Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы N 1082 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 қаңтар N 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы N 1082 P011082_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 143-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ "(ТМД СЭҚ ТН коды 843 351 000-843 359 800, 870 110 100-870 190 900)" деген сөздерден кейін "және МТ-ЛБВ маркалы шынжыр табанды сүйрегіштерді (ТМД СЭҚ ТН коды 870 190 900)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады