрудың мақсаты мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.

                  Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      2. Мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
      3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді оңалту, олардың әлеуметтік қорғалуы, оларға білім беру және кәсіби даярлау, жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
      4. Мүгедектер проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау.

                 Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңеске төраға басшылық жасайды. Кеңестің мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
      6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарын, ұсынымдарын дайындауды Кеңестің хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
      7. Кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер, оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      8. Кеңес мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша, оның мәжіліске қатысушы мүшелері қол қоятын хаттама жүргізіледі. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
     9. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады