"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1628

 

      Ескерту. Жоба Парламент Мәжілісінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің
               2002.04.12. N 419 қаулысымен. P020419_
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                             жоба  



 
                      Қазақстан Республикасының Заңы
 
                Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
                     дактилоскопиялық тіркеу туралы
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды, мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеудiң (бұдан әрi - дактилоскопиялық тiркеу) мақсаттарын, мiндеттерiн, құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, сондай-ақ осы жұмысты жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк органды, ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк органдарды, олардың құқықтарын және мiндеттерiн дактилоскопиялық ақпаратты материалдық тасығыштарда сақтау мен пайдалану жағдайларын айқындайды.
 
                     1-тарау. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) дактилоскопиялық тiркеу - адамның жеке басын ұқсастыру үшiн дактилоскопиялық ақпаратты алу, есепке алу, сақтау, топтастыру және беру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның қызметi;
      2) дактилоскопиялық ақпарат - адам қолы саусақтарының папиллярлық өрнектерi құрылымының ерекшелiктерi туралы және жеке адамның деректерi туралы ақпарат;
      3) материалдық тасығыштар - дактилоскопиялық ақпараты бар мәлiметтердiң көрiнiстерi рәмiздер, бейнелер, белгiлер, техникалық шешiмдер мен процестер түрiнде танылатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер;
      4) ақпараттық қорым - материалдық тасығыштарда жинақталған дактилоскопиялық ақпараттардың жүйелi түрдегi жиынтығы.
 
      2-бап. Дактилоскопиялық тiркеудiң құқықтық негiзi
 
      Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ халықаралық шарттар жеке тұлғаларды дактилоскопиялық тiркеудiң құқықтық негiзi болып табылады.
 
      3-бап. Дактилоскопиялық тiркеудiң мақсаттары
 
      Дактилоскопиялық тiркеу адамның жеке басын ұқсастыру - тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн және туған жерiн адам қолы саусақтарының папиллярлық өрнектерi бойынша анықтау мақсатында жүзеге асырылады және пайдаланылады.
 
      4-бап. Дактилоскопиялық тiркеудiң мiндеттерi
 
      Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық тiркеу:
      1) хабар-ошарсыз жоғалған жеке тұлғаларды iздестiру;
      2) адамның жеке басын танылмаған мәйiттер бойынша анықтау;
      3) денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзi туралы деректер беруге қабiлетi жоқ жеке тұлғалардың жеке басын анықтау;
      4) қылмыстардың алдын алу, ашу мен тергеу, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау;
      5) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және

 

азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау мәселелерiн шешу үшiн

пайдаланылады.

     5-бап. Дактилоскопиялық тiркеудiң қағидаттары

     1. Адамдарды дактилоскопиялық тiркеу заңдылық, гуманизм, адамның

ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, адамдардың құқықтары мен

бостандықтарын қорғау, құпиялылық, мiндеттiлiк пен өз еркi үйлесiмдiгi

қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

     2. Материалдық тасығыштарға дактилоскопиялық ақпарат алу адамның

өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмеуi тиiс.

        2-тарау. Мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуді ұйымдастыру


     6-бап. Мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеудi жүзеге асырушы

            органдар

     Мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеудi дактилоскопиялық тiркеудiң

субъектiлерi:

     1) мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеу саласындағы қызметтi

үйлестiрушi уәкiлеттi орган;

     2) ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де

мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

     7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган


 
       Уәкiлеттi мемлекеттiк орган дактилоскопиялық ақпаратты әзiрлеудi, жинауды, өңдеудi, жинақтауды және сақтауды жүзеге асырады, дактилоскопиялық тiркеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады, Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тiркеудi жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады.
      Дактилоскопиялық тiркеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дактилоскопиялық тiркеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады;
      2) дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзуге, оның мәлiметтерiнiң шынайылығына, объективтiгiне және уақытылы болуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      3) шетелдермен және халықаралық ұйымдармен дактилоскопиялық тiркеу саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық тiркеудi дамытуға бағытталған келiсiмдер мен шарттар жасасады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның дактилоскопиялық тiркеу мен бастапқы есептi ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдерi ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк органдарға орындау үшiн мiндеттi.
 
      8-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтары
 
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыреттерi шегiнде:
      1) ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк органдардан шынайы дактилоскопиялық құжаттаманы белгiленген көлемде қайтарусыз алуға.
      2) дактилоскопиялық тiркеудiң бастапқы есеп және есеп берудiң берiлген нысандарын көрсетудiң шынайылығына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      3) ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен белгiленген ақпараттық қорларды қалыптастыру және пайдалану саласындағы қызметiн, сондай-ақ жұмысын үйлестiруге;
      4) ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi бiрыңғай қағидаттар мен деректердi есепке алудың, жинақтаудың және өңдеу жүргiзудiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк кесiмдер шығаруға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
 
      9-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның мiндеттерi
 
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыреттерi шегiнде:
      1) дактилоскопиялық тiркеудi халықаралық стандарттарға сәйкес әдiстемелердiң негізiнде жүргiзудi жүзеге асыруға;
      2) мемлекеттiк органдарды олардың сұрау салулары бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген шегi мен көлемде дактилоскопиялық тiркеу мәселелерi бойынша жиынтық статистикалық және талдау ақпараттарымен, анықтамалық мәлiметтермен қамтамасыз етуге;
      3) ақпараттық-статистикалық және ақпараттық-iздестiру қызметтi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдауға;
      4) дактилоскопиялық тiркеу объектiлерi жөнiндегi ақпараттық-iздестiрудiң деректер базасын жинақтауды жүргiзуге;
      5) қызметтiк құпияны және есепке алу объектiлерi жөнiндегi бастапқы дактилоскопиялық ақпараттың құпиялылығын сақтауды, ақпараттық жүйелердi рұқсат етiлмеген пайдаланудан, бүлдiруден немесе дактилоскопиялық тiркеу көлемi жөнiндегi деректердi жоюдан қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
 
      10-бап. Ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге
              де мемлекеттiк органдардың құқықтары мен міндеттерi
 
      1. Ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзуші өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыреттерi шегiнде:
      1) уәкiлеттi органға ақпараттық-статистикалық және

 

ақпараттық-iздестiру қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

     2) дактилоскопиялық тiркеу объектiлерiне ведомстволық статистикалық

қадағалаулар жүргiзуге құқылы.

     2. Ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де

мемлекеттiк органдар:

     1) уәкiлеттi органға нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген

көлемде және мерзiмде бастапқы ақпарат пен статистикалық есептi қайтарусыз

беруге;

     2) өз құзыреттерi шегiнде бастапқы дактилоскопиялық және

статистикалық есепке алуға бақылау жасауға;

     3) бастапқы есепке алу мен статистикалық есеп берудiң осы

нысандарының шынайылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

               3-тарау. Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу


     11-бап. Дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзу


 
       1. Жеке тұлғаларды дактилоскопиялық тiркеудi осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      2. Мiндеттi дактилоскопиялық тiркеуге:
      1) Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған және одан асқан азаматтары (жеке басын куәландыратын құжаттарды ресiмдеу кезiнде);
      2) Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң, iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi, азаматтық авиация экипаждарының мүшелерi;
      3) халықаралық құқық нормаларымен көпшiлiкке танылған қағидаттарда және халықаралық шарттар шегiнде көзделген Қазақстан Республикасының аумағында ұдайы тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс шығарып жiберуге (депортациялауға) душар болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
      5) сотталғандар, қылмыстың жасалуына сезiктi деп ұсталғандар, қылмыс жасауға қатысты айыпталушылар, әкiмшiлiк қамауға ұшырағандар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасауға қатысты сезiктi адамдар, егер оларды басқа жолмен анықтау мүмкiн болмаса;
      6) ұсталып, уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында қамауда отырған жасөспiрiмдер мен кәмелетке толмаған бақылаусыз қалған балалар;
      7) танылмаған мәйiттер және зорлап өлтiру белгiсi бар мәйiттер жатады.
      3. Жеке тұлғалар уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiлетiн жазбаша өтiнiштерi бойынша жүргiзiлетiн дактилоскопиялық тiркеуден өз еркiмен өтуге құқылы.
      Сот шешiмiмен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын дактилоскопиялық тiркеу олардың заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жазбаша өтiнiштер негiзiнде жүргiзiледі.
      4. Құрамында дактилоскопиялық ақпарат болатын материалдық тасығыштың

 

данасында мынадай деректер болуы керек:

     1) адамның қол саусақтарының папиллярлық өрнектерi;

     2) тегi, аты, әкесiнiң аты, жынысы, туған датасы мен жерi, тұрғылықты

жерi немесе болатын жерi бойынша (танылмаған мәйiттер және зорлап өлтiру

белгiсi бар мәйiттер, олардың табылу орны мен уақыты туралы

ақпаратты-қоспағанда) тiркеу туралы мәлiметтер;

     3) дактилоскопиялық ақпаратты алған уәкiлеттi орган бөлiмшесiнiң

атауы;

     4) дактилоскопиялық ақпаратты алу датасы.

                  4-тарау. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау,

                            пайдалану және жою

     12-бап. Дактилоскопиялық ақпарат алудың тәртiбi

     Ведомстволық дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзушi өзге де мемлекеттiк

органдардан дактилоскопиялық ақпарат алудың тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк

орган белгiлейдi.

     13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтауға және пайдалануға

             қойылатын негiзгi талаптар


 
       1. Дактилоскопиялық ақпараттарды құрайтын мәлiметтер қызметтiк құпияға жатады. Мәлiметтердi қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Дактилоскопиялық ақпаратты материалдық тасығыштарда сақтау және пайдалану жағдайлары оны бұрмалау, жоғалту, оларға еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгiн болдырмауы, сондай-ақ ақпараттың толықтығы мен сапалы болуын қамтамасыз етуi тиiс.
 
      14-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық
              тасығыштарды сақтау
 
      Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық тасығыштарды сақтауды, сондай-ақ оны бiр жүйеге келтiрудi және берудi осы Заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, осы Заңда көрсетiлген мемлекеттiк органның уәкiлi жүзеге асырады.
 
      15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану
 
      1. Осы Заңның 4-бабында көрсетiлген мiндеттердi орындау мақсатында қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазалардың орындалуын, әкiмшiлiк өндiрiстi жүзеге асырушы органдар, соттар, сондай-ақ қашқын мәртебесiн анықтайтын органдар, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң бөлiмшелерi дактилоскопиялық ақпаратты пайдалануға құқылы.
      2. Ақпараттық қорымдарда жинақталған дактилоскопиялық ақпаратты алу құқығы шетел мемлекеттерiне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес берiлуi мүмкiн.
 
      16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімі
 
      1. Мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзу нәтижесiнде алынған және ақпараттық қорымдарда жинақталған дактилоскопиялық ақпарат жеке тұлғаның өлу фактiсi анықталғанға дейiн сақталады.
      2. Заңдармен белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған немесе оны сот өлген деп жариялаған адамдар туралы дактилоскопиялық ақпарат сот шешiмi заңды күшiне енген сәттен бастап 25 жыл сақталады.
      3. Танылмаған мәйiттер туралы дактилоскопиялық ақпарат адамның жеке

 

басы анықталғанға дейiн, бiрақ 10 жылдан аспайтын мерзiм iшiнде сақталады.

     4. Шетелдерден алынған дактилоскопиялық ақпарат оның мазмұнына

байланысты осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес сақталады.

     17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою

     1. Мемлекеттiк дактилоскопиялық тiркеудi жүргiзу нәтижесiнде алынған,

сондай-ақ шетел мемлекеттерiнен алынған дактилоскопиялық ақпаратты оны

сақтауды жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жояды.

     2. Дактилоскопиялық ақпарат осы Заңның 16-бабында көзделген сақтау

мерзiмi өткеннен кейiн жойылады.

                    5-тарау. Қорытынды ережелер


     18-бап. Дактилоскопиялық тiркеудi материалдық-техникалық

             қамтамасыз ету және қаржыландыру


 
       1. Жеке тұлғаларды дактилоскопиялық тiркеу, дактилоскопиялық

 

ақпаратты сақтау және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру

республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңды кезең-кезеңмен iске асыру

мерзiмдерiн белгiлейдi.

     2. Жеке тұлғаларды дактилоскопиялық тiркеу жөнiндегi жұмыстарды

материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан

Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

     19-бап. Дактилоскопиялық тiркеу туралы Қазақстан

             Республикасының заңнамасын бұзғандығы үшiн

             жауапкершiлiк

     Мемлекеттiк органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының

Заңына сәйкес дактилоскопиялық ақпараттарды алу, сақтау тәртiбiн бұзғаны

және заңсыз пайдаланғаны үшiн жауап бередi.

     20-бап. Дактилоскопиялық тiркеудi жүзеге асырушы органдардың

             және лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне

             шағым беру тәртiбi

     Дактилоскопиялық тiркеудi жүзеге асырушы және дактилоскопиялық

ақпаратты пайдаланушы органдардың және лауазымды адамдардың шешiмдерi мен

iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген

тәртiпте шағым беруге болады.

     21-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi

     Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады