"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 қазан N 1093

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

     1. "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                Жоба

                        Автомобиль көлiгi туралы

                     Қазақстан Республикасының Заңы

     Осы Заң автомобиль көлiгi саласындағы автомобиль тасымалдаушылары,

жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды

тұлғалар арасында туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi.

                         1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

     Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


 
       1) автовокзал - соңғы және аралық аялдама пункттерiнде жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты қала маңындағы, қалааралық (облысiшiлiк, облысаралық) және халықаралық автомобиль тасымалдау бағыттарының жолаушылары мен жүргiзушiлерiне қызмет көрсетуге арналған және: сыйымдылығы жетпiс бестен астам адамдық күту залы мен билет кассалары бар ғимарат, жүргізушiлердi дәрiгерлiк куәландыру пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызу және түсiру перроны, автобустар тұрағына арналған алаң, автобустарды қарау постары, диспетчерлiк пункттерi кiретiн құрылыстар кешенi;
      2) автостанция - елдi мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн және: жетпiс бес адамға дейiн сиятын күту залы және билет кассалары бар ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызу және түсiру перроны, автобустардың тұрағына арналған алаң, диспетчерлiк пункттер кiретiн құрылыстар кешенi;
      3) автобус - жүргiзушi орнын қоса алғанда, сегізден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен теңдеме жүк тасымалдауға арналған автокөлiк құралы;
      4) автомобиль көлiгі - негiзгі қызмет саласында автокөлiк құралдарын және автомобиль көлігінің инфрақұрылымын пайдалану арқылы жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктердi және почтаны тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
      5) автомобиль тасымалдары - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын, жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктердi немесе почтаны тасымалдау;
      6) автомобиль тасымалдаушысы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығында немесе тасымалдау құжаттарында көрсетiлген өзге де заңды негiзде өзiне тиесiлi автокөлiк құралымен автомобиль тасымалы бойынша қызметтердi ақыға немесе жалға ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
      7) автомобиль-такси - Жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережесiне сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен теңдеме жүктің автомобиль тасымалына арналған жеңiл автомобиль;
      8) автомобиль көлiгi құралы (бұдан әрi - автокөлiк құралы) - автобустарды, жеңiл және жүк автомобильдерін, автомобильдiк тiркегiштердi, ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелердi қоса алғандағы автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгi, сондай-ақ (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) мамандандырылған автомобильдер және (әртүрлi, әсiресе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған) арнайы автомобильдер;
      9) теңдеме жүк - буылып-түйiлген және автобустың, шағын автобустың теңдеме жүк бөлiмшесiнде немесе автомобиль тасымалдаушысымен қосымша келiсiм негiзінде автобус, шағын автобусқа iлескен теңдеме жүк автомобилiнде, сондай-ақ автомобиль-таксиде тасымалданатын мүлiк;
      10) жүктер - белгіленген тәртiппен автомобиль тасымалдарына қабылданған мүлiк;
      11) жеңiл автомобиль - жолаушылар мен теңдеме жүктiң автомобиль тасымалдарына арналған және жүргiзушiнiң орнын қоса алғанда отыратын, сегiзден аспайтын орны бар автокөлiк құралы;
      12) бағыттық такси - қалалық және қала маңындағы қатынастарда алдын ала келiсiлген белгiлi бiр бағыттар бойынша жолаушылардың тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын шағын автобус;
      13) шағын автобус - жасаушы зауытпен көзделген отыратын (жүргiзушiнiң орнын қоспағанда) он алтыдан аспайтын орны бар ерекше шағын класты автобус;
      14) жолаушы - жасалған автомобиль тасымалы шартының негiзiнде немесе өзге де заңды негiзде тасымалдаушының қызметтерiн пайдаланатын жеке тұлға;
      15) жол жүру парағы - автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға арналған, тасымалдаушы автокөлiк құралының жүргiзушiсiне беретiн құжат;
      16) қол жүгi - салмақтық және көлемдiк параметрлерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен теңдеме жүктiң тасымалдары ережесiнде белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, ол автобустың, шағын автобустың және автомобиль-таксидің салонында тасымалдайтын жолаушының жеке бұйымдары;
      17) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын ұйымдастыруға және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсерлер (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу) кешенi;
      18) уәкілеттi орган - көлiк саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасының көлiк кешенi қызметін үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
 
      2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
 
      1. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Осы Заңның күшi:
      1) мемлекеттiк органдар орындайтын автомобиль тасымалдарына;
      2) кiрiс алу мақсатынсыз жеке және заңды тұлғалар орындайтын автомобиль тасымалдарына;
      3) заңды тұлғалар автокөлiк құралдарын автомобиль жолдарына шығармай, өндiрiстiк мұқтаждар үшiн орындайтын автомобильдiк тасымалға қолданылмайды.
 
      3-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңы
 
      Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдай өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
 
      4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың
             негiзгi қағидаттары
 
      Автомобиль көлігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер мынадай қағидаттар негiзінде жүзеге асырылады:
      1) азаматтардың өмiрi, денсаулығы, қоршаған табиғи орта үшiн қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
      2) автомобиль көлiгі саласындағы жұмыстар мен қызметтердi жүзеге асыру кезiндегi барлық меншiк нысандарының жеке және заңды тұлғаларының теңдiгі;
      3) тұтынушының автомобиль көлiгi саласындағы қызметтердi таңдау еркiндiгiн, сондай-ақ меншiктi автокөлiк құралдары мен тасымалдаушының қызметтерiн пайдалану арасындағы таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету;
      4) автомобиль көлiгi саласындағы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге баға еркiндiгiн Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қамтамасыз ету.
 
      5-бап. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және төтенше
             жағдайларды жоюға тарту
 
      Автомобиль көлiгінің жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге, төтенше жағдай режимiне байланысты қатынастар арнайы заңмен реттеледi.
      Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тасымалдаушыларды тартуы мүмкiн.
      Тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту, сондай-ақ осы жұмыстарды орындауға байланысты шығыстарды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
 
      6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-
             эпидемиологиялық және өрт қауіпсiздiгi
 
      Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi нормативтерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген санитарлық және экологиялық нормалармен және ережелермен, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен регламенттеледi.
 

 

     7-бап. Автомобиль көлiгiнің инфрақұрылымы

     Автомобиль көлігiнiң инфрақұрылымы тасымалдар процесiнiң

үздіксiздiгiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды

қамтамасыз ететiн құрылыстарының (автовокзалдар, автостанциялар, жүк

терминалдары, техникалық қызмет көрсету және автокөлiк құралдарын жөндеу

станциялары (шеберханалар), автокөлiк құралдарын сақтауға арналған

құрылыстар) кешенiн бiлдiредi.

     8-бап. Автомобиль тасымалдарының түрлерi

     1. Автомобиль тасымалдары:

     1) жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдауға;

     2) жүктердi тасымалдауға;

     3) почта тасымалына бөлiнедi.


 
       2. Қатынас түрлерi бойынша автомобиль тасымалдары қалалық, қала маңындағы, қалааралық (облысiшiлiк және облысаралық) және халықаралық болып бөлiнедi:
      1) қалалық автомобиль тасымалдары - қаланың немесе өзге де елдi мекеннiң белгiленген шекаралары шегінде тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары;
      2) қала маңындағы автомобиль тасымалдары - қалалыққа жатқызылмайтын автомобиль тасымалдары және қаланың немесе өзге де елдi мекеннiң белгiленген шекараларынан өлшенетiн, ұзақтығы елу шақырымға дейiнгi бағыттарда тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары;
      3) қалааралық автомобиль тасымалдары - бiр (қалааралық облысiшiлiк тасымалдау) немесе бiрнеше (қалааралық облысаралық тасымалдау) облыстардың шегiнде қалалар немесе өзге елдi мекендер арасында, ұзақтығы елу километрден астам бағыттарда тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары;
      4) халықаралық автомобиль тасымалдары - түрлi мемлекеттердiң аумағында орналасқан пункттер арасында немесе ең болмағанда бiр мемлекеттiк шекараны кесiп өту арқылы тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары.
      3. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен теңдеме жүктiң автомобиль тасымалдары тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi:
      1) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты автомобиль тасымалдары - белгiленген бастапқы және соңғы пункттерiмен, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiмен, алдын ала келiсiлген белгiлi жүру бағыттары, қозғалыс кестесi (аралық) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары.
      Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалдарына сонымен қатар бағыттық таксилермен жүзеге асырылатын тасымалдаулар жатады;
      2) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты емес автомобиль тасымалдары

 

- жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты автомобиль тасымалдарына

жатқызылмайтын, тасымалдаушылары аралық пункттерде (жолаушылар мен теңдеме

жүктi автомобиль-таксимен тасымалдаудан басқа) жолаушыларды отырғызбай

тасымалдаушылар жүзеге асыратын автомобиль тасымалдары жатады.

     9-бап. Жалпы пайдаланымдағы көлiкпен тасымалдау

     Автомобиль көлiгінде жалпы пайдаланымдағы көлік тасымалдарына

тасымалдаудың мынадай түрлерi жатады:

     1) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты автомобиль тасымалдары;

     2) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты емес автомобиль тасымалдары;

     3) жолаушылар мен теңдеме жүктің автомобиль-таксимен тасымалдары;

     4) жүктердің автомобиль тасымалдары.

                2-тарау. АВТОМОБИЛЬ КӨЛIГI САЛАСЫНДАҒЫ

                            МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

     10-бап. Автомобиль көлiгі саласындағы мемлекеттiк реттеудiң міндеттерi

     Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi

міндеттерi:

     1) автомобиль тасымалдары және автомобиль көлiгi саласындағы өзге де

жұмыстар мен қызметтерге экономиканың және тұрғындардың қажеттiлiктерiн

қанағаттандыру үшiн жағдайлар жасау;

     2) автомобиль көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

     3) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн,

сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн

қорғау;

     4) автомобиль көлiгiнiң тиiмдiлiгiн экономика саласы ретiнде арттыру.

     11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу

             негiзгi бағыттары

     Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз

ету, лицензиялау, сертификаттау Қазақстан Республикасының автомобиль

көлiгi туралы заңының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жолымен жүзеге

асырылады.

     12-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк

             органдардың құзыретi


 
       1. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      2. Автомобиль көлiгi саласында Қазақстан Республикасының Үкiметi құзыретiне:
      1) автомобиль көлiгi аясындағы мемлекеттiк саясатты анықтау;
      2) автомобиль көлiгі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүру тәртiбiн анықтау;
      4) автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау ережелерiн, оның iшiнде лицензиаттарға бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат етiлген қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдаудың, қауіптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына бiлiктiлiк талаптарының ережелерiн бекiту;
      7) автомобиль көлігі саласында мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң) тiзбесiн бекiту;
      8) Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңдары мен актiлерiне сәйкес өзге де мәселелер жатады.
      3. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру;
      3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      4) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты облысаралық және халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру, көрсетiлген тасымалдардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiсу;
      5) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты облысаралық және халықаралық автомобиль тасымалының бағыттарының тiзiлiмiн енгiзу;
      6) автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау;
      7) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      8) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      9) жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдаудың ережелерiн бекiту;
      10) жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдаудың ережелерiн бекiту;
      11) автокөлiк құралдарын техникалық пайдаланудың ережелерiн бекiту;
      12) автокөлiк құралдарының техникалық жай-күйiне және қызмет көрсетуiне, оларды сақтау, есептен шығару тәртiбiне және шарттарына, сондай-ақ техникалық әсерлер есебiне талаптарды бекiту;
      13) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес автомобиль көлiгiндегi еңбектi қорғау ережелерiн бекiту;
      14) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргiзушiлердiң еңбек режимi мен демалысын ұйымдастыру, еңбек режимi мен демалысты тiркеудi бақылау қондырғыларымен автокөлiк құралдарын жарақтандыру бойынша талаптардың ережелерiн бекiту;
      15) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес автомобиль тасымалдарының, қауiпсiздiгiн, ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бөлiгінде автомобиль көлiгi инфрақұрылымының объектілерiне талаптарды бекiту;
      16) жалпы пайдаланымдағы көлiкпен жүктердiң, жолаушылардың және теңдеме жүктің тасымалдары тарифтерiнің әдiстемесiн Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекiту;
      17) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
      4. Автомобиль көлiгi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiне:
      1) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалын ұйымдастыру (тапсырыс берушi), жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарының бағыттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу, көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiсу;
      2) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалааралық облысiшiлік автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру, көрсетiлген тасымалдардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiсу;
      3) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық облысiшілiк автомобиль тасымалдары бағыттарының тiзiлiмiн енгiзу;
      4) автомобиль-таксимен жолаушылар мен теңдеме жүктiң тасымалдарын ұйымдастыру (тапсырысшы ретiнде);
      5) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
 
      13-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау
 
      1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңының сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңында белгiленген құзырет шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарының өту пункттерiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
 
      14-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды
              жүзеге асыру кезінде уәкiлеттi органның лауазымды
              тұлғаларының өкiлеттiктерi
 
      Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырған кезде уәкілеттi органның оны жүзеге асыруға уәкілеттік берген лауазымды тұлғаларының:
      1) Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртiппен және жағдайларда осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген өткiзу пункттерiнде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
      2) тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңының бұзылуына жол бергенi анықталған жағдайда табылған бұзылуларды жойғанға дейiн автокөлiк құралдарының қозғалысын одан әрi тоқтата тұруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртiппен және жағдайларда, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңын сақтау мәселелерi бойынша автомобиль тасымалдары жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
      4) автомобиль көлiгi туралы заңды бұзулар туралы актiлер жасауға, заңсыздықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар беруге;
      5) әкімшiлік құқық бұзушылықтар туралы iстер жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға, әкiмшiлiк жаза қолдану хаттамаларын жасауға;
      6) Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
 
      15-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
 
      Автомобиль көлігі саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
 
      16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы сертификаттау
 
      Автомобиль көлiгi саласында автокөлiк құралдарын, автокөлiкке арналған жабдықтарды, процестердi, өнiмдердi (тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi) сертификаттау Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      17-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы міндеттi сақтандыру
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға, олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндеттi сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      2. Міндеттi сақтандыруға тасымалдауының жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жүрген кезде өмiрiне, денсаулығына және мүлкіне келтiрiлген залал үшiн жолаушылардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де жатады.
      3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін міндеттi сақтандыру және жолаушылар алдындағы тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгін мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ, сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
 
      18-бап. Тарифтер
 
      1. Жалпы пайдаланымдағы көлiкпен жүктердiң, жолаушылардың және теңдеме жүктің тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар:
      1) осындай жұмыстарға және қызметтерге тарифтер жариялауға, сондай-ақ жарияланған тарифтердi құжаттық тiркеуге (шарттарда, жол жүру құжатында (билетiнде), теңдеме жүк түбiртегiнде, тауар-көлiк құжаттамаларында);
      2) жарияланған тарифтердi сақтауға және клиенттердi тарифтердiң өзгеруi туралы уақытында хабардар етуге;
      2. Жалпы пайдаланымдағы көлiкпен жүктердiң, жолаушылардың және теңдеме жүктiң тасымалдарының тарифтерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жалпы пайдаланымдағы көлiкпен жүктердің, жолаушылардың және теңдеме жүктің тасымалдары тарифтерiнің есеп әдiстемесiнiң негiзінде айқындалады.
      Тасымалдау шығындарын жаппайтын тарифтердi бекiту кезiнде конкурсты

 

ұйымдастырушы (қызметтерге тапсырыс беруші) белгiленген тариф пен

тасымалдаушының нақты шығындарының арасындағы айырманы тиiстi бюджеттің

қаражаты есебiнен өтейдi.

     3. Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда,

автомобиль көлiгі саласындағы жұмыстар мен қызметтерге бағаларды

(тарифтердi) мемлекеттiк реттеу кiргiзіледi.

                3-тарау. ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ТЕҢДЕМЕ ЖҮКТIҢ

                         АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ

     19-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

     1. Жолаушы:


 
       1) кез келген автобуста, шағын автобуста және автомобиль-таксиде автомобиль көлiгi туралы заңда көзделген тәртіппен сапар шегудi жүзеге асыруға;
      2) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың, шағын автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус, шағын автобус берсе, үстеме ақы төлемей сатып алынған жүру құжаты (билетi) бойынша жүруге;
      3) егер ол тасымалдаушыны автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей хабардар етсе және жолаушының жүру құжатын (билетiн) сатып алған фактiсiн тасымалдаушы растаса, жоғалған жүру құжатын (билетін) қалпына келтiруге;
      4) автомобиль тасымалдарына тапсыру кезінде теңдеме жүктiң құндылығын жариялауға құқығы бар.
      Жолаушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де құқықтары бар.
      2. Жолаушы:
      1) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық (облысішiлік, облысаралық) және халықаралық автомобиль тасымалдары бағыттарында жүру кезінде жүру құжаты (билетi) болуға және оны жүру аяқталғанға дейiн сақтауға;
      2) жолаушылар мен теңдеме жүктi автокөлiк құралдарымен тасымалдау ережесінде белгiленген қоғамдық тәртiптi, талаптарды сақтауға міндеттi;
      3) құндылығы жарияланған теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының қызметтерiн төлеуге міндеттi.
      Жолаушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттерi бар.
 
      20-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль
              тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру
 
      1. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты автомобиль тасымалы, егер:
      1) автомобиль жолдарының өткiзу қабілеттiгi белгiлi бағыттар бойынша автобустардың, микроавтобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
      2) автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келсе ұйымдастырылуы мүмкін.
      2. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалааралық және халықаралық автомобиль тасымалдары автовокзалдардан немесе автостанциялардан ғана осы Заңға және Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережесiне сәйкес тасымалдаушылар мен автовокзалдардың немесе автостанциялардың әкiмшiлiгiнiң арасында жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалын жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдары бағыттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурста жеңiл шыққан және оларға қызмет көрсету құқығына тасымалдаушылар мен тиiстi жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың арасында жасалатын шарттардың негiзiнде куәлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      Тасымалдаудың көрсетiлген түрлерiн куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
      4. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарының бағыттары тасымалдаушылар арасына конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке бағыт та, бiр лотпен бiрнеше бағыттар да қойылады.
      5. Бiр тасымалдаушы ғана қатысқан себеп бойынша конкурс негiзсiз деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсету құқығын, автомобиль көлiгi туралы заңға сәйкес белгiленген талаптарға лайық жалғыз ықтимал қызметтер жабдықтаушысына беруге хақылы. Бағытқа қызмет көрсету құқығына куәлiктi беру, беруден бас тарту шарттары мен негiздерiн, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібi мен шарттарын, сондай-ақ оның нысаны Автомобиль көлігімен жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау ережелерiмен айқындалады.
      6. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты автомобиль тасымалдарымен жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдында жүргiзушiлерге медициналық куәландыруды, рейс алдындағы техникалық тексерудi және автобустарды, шағын автобустарды олар бұзылған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндетті.
      7. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қала маңындағы, қалааралық

 

автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автомобиль тасымалдаушылары

бағыттың барлық тоқтау пункттерiнде - автовокзалдар, автостанциялардың

кассалары арқылы немесе автобустардың, шағын автобустардың жүргізушiлерi

(кондукторлары) арқылы жол жүру құжаттарын (билеттердi) және теңдеме жүк

түбiртектерiн сатуды қамтамасыз етуге мiндетті.

     21-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және

             қала маңындағы автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру

             келiсiмінің шарттары

     1. Тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарын

ұйымдастыру келiсiмiнде:

     1) тариф;

     2) жүру құжаттарын (билеттер) сату тәртiбi, орны және олардың

жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыру;


 
       3) егер тапсырыс берушi белгiлеген қызметтер тарифi автомобиль тасымалдарының өзiндiк құнынан төмен болса, сондай-ақ жолаушылар мен теңдеме жүктi жеңiлдік жағдайларда немесе тегiн тасымалдағаны үшiн тасымалдаушыға өтемақы төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
      4) бағытта пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың саны мен қозғалыс кестесi;
      5) келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi көзделуi тиiс.
      2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заң актілерiнде жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру келiсiмiнiң міндеттi шарттары белгiленедi.
      3. Тапсырыс берушi жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шарты бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, белгiленген пункттерде жолаушыларды отырғызу мен түсiрудi ресімдеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз етуге;
      2) автобустардың, шағын автобустардың белгiленген қозғалыс кестесiн сақтауды бақылауды жүзеге асыруға міндеттi.
      Тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңына және келiсiмiне сәйкес өзге де мiндеттердi мойнына алады.
      4. Тасымалдаушы жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру келiсiмi бойынша:
      1) тасымал үшiн келiсiмде көзделген автобустардың, шағын автобустардың санын пайдалануға;
      2) қозғалыс кестесiн сақтауға мiндеттi.
      Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңына және келiсiмiне сәйкес өзге де міндеттердi мойнына алады.
 
      22-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты емес
              автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру
 
      Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты емес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарында жолаушыларды отырғызу үшiн белгіленген пункттерде жолаушыларды отырғызуды жүргізуге құқығы жоқ.
 
      23-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксимен
              тасымалдауды ұйымдастыру
 
      1. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксилермен тасымалдауды тасымалдаушы мен жергiліктi бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы тұлғасындағы тасымалды ұйымдастырушы (қызметтерге тапсырыс берушi) арасында жасалған Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
      2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы:
      1) жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау үшiн таксометрлермен жабдықталған және Жолаушылар мен теңдеме жүкті автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережесiне сәйкес айрықша белгiлерi бар автомобиль-таксилердi пайдалануға;
      2) автомобиль-такси режимiнде жұмыс iстеу үшiн шартта белгiленген автомобильдер санын пайдалануға міндеттi.
      Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңына және шартқа сәйкес өзге де міндеттер атқарады.
      3. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы:
      1) автомобиль-таксилердiң тұрағы және жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн автомобиль-таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
      2) жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып жол желiсiнің кез келген учаскелерінде жолаушыларды отырғызуға және түсіруге құқық бар.
      Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
      4. Жолаушылар мен теңдеме жүктің тасымалдарын автомобиль-таксилермен жүзеге асыратын тасымалдаушылар автомобиль-таксилердiң рейс алдындағы тексерілуiн және олардың ақаулы жағдайда уақытылы ауыстырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Автомобиль-таксилердің тиiмдi жұмыс iстеуi және барлық жолаушы жиналатын пункттерде (әуежай вокзалдар, iрi сауда және мәдени орталықтар және т.б.) оларды жолаушылардың пайдалануына қолайлы жағдай жасау үшiн жергілiктi атқарушы органдар автомобиль көлiгi туралы заңға сәйкес автомобиль-таксилердiң тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етедi.
 
      24-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн теңдеме жүкке иелiк ету
 
      1. Жолаушы немесе теңдеме жүкті алуға уәкiлеттiк берiлген тұлға автомобиль тасымалдаушыға қатысты емес себептер бойынша теңдеме жүгiн алмаған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы теңдеме жүктi сот иесiз деп танығанға дейiн жөнелту немесе жеткiзу пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақтауға міндеттi.
      2. Тасымалдаушы теңдеме жүктi иесiз деп тану үшiн сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.
      3. Сот теңдеме жүктi иесiз деп таныған кезде, теңдеме жүктiң жаңа иесi тасымалдаушыға оның сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi, оны сақтауға, тиеп-түсiру операцияларына және тасымалдауға арналған шығыстарды өтейдi.
 
      25-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен
              тасымалдау ережелерi
 
      Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi:
      1) жол жүру құжаттарының (билеттердің), теңдеме жүк түбiртектерінің нысанын, сату тәртiбi мен олардың қолдану мерзiмiн;
      2) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн, жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалы бағыттарының ашылуын және жабылуын, тасымалдардың көрсетiлген түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың санитарлық жағдайына, сыртқы безендiрілуiне және жабдықталынуына қойылатын талаптарды;
      3) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобиль тасымалының бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу тәртiбін;
      4) автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;
      5) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты емес автомобиль тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;
      6) жолаушылар мен теңдеме жүктi тапсырыс берiлген автобустармен,

 

шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдауды ұйымдастыру

және жүзеге асыру тәртiбiн;

     7) жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль-таксимен тасымалдауды

ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;

     8) теңдеме жүктi қабылдау, сақтау және беру тәртiбiн;

     9) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару

тәртiбi мен шарттарын;

     10) тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдау бағыттарындағы

жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерін, сондай-ақ жолаушыларды

автомобиль-таксимен тасымалдау кезінде отырғызу және түсiру пункттерiн

ресiмдеу мен күтуге қойылатын талаптарды;

     11) жолаушылар мен теңдеме жүктің тұрақты автомобиль тасымалының

бағыттарында жүргiзушiлердiң сапар алдындағы дәрiгерлiк куәландыруын

ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

                 4-тарау. ЖҮКТЕР МЕН ПОЧТАНЫҢ АВТОМОБИЛЬ

                               ТАСЫМАЛДАРЫ

     26-бап. Жүктің автомобиль тасымалдарының шарты


 
       1. Жүктiң автомобиль тасымалдарының шарты бойынша тасымалдаушы, оған

 

жүк жөнелтушi берген қарауындағы жүктi, оның тасымалдау шарттарын сақтап,

жеткiзу пунктiне жеткiзуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (жүк

алушыға) беруге мiндеттенедi, ал жүк алушы шартқа немесе тарифке сәйкес

жүктің автомобиль тасымалдары үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.

     2. Жүктiң автомобиль тасымалдары шартының қорытындысы тауар-көлiк

жүкқұжатының жасалуымен, коносаментпен немесе Қазақстан Республикасының

автомобиль көлiгi туралы заң актiлерiнде көзделген өзге де құжаттармен

расталады.

     27-бап. Жүктердің автомобиль тасымалдары шартын өзгерту

             және бұзу

     Жүктердiң автомобиль тасымалдарының шартын өзгерту немесе бұзу

кезiнде тараптар шарттың өзгеруi мен бұзылуына дейiнгi атқарылуға

байланысты тартылған шығындарды талап етуге құқылы, егер шартта өзгеше

көзделмесе.

     28-бап. Жүктер автомобиль тасымалдарының шарты бойынша

             тасымалдаушының құқықтары мен міндеттерi

     1. Тасымалдаушының жүктердің автомобиль тасымалдарының шарты бойынша:


 
       1) өзiнiң қасиеттерi, салмақ және көлем параметрлерi бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген жүк туралы мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктің автомобиль тасымалдарынан бас тартуға;
      2) егер одан арғы жүктiң автомобиль тасымалдары жүктің тасымалдау қауiпсiздiгiне және сақталуына қатер төндiрсе, жүктiң түсiрілуiн жүргiзуге;
      3) осы баптың 2-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгін және сақталуын қамтамасыз етуге байланысты көтерген шығындарын өтеуге, егер шартта өзгеше көзделмесе;
      4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен жаңа жеткiзу пунктiне жүктi жеткiзуге мүмкiндiк жоқ болған жағдайда, автомобиль тасымалдарынан бас тартуға және жүктi жүк жөнелтушiге, оны алдын ала хабардар етiп қайтаруға құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыларға байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi.
      Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
      2. Тасымалдаушы жүктердің автомобиль тасымалдарының шарты бойынша:
      1) жүктердің тасымалдау қауiпсiздiгiне және сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) тез хабардар етуге, бұл ретте алған жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) нұсқауларын сақтауға, сондай-ақ жүктердің тасымалдау қауiпсiздiгiн және сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ол жүргiзген әрекеттерi туралы хабардар етуге;
      2) жүктi қабылдау кезінде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың таңбалануы және нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлдiгін, сондай-ақ жүктің және орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге;
      3) жүк алушы автомобиль тасымалдаушысына қатысы жоқ себептер бойынша жүктi алмаған жағдайда, жүктi келу пунктiнде, келген күнiнен бастап отыз күн бойы, кедендiк бақылаумен келе жатқан жүктi - он бес күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
      Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңына және шартқа сәйкес өзге де мiндеттердi атқарады.
 
      29-бап. Тасымалдау құжаттары
 
      1. Жөнелтушi жүк жөнелтушi жүктi автомобиль тасымалына ұсынған кезде автомобиль тасымалдаушысына тауар-көлiк жүкқұжатын, ал заңда көзделген қажеттi жағдайларда жүктің автомобиль тасымалдары үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, лицензия, малдәрiгерлiк куәлiк, кеден декларациясы) көрсетуге мiндеттi.
      2. Жүктiң автомобиль тасымалдары үшiн қажеттi құжаттарды уақытында бермеу салдарынан келтiрiлген шығындар, сондай-ақ тауар-көлiк жүкқұжатында ол көрсеткен мәліметтердің дұрыс, дәл немесе толық болмағаны үшiн жүк тасымалдаушының алдында жауапты болады.
 
      30-бап. Автокөлiк қорларын беру, жүктердi тиеу және түсiру
 
      1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге тиеуге, қабылданған өтiнiмде (тапсырыста) немесе жүктiң автомобиль тасымалдары шартында белгiленген мерзімде Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережесiне және шартына сәйкес жүктердi тасымалдауға жарамды автокөлiк құралдарын беруге міндеттi.
      2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекіту, жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру Жүктердi автомобиль құралымен тасымалдау ережесіне көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      3. Жүк жөнелтушi автомобиль тасымалына жүктi тасымал қауіпсiздiгi, жүктiң және автокөлiк құралдарының сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға міндеттi.
 
      31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
 
      1. Жүк жөнелтушiнiң кiнәсi бойынша жүктiң автомобиль тасымалдарына кедергiлер туындаған кезде автомобиль тасымалдаушысы осындай кедергiлердiң туындаған сәтiнен бастап, бiр тәулiктiң iшiнде бұдан әрi тасымалдың мүмкiн еместiгi туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етуге мiндеттi.
      2. Жүк жөнелтушi жүктiң автомобиль тасымалына кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      3. Егер жүк жөнелтушi тасымалдаушы осы баптың 1-тармағына сәйкес хабардар еткен сәттен бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке қатысты бiр тәулiк iшiнде) жүктiң автомобиль тасымалдарына кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қабылданбаған жағдайда, жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен, үш тәулік iшiнде жүктің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде келтiрiлген шығындарды ескере отырып қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi белгiленген тәртiппен iске асыруға құқылы.
 
      32-бап. Жүктердi беру
 
      1. Жүктiң тасымалдаушы жауап беретiн сапасы мен санының бүлiнуi және (немесе) бұзылуы салдарынан жүк тікелей мақсаты бойынша толық немесе жартылай пайдаланылуы мүмкiн болмайтындай жағдайда ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.
      2. Жүктердiң қалааралық автомобиль тасымалдары кезінде тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүк алушыға жүктi беру мүмкiн болмаған кезде, жүк жөнелтушi Жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдау ережесiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға жүктi жаңа жеткiзу пунктiне жеткiзу туралы нұсқау беруге мiндеттi.
 
      33-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобилiмен
              тасымалдау
 
      1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келiсiм бойынша құндылығы жарияланған жүктердi таси алады.
      2. Iлесiп жүрусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық дүние-мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне және дыбыс аппаратураларын, электронды-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, құралдарды, жеке (тұрмыстық) мұқтаждыққа арналған жүктердi автомобильмен тасымалдау кезінде құндылығының жариялануы міндеттi.
      3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi автомобиль тасымалдары шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
 
      34-бап. Қауiптi жүктердi автомобилiмен тасымалдау
 
      1. Қауiптi жүктер деп тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде, олардың өзіндiк ерекшелiгiне байланысты жарылыстың, өрттiң шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, мертiгуiне және ауруға шалдығуына себеп болатын, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiретiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс пен өзге де қызметтiң қалдықтары танылады.
      2. Қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау бойынша кәсіпкерлiк қызмет уәкілеттi орган беретiн лицензия мен арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. Көрсетiлген қызметтi лицензиялау ережелерiн және қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсаттар беру ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Жүк жөнелтушi автомобиль тасымалдарына қауiптi жүктердi ұсыну кезiнде құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен келер нақты қатердi және алдын ала нендей сақтану шараларын қабылдауды көрсетуге міндеттi.
      Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулар автомобиль тасымалдаушысына қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешіктiрiлмей берiлуi тиiс.
      4. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.
 
      35-бап. Iрi көлемді және ауыр салмақты жүктерді автомобильмен
              тасымалдау
 
      1. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүк деп автокөлiк құралының көлемiн және салмағын есепке ала отырып Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн автокөлiк құралдарына рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық параметрлерден артық болатын жүктер танылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильдермен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңында белгiленген бiлiкке түсетiн рұқсат етiлген жүктемеден аспайтын мамандандырылған автокөлiк құралдарының бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, рұқсат етiлмейдi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған автокөлiк құралдарымен бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
 
      36-бап. Почтаны автомобильмен тасымалдау
 
      1. Тасымалдаушылар почтаны автомобильмен тасымалдауды почта байланысы ұйымдарымен жасалған почтаны автомобильмен тасымалдау шартының негізiнде жүзеге асырады.
      2. Почтаны тасымалдау үшiн арнайы бөлiнген автокөлiк құралы почтаны автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тиiс. Мұндай автокөлiк құралында почтаны автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде тұлғаларды тасымалдауға тыйым салынады.
      3. Почтаны тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ iлесiп жүрудi және жүру жолында, егер почтаның автомобиль тасымалдары шартынан өзгеше туындамаса, оның сақтауын почта байланысының ұйымдары қамтамасыз етедi. Почтаның автомобиль тасымалдары кезінде сақталуы мен бүтiндiгi үшiн жауапкершiлiктi

 

егер келiсiмнің шарттарынан өзгеше туындамаса, почта байланысы ұйымы

мойнына алады.

     37-бап. Тiкелей аралас қатынастағы жүк тасымалы

     Бiрыңғай көлiк құжаты (тiкелей аралас қатынас) бойынша көлiктiң әр

түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың, сондай-ақ

басқа да тұлғалардың қарым-қатынасы тiкелей аралас тасымалдар туралы заң

актiлерiмен анықталады.

     38-бап. Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесi

     Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесi:

     1) жүктерді жеткiзу мерзiмiн;

     2) жүктердiң автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру және жүзеге асыру

тәртiбiн;

     3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбiн;

     4) жүктердi тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;

     5) автомобиль тасымалдарына жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктердi

жеткiзу пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;

     6) тез бүлінетiн жүктердi iске асыру тәртiбiн;

     7) жүктердi жарияланған құндылық арқылы тасымалдау тәртiбiн;

     8) жүктердi таңбалау тәртiбiн;

     9) жүктердi пломбалау тәртiбiн;

     10) актiлер жасау тәртiбiн;

     11) жүктердi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;

     12) жүктердi ұстап қалу тәртiбiн;

     13) жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртiбiн айқындайды.

               5-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ

     39-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк

             реттеу


 
       1. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан келу, кету және транзитпен жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Оларға қатысты халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкілеттi орган беретiн рұқсаттардың негiзінде жүзеге асырылады.
      Шетел мемлекетiнiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруге арналған рұқсаттарды және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекетiнің аумағы бойынша жүруге арналған рұқсаттар берудi халықаралық шарттарға сәйкес уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн сұраныстар санынан артық болса, онда рұқсаттар бiрiншi кезекте:
      1) қайырымдылық жүктерiнiң автомобиль тасымалдары үшiн;
      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердiң экспорттық автомобиль тасымалы үшiн;
      3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдары үшiн;
      4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдау үшiн берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары және шетел мемлекетiнiң тасымалдаушылары халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауға бақылау жасауды уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
      Шетел мемлекетiнiң тасымалдаушылары, олар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкілеттi органның лауазымды тұлғалары қарауы мүмкін.
 
      40-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру
              және жүзеге асыру
 
      1. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалы уәкілеттi орган мен шетел мемлекетiнiң тиiстi құзыреттi органы арасындағы автобустардың, шағын автобустардың келiсiлген бағыттары (бастапқы, соңғы және тоқтау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушылар мен теңдеме

 

жүктің тұрақты емес халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде

автобус жүргiзушiлерiнде уәкілеттi органның лауазымды тұлғалары

куәландырған жолаушылардың тiзiмi болуы тиiс.

     3. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттердiң арасындағы

Халықаралық автомобиль тасымалдары тек қана Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк шекарасынан өту пункттерi арқылы жүзеге асырылады.

     41-бап. Жолаушылардың, теңдеме жүктiң, жүктердің шетел

             мемлекетiнің аумағында тiркелген автокөлiк

             құралдарымен автомобиль тасымалдары

     Шетел мемлекетiнің тасымалдаушыларына тиесiлi, соның ішiнде Қазақстан

Республикасының аумағына уақытша әкелген шетел мемлекетiнің аумағында

тiркелген шетел мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында

жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi тасымалдауға тыйым салынады.

     42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру

             кезінде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және

             автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

     1. Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар

өз мемлекетінiң тiркеу және айырмашылық белгiлерi бар автокөлiк құралдарын

пайдалануға міндетті.

     Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге тарамайды.

     2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк

құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi

туралы заңда белгiленген еңбек және демалыс режимін сақтауға міндеттi.

             6-тарау. АВТОМОБИЛЬ КӨЛIГIНДЕГI ЖАУАПКЕРШIЛIК

     43-бап. Жүктердiң автомобиль тасымалдары шарты бойынша

             көлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жүк

             жөнелтушілер мен жүк алушылардың жауапкершiлiгi


 
       1. Келiсiлген мерзiмiнен кешiктiрiлген тиеуге немесе түсiруге жататын автокөлiк құралдарының бос тұрғаны үшiн жүк жөнелтуші немесе жүк алушы, егер кідiру олардың кiнәсiнен болса, тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiмен көзделген айыппұлды, ал көрсетiлген келiсiм болмаған жағдайда әрбiр бос тұрған сағаты үшiн:
      1) жүк көтергіштiгi төрт тоннаға дейiн қоса алғанда, автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштен он екi процент;
      2) жүк көтергiштiгi төрт тоннадан сегiз тоннаға дейiн қоса алғанда, автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштен он үш процент;
      3) жүк көтергiштiгi жетi тоннадан он тоннаға дейiн қоса алғанда, автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштен он төрт процент;
      4) жүк көтергiштiгi он тоннадан артық автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептік көрсеткiштен он бес процент мөлшерде төлейдi.
      2. Мамандандырылған автокөлiк құралдарының бос тұруы кезiнде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген айыппұлдың мөлшерi екi есеге ұлғаяды.
      Көрсетiлген айыппұлды жүк жөнелтушi немесе жүк қабылдаушы, сондай-ақ өздерiнің кiнәсi бойынша автокөлiк құралдарының автомобиль тасымалдаушысының көлiк жайында немесе жол үстінде тұрып қалғаны үшiн төлейдi.
      3. Автокөлiк құралдарының тұрып қалғанына айыппұл есептелу үшiн тауар-көлiк жүкқұжатындағы және жол жүру парағындағы келу мен кету туралы белгiлер, ал көлiкжайда тұрып қалғаны үшiн жүк жөнелтушiнің немесе жүк қабылдаушының жүктi жөнелтуден немесе қабылдаудан бас тартуы негiз болып табылады.
      4. Автомобиль тасымалдарына тыйым салынған жүктi немесе автомобиль тасымалдары кезінде ерекше сақтық шараларын талап ететiн, атауы немесе өзiндiк ерекшелiгi толық көрсетiлмеген жүктi ұсынғаны үшiн жүк жөнелтушi, тасымалдаушыға келтiрiлген шығындардан басқа, тасу ақысының бес есе мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      5. Жүк жөнелтушiлер мен жүк қабылдаушылар тасымалдаушыға өздерiнiң кiнәсi бойынша тиеу және түсiру дұрыс тиемеу, буып-түю, немесе жүктi дұрыс бекiтпеу кезiнде автокөлiк құралдарының артық тиеу, зақымдалу салдарынан тартқан шығындарын, егер бұл операцияларды тасымалдаушы жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда, орнын толтыруға міндеттi.
      Тауар-көлiк жүкқұжатында кедендiк, санитарлық және басқа да ережелерді орындау үшiн қажет тиiстi құжаттар қоса берiлмегеннің салдарынан туындаған автокөлiк құралдары мен контейнерлердің кiдiргенi үшiн жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға осы баптың 1 және 2-тармақтарында және осы Заңның 46-бабында белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
 
      44-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктi жөнелтудiң кідiруі
              немесе жеткiзу пунктіне кешігуі үшiн тасымалдаушының
              жауапкершілiгi
 
      1. Жолаушыны тасымалдайтын автокөлiк құралының тасымалдаушының кiнәсi бойынша кiдіргенi немесе мұндай автокөлiк құралының жеткiзу пунктiне (қалалық және қала маңындағы қатынастар тасымалын қоспағанда) кешiккенi үшiн шығындарды өтеуден тыс, егер олар орын алса, кешiккен әр сағат үшiн соңғысы жолаушыға жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан үш пайыз мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл ретте айыппұлдың сомасы, жолаушы сатып алған жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан аспауы тиiс.
      2. Жөнелтудің кідiргенi үшiн жолаушы автомобиль тасымалдарынан бас тартқан жағдайда тасымалдаушы, жолаушыға алып жүру ақысын толық мөлшерде қайтаруға, сондай-ақ мұндай кiрiске байланысты оның көтерген шығындарын өтеуге мiндеттi.
      3. Теңдеме жүктi жеткiзудi мерзiмiнен кешiктiргенi үшiн автомобиль тасымалдаушысы теңдеме жүктi алушыға толық емес тәулiктi толық тәулiкке есептей отырып, әрбiр кешiккен тәулікке теңдеме жүктi автомобиль тасымалдары үшiн төлемнің он пайызы мөлшерінде, бiрақ тасымалдау төлемінің елу пайызынан асырмай айыппұл төлейдi.
      Теңдеме жүктiң кеш жеткiзілуi, теңдеме жүктің келуi тиiстi күнтiзбелiк күннің жиырма төрт сағатынан бастап есептеледi. Теңдеме жүктің кеш жеткiзiлгенi үшiн айыппұл төлемiн тасымалдаушы, жолаушының талабы бойынша жасалған актiнің негізінде теңдеме жүктi беру кезiнде төлейдi.
      4. Тасымалдаушы теңдеме жүктi жөнелтушіде немесе алушыда оның кешiгiп келуiне байланысты туындайтын шығындардың, егер соңғысы орын алса, орнын толтыруға міндеттi.
      5. Қалааралық (облысiшiлiк, облысаралық) және халықаралық бағыттарда автобустың, шағын автобустың жөнелтілуi он сағатқа және одан артық уақытқа кешiктiрiлген кезде автомобильдiк тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен қонақ үйден орын алып беруге және тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      6. Жолаушының сұрауы бойынша оған ресми құжат берiледi немесе автомобиль тасымалы мерзiмiнің өтуi немесе рейстi тоқтату туралы жүру құжатында (билетте) белгi соғылады.
      7. Қарсы тұруға болмайтын күш әрекетi жағдайын қоспағанда, рейстi тоқтатқан кезде тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жолаушыны жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген бару пунктiне дейiн жақын рейспен жөнелтудi қамтамасыз етуге немесе жолаушыға жүру құжатының (билеттiң) құнын екi ece етiп қайтарып беруге мiндеттi.
 
      45-бап. Жүктердің автомобиль тасымалдары шарты бойынша
              автокөлiк құралдарының берiлмеуі және пайдаланылмауы
              үшін жауапкершілік
 
      1. Тасымалдаушы автокөлiк құралдарын жүктердiң автомобиль тасымалдары шарты бойынша, автомобиль тасымалдары шартында көзделген санда бермеген, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автокөлiк құралын бермеген әрбiр жағдай үшін, егер тараптардың келiсiмінде өзгеше көзделмесе, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      2. Тасымалдаушы пайдаланылуы уақытша тариф бойынша төленетiн, автомобиль тасымалдары шартында көзделген санда автокөлiк құралдарын бермеген кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушіге (жүк алушыға), автомобиль тасымалдары шартында көрсетiлген пайдалану уақытына байланысты, егер тараптардың келiсiмінде өзгеше көзделмесе, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық пайызы мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      3. Жүк жөнелтушiнің (жүк алушының) автокөлік құралдарын, жүктердің автомобиль тасымалдары шартында көзделген санда толығымен немесе iшiнара пайдаланудан бас тартқан кезiнде, ол тасымалдаушыға автокөлiк құралын пайдаланудан бас тартқан әр жағдай үшін, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде немесе жұмысы уақытша тариф бойынша төленетін автокөлiк құралдарын пайдаланудан бас тартқан кезде, автомобиль тасымалдары шартында көрсетiлген пайдалану уақытына байланысты, егер тараптардың келiсiмінде өзгеше көзделмесе, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
 
      46-бап. Контейнерлердің берiлмеуі және пайдаланылмағаны үшiн
              жауапкершiлiк
 
      Тасымалдаушы контейнерлердi жүк жөнелтушiге бермегенi үшін, ал жүк жөнелтушi контейнерлердi пайдаланбағаны үшін тараптардың келiсiмінде көзделген мөлшерде әрбiр кідiрген сағат үшiн айыппұл төленедi, ал көрсетiлген келiсiмдер болмаған жағдайда:
      1) брутто салмағы бес тоннадан жоғары контейнер үшiн айлық есептiк

 

көрсеткiштен он бес пайыз;

     2) брутто салмағы бес тоннадан он тоннаға дейiн контейнер үшiн айлық

есептiк көрсеткiштен отыз пайыз;

     3) брутто салмағы он тоннадан жоғары контейнер үшiн айлық есептiк

көрсеткiштен алпыс пайыз мөлшерде айыппұл төленедi.

     47-бап. Жүктерді жеткiзу мерзімдерiн бұзғаны үшін

             жауапкершілік

     Жүктердi жеткiзу мерзімдерін, оның ішiнде автомобиль жолдары бойынша

жолдың бiр бөлiгінде тiкелей аралас қатынасты бұзғаны үшiн тасымалдаушы

жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) әрбiр кешiктiрiлген тәулiкке тасымалдау

төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ егер кешiктiру оның кiнәсiнен

болмағанын дәлелдесе, тасымалдау төлемiнiң елу пайызынан асырмай айыппұл

төлейдi.

     48-бап. Жауапкершіліктен босату

     1. Тасымалдаушы:


 
       1) теңдеме жүктің, жүктің автомобиль тасымалдарына қабылдау кезiнде байқалмайтын, ыдыстың немесе орамының жетiспеуi немесе теңдеме жүктің, жүктің өзiндiк ерекшелiгiне немесе жолда ыдыстың зақымданған iздерi болмаған кезде белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтін ыдыстарды пайдалану салдарынан теңдеме жүк, жүк сақталмаған;
      2) жүктi автомобиль тасымалына немесе сақтау кезiнде оны ерекше жағдайларды немесе алдын ала сақтау шараларын талап ететiн оның ерекшелiктерi тауар-көлiк құжаттарында көрсетiлмей тапсырылған;
      3) жүк жөнелтушінiң дұрыс пломбалармен теңдеме жүк, жүк жөндi автокөлiк құралымен (контейнермен), ал дана жүк - дұрыс қорғау таңбасымен, бандерольдермен, жүк жөнелтушiнiң немесе дайындаушының пломбаларымен келген;
      4) жүктің жетiспеушiлiгi табиғи кему нормаларынан аспаған кезде;
      5) теңдеме жүктiң, жүктің жетiспеушiлiгі, бүлiнуi, зақымдануы теңдеме жүктi жөнелтушi (алушы), жүктi жүк жөнелтушi (жүк алушы) немесе олардың атынан iс-қимыл жасайтын тұлғалардың тиеу, қаттау, түсiру салдарынан болып табылған кезде жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
      2. Тасымалдаушының кiнәсi дәлелденген жағдайды қоспағанда,

 

тасымалдаушы қол жүгi ретінде жолаушымен бiрге болған теңдеме жүктің

сақталуына жауап бермейдi.

     3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы нәтижесiнде тиеу-түсiру жұмыстарын

жүргiзу мүмкiн емес авария немесе тиеу (түсiру) пункттерiнің қызметi өзге

де түрде бұзылған жағдайда жауапкершiлiктен босатылады.

     49-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы

             заңдары бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк

     Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының

бұзылғанына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне

сәйкес жауап бередi.

     50-бап. Қолданысқа енгiзу

     Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады