Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 743 қаулысы

      Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексі 8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизельдiк отынды (ТМД СЭҚ TН коды - 2710 00 610 - 2710 00 690) 2003 жылғы 25 шілде - 15 қазан кезеңiнде әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдансын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасы тыйым салуды енгiзетiнi туралы хабардар етсiн.

      4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Үкiметiн алдағы күзгi дала жұмыстарында республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiн дизель отынымен қамтамасыз ету iсiнің жай-күйi туралы хабардар етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М Мыңбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады