"Ақбұлақ" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 шілдедегі N 760 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ақбұлақ" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншік беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтамасыз етсін.

      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Ақтөбе облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 346-4-жолмен толықтырылсын:
      "346-4  АКТ-000555 "Ақбұлақ" ААҚ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады