Қазақстаы Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 150аз қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 65-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өскемен қаласының Жедел басқару орталығын бағдарламалық қамтамасыз ету: 1) бағдарламалық қамтамасыз етудi пысықтау және дамыту - 1 жиынтық, 2) геоақпараттық жүйе (GIS) - 1 жиынтық, 3) геоақпараттық жүйе (GIS) - картаны құру - 1 жиынтық, 4) лицензиялар сатып алу - 10 жиынтық, 5) плоттер - 1 жиынтық, 6) инсталляция, оқыту, құжаттама. Өскемен қаласының Жедел басқару орталығын жабдықтау: мынадай жабдықтарды сатып алу: цифрлы автоматты телефон станциясы - 1 жиынтық, хабарламалар қабылдау орталығы, ІР телефония - 1 жиынтық, АТС-ты ұлғайту - 1 жиынтық, серверлер - 2 жиынтық, стример - 1 жиынтық, ЖС жұмыс станциялары - 28 жиынтық, вирусқа қарсы бағдарламалар - 44 жиынтық, шағын үздiксiз қоректендiру көздерi (UPS) - 28 бiрлiк, орташа үздiксiз қоректендiру көздерi (UPS) - 8 бiрлiк, үлкен үздiксiз қоректендiру көздерi (UPS) - 1 бiрлiк, желіаралық экран (Farewall) - 1 жиынтық, ақпаратты жазу және сақтау жүйесi - 1 жиынтық, жұмыс орындарының жабдықтары - 1 жиынтық, төтенше жағдайлар залының жабдықтары - 1 жиынтық; мультимедиялық проектор - 1 жиынтық; инсталляция оқыту, құжаттама. Өскемен қаласы Жедел бacқару орталығының телекоммуникациялық желiлерi: мынадай жабдықтарды: 39 300 метр оптикалық-талшықты кабельдi, монтаждау үшiн қосалқы жабдықтарды, 6900 метр UTP кабелiн, 4 жиынтық 1-типтiк жабдықтарға арналған орнықтырғыштарды, 4 жиынтық 2-типтiк жабдықтарға арналған орнықтырғыштарды, 8 жиынтық оптокроссты, белсендi желілiк жабдықтарды: 2 жиынтық магистральды коммутаторды, 9 жиынтық E1 ағындар мультиплексорын, 12 жиынтық жұмыс тобының коммутаторын, 8 жиынтық бекiту жиынтығы мен аксессуарларын сатып aлу; инсталляция, оқыту, құжаттама. Өскемен қаласы Жедел басқару орталығының базалық радиожүйесі: мынадай жабдықтарды: 1 жиынтық базалық жабдықтарды, 1 жиынтық диспетчерлендіру және басқару жүйесін, 1 жиынтық бағдарламалау және әкімшiлендiру жүйесін, 1 жиынтық радиожелілерге қосылу жабдықтарын, 41 жиынтық абоненттiк жабдықтарды сатып алу; инсталляция, оқыту, құжаттама. Өскемен және Қостанай қалалары Жедел басқару орталығының АVL (GPS технологиясының негiзiнде) қозғалыстағы объектілерiнiң орналасқан жерiн автоматты түрде анықтау жүйесi: мынадай жабдықтарды: 2 жиынтық базалық жабдықтарды, 50 жиынтық абоненттік жабдықтарды сатып алу; инсталляция, оқыту, құжаттама. Қостанай қаласы Жедел басқару орталығының цифрлы автоматтық телефон станциясы: цифрлы автоматтық телефон станциясы - 1 жиынтық; инсталляция, құжаттама. Техникалық үй-жайларға арналған кондиционерлер - 6 жиынтық, инсталляция, құжаттама".

      2. Осы қаулы қор қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады