"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1020

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңына микрокредиттiк ұйымдар қызметінiң мәселелерi бойынша толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                               Жоба



 
                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
 

 

   "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"

       Қазақстан Республикасының Заңына микрокредиттiк ұйымдар

        қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру енгiзу туралы

     1-бап. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"

1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының 


Z952444_


  Заңына

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16,

106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2,

184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N

13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18,

224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22,

408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат) мынадай толықтыру

енгiзiлсiн:

     30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

     "2-1. Микрокредиттiк ұйымдар ретiнде тiркелген заңды тұлғалардың

заңдарда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беруі банк операцияларына

жатпайды.".

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады