Қазақстан Республикасы спортшыларының 2002 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Балтық елдері мен Ресей аймақтарының Халықаралық жасөспірімдер спорт ойындарына қатысуы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 527 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының спортшыларын 2002 жылғы 14-24 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Балтық елдері мен Ресей аймақтарының Халықаралық жасөспірімдер спорт ойындарына (бұдан әрі - Жасөспірімдер ойындары) даярлау және олардың қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне Қазақстанның спорт делегациясын Жасөспірімдер ойындарына даярлауға және оның қатысуына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 48243000 (қырық сегіз миллион екі жүз қырық үш мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының спортшыларын Жасөспірімдер ойындарына даярлауды және оларға қатысуын;
      2) Қазақстан Республикасының делегациясын спорт киімдерімен және атрибуттарымен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады