Уран өнімінiң экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 121

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ) "Степное" кен өндiрушi кәсiпорны мен "НЬЮКЕМ, Инк." арасындағы 1992 жылғы 16 маусымдағы уран концентратын сатып алу-сату шартының ережелерiне сәйкес және мөлшерiнде "RWЕ NUКЕМ, Inс." (Америка Құрама Штаттары, Коннектикут, Стэмфорд) компаниясына табиғи уранның тотығы-шала тотығы (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) және табиғи изотоптық құрамымен уран гексафторидi (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) түрiндегi уран концентратын Қазақстан Республикасынан экспорттауға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ-қа осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген уран өнiмiнiң экспортына лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген өнiмдi кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

 

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы

жөніндегі комитетіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М. 






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады