"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 331 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Қазақстан Республикасының Заңы
Техникалық реттеу туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құқықтық негіздерiн белгілейдi.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) аккредиттеу - уәкiлетті орган сол арқылы заңды тұлғаның белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi нақты жұмыстарды орындау құзыреттігін ресми танитын рәсiм;
      2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргізу ережелерiне сәйкес берiлетiн, сәйкестігін растау жөнiндегі органның және (немесе) сынау, өлшеу, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) (бұдан әрi зертханалар) сәйкестіктi растау саласында нақты жұмыстарды орындауға құқығын куәландыратын құжат;
      3) аудит (сәйкестiкті растау саласындағы) - аккредиттелген сәйкестігін растау жөніндегi органдардың және/немесе сынау, өлшеу, тексеру, калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) қызметіне жүргiзiлетін жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң бастамасы бойынша жүргізiлетін сертификатталған өнiмнiң, оның өмiрлiк циклi процестерiнiң, сапа жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;
      4) өнiмнiң, оның өмiрлiк циклi процестерiнің қауiпсiздігі (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлардың өмiрi мен денсаулығына, өсiмдiктерге, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне зиян келтiрумен байланысты жол берiлмейтін қатердiң болмауы;
      5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылау - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуын тексеру жөніндегі уәкiлетті мемлекеттiк органдардың қызметi;
      6) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік топтамасы - өнiмнiң техникалық-экономикалық ақпарат объектілерiнің жiктеме топтарының кодтары мен атауларының жүйелi жинағын көрсететiн құжат;
      7) мемлекеттiк стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың көпшiлігі қол жеткiзе алатын стандарт;
      8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi мен стандарттарының мемлекеттiк қоры - мемлекеттiк органдардың құзыретi шегінде қалыптастырылатын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң, стандарттардың және өзге де нормативтiк құжаттардың арнайы қорларының жиынтығы;
      9) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесi - өзiнiң құзiретi, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар және басқа құжаттар шегiнде жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалар жиынтығы;
      10) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы өзi айналымға шығаратын өнiмнiң белгiленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
      11) сәйкестіктi epiкті түрде растау - дайындаушының, сатушының бастамасы бойынша жүргізiлетін, өнiмнiң және процестердiң стандартқа, өзге де нормативтік құжатқа немесе тұтынушының арнайы талаптарына сәйкестігiн растау жүзеге асырылатын процедура;
      12) epiкті түрде сертификаттау - өнiмнiң және процестердiң стандарттар, нормативтiк құжаттар немесе тапсырыс берушi мәлiмдеген шарттар талаптарына сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнiмдер мен процестердiң сәйкестігiн растау нысаны;
      13) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, пайдаға асыру және жою процестерi;
      14) өтiнiш берушi - сәйкестігін растау үшiн өнiмдi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ сәйкестiктi растау саласында аккредиттелуге және аудитке тапсырыс берген заңды тұлғалар;
      15) мүдделi тараптар - қызметі әзiрленетiн техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi қолдану саласымен тiкелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, заңды және жеке тұлғалар бiрлестiктерi (одақтар, қоғамдастықтар), сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
      16) сәйкестік белгісi - өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар мен басқа да құжаттар талаптарына сәйкестігін растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабарлауға арналған белгi;
      17) өнiмдi бiрегейлендiру - өнiм сипаттамасын оны анықтайтын белгілерге сол арқылы теңестіру белгiленетiн рәсiм;
      18) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi одан әрi аластату немесе өндiрiстік мақсаттарда өзi пайдалану үшін өндiретiн, сондай-ақ ақылы және (немесе) ақысыз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;
      19) бақылау - тиiсті сынаулармен және өлшеулермен қоса жүретін бақылаулар әрi тұжырымдар жасау жолымен жүзеге асырылатын сәйкестіктi растау нысаны;
      20) халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлігі қол жеткен алатын стандарт;
      21) сәйкестiкті мiндетті түрде растау - өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау сол арқылы жүзеге асырылатын рәсiмдер;
      22) мiндетті түрде сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен өнiмнiң және процестердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау нысаны;
      23) аккредиттеу саласы - сәйкестiктi растау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегi аккредиттелген органдарға және (немесе) зертханаларға бекiтiлiп берiлген объектiлердің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер, стандарттар немесе шарттар талаптарына сәйкестігiн белгілеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн объектiлер тізбесi;
      24) сәйкестіктi растау жөнiндегi орган - сәйкестіктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгіленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
      25) өнiм (қызмет көрсету) - процесс немесе қызмет нәтижесi;
      26) сәйкестiкті растау - нәтижесi объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер, стандарттар талаптарына немесе келiсiмдер шарттарына сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсiм;
      27) процесс (жұмыс) - өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң процестерiн қоса қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және жүйелi iс-қимылдар жиынтығы;
      28) тәуекел - азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүлкiне, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiне зиян келтiру ықтималдығы;
      29) техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің тiзiлiмi (қағаз, электронды) - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар және басқа құжаттарды, стандарттау жөнiндегi техникалық комиссияларды, сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларды, сәйкестiктi растау жөнiндегі аккредиттелген орындарды, зертханаларды, сарапшы-аудиторларды есепке алу құжаты;
      30) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөнiндегі өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлігі қол жеткiзе алатын стандарт;
      31) стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым - тек қана бiр өңiрдiң: географиялық, саяси немесе экономикалық стандарттау жөнiндегі тиiстi органдары үшiн қызметiне қатысуда ашық стандарттау жөнiндегі халықаралық ұйым;
      32) сертификаттау - сәйкестіктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына, стандарттардың ережелерiне немесе келiсiмдердiң шарттарына сәйкестігін растау нысаны;
      33) сәйкестік сертификаты - өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестігін куәландыратын құжат;
      34) стандарт - техникалық реттеу объектiсiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн нормативтiк құжат;
      35) ұйым стандарты - ұйым бекiткен стандарт;
      36) стандарттау - нақты қолда бар және әлеуетті мiндеттердi шешуге қатысты жалпылама және көп мәрте пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнiмдер мен оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын талаптарды оңтайлы реттеу дәрежесiне жетуге бағытталған қызмет;
      37) сәйкестікті растау сызбасы - объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер, стандарттар немесе шарттар талаптарына сәйкестігiн осы жұмысты жүргізудiң нақты кезеңдерiн (сынаулар, өндірісті бағалау, сапа жүйесiн бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және т.б.) сипаттай отырып белгiлеу тәсiлдерi;
      38) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiкте растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөнiндегi қызметті қоса алғандағы өнiмге, процестерге қойылатын мiндетті және ерiктi талаптарды белгiлеу, қолдану және орындау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;
      39) техникалық сарапшы - сәйкестігi расталатын объектiге қатысты қолданылатын арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар адам;
      40) стандарттау жөнiндегі техникалық комиссия - мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде олардың ұсыныстары негізiнде бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер және басқа да нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн салаларда ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультативтік-кеңесу органы;
      41) уәкiлетті орган - техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды заңға сәйкес басқаруға және стандарттау, сәйкестігін растау және аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге уәкiлетті мемлекеттік орган;
      42) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң белгіленген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер немесе стандарттар немесе шарттар талаптарына сәйкестігінiң дәлелдемесi ретiнде қарастырылатын iс-қимылдардың белгiленген жиынтығы;
      43) сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаған маман.

      2-бап. Осы Заңның қолдану саласы

      1. Техникалық реттеу өнiмге, оның өмiрлiк циклінің процестерiне, оның сәйкестiгiн растауға қойылатын мiндетті және ерiкті талаптарды белгiлеу, қолдану және орындау және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау саласында жүзеге асырылады.
      2. Техникалық реттеудiң объектiлерi өнiм және процестер, олардың сәйкестiгiн растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердiң талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау болып табылады.
      3. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектiлерiне қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеудiң субъектілерi болып табылады.

      3-бап. Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан
              Республикасының заңдары

      1. Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

      4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгі мақсаттары және
              принциптерi

      1. Техникалық реттеудiң негізгі мақсаттары:
      1) өнiмдердiң және процестердiң азаматтар өмiрi мен денсаулығы, оның мүлкi мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      3) ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
      4) өнiмдердiң қауiпсiздiгiне және оның функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларға терiс мағлұмат беретін iс-әрекеттердiң алдын алу;
      5) өнiмнiң бәсеке қабiлетiн қамтамасыз ету, саудадағы техникалық кедергiлердi жою болып табылады.
      2. Техникалық реттеу мынадай принциптерге:
      1) техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығына;
      2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге және процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдануға;
      3) экономикалық қызмет субъектiлерiне техникалық реттеу процестерiне қатысу, мемлекет, өндiрушілер мен тұтынушылар мүдделерінің балансы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге;
      4) отандық және импорт өнiмге және оның белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау процедураларына қойылатын талаптар бiрдейлiгiне;
      5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi және стандарттарды әзiрлеу кезiнде шет ел мемлекеттерінің, халықаралық және өңiрлік ұйымдардың ғылым мен техника жетістіктерiн, нормалары мен стандарттарды басым пайдалануға;
      6) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының мемлекеттiк экономиканың, материалдық-техникалық базаның даму деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкес болуына;
      7) өздерiмен мемлекеттік құпияны және өзге заңмен қорғалатын құпия болатын жағдайдан басқа кезде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртібi туралы ақпаратқа қол жеткiзуге;
      8) оларды қолдану мақсатымен стандарттарды ерiктi таңдауға;
      9) сәйкестіктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерiне, сәйкестікті растау органдарының тәуелсiздігіне;
      10) сәйкестiктi міндетті түрде растауды жүргізу кезiндегі өлшеулер (сынаулар) ережелерi мен әдiстерiнiң бiртұтастығына;
      11) бiр органның аккредиттеу және сәйкестіктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмауға;
      12) бiр ұйымда мемлекеттiк бақылау және сәйкестіктi растау функцияларының қоса атқарылмауына;
      13) мемлекеттік құпияны және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауға;
      14) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгiне;
      15) сәйкестікті растау және аккредиттеу құжаттарының, рәсiмдерiнiң экономикалық мақсатқа сай болуына, ашықтығына және қол жеткiзiмділігіне;
      16) өнiмнiң еркiн айналымына жағдай жасауға;
      17) стандарттарда және нормативтік құжаттарда техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкес келмейтiн нормалардың белгіленуiн болдырмауға;
      18) сәйкестікті растау жөнiндегі жұмыстарда бәсекелестiктің шектелуiн болдырмауға негізделедi.

      5-бап. Техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесінің
              ұйымдастырушылық құрылымы

      Техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң ұйымдастырушылық құрылымын:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметі;
      2) уәкiлетті орган;
      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
      4) мемлекеттік органдардың техникалық реттеу жөнiндегi сараптамалық кеңестерi;
      5) Дүниежүзiлік сауда ұйымымен (бұдан әрi ДСҰ) өзара iс-қимыл жасасу жөніндегі органның ақпараттық орталығы;
      6) стандарттау жөнiндегi техникалық комиссиялар;
      7) сәйкестікті растау жөнiндегі органдар, зертханалар;
      8) жеке және заңды тұлғалар құрайды.

      6-бап. Қазақстан Республикасының Yкiметi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi техникалық реттеу саласында:
      1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн құруға жағдай жасайды;
      3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
      4) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн дамытудың бағдарламасын бекiтедi;
      5) қорғау технологияларын пайдалану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектілер тiзбесiн бекiтедi;
      6) өнiм мен процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кез келген консультативтік-кеңес беру органдарын құрады.

      7-бап. Уәкiлеттi орган

      Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:
      1. Техникалық реттеу саласында:
      1) техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiн құруды мен қызметiн қамтамасыз етедi;
      2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын жүзеге асырады;
      3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестіредi;
      4) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың тапсырмаларының орындалуын үйлестіредi;
      5) жобалар мен қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағының мақсаттарына сәйкестігiне сараптау жүргiзудi ұйымдастырады;
      6) стандарттау жөнiндегі техникалық комиссиялармен, техникалық peттеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасады;
      7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. Қазақстан Республикасын стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда нәтижелерiн өзара тану жұмыстарға қатысады;
      8) құрамы мыналардың:
      техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң;
      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлермен үйлестiрілген стандарттарды қоса мемлекеттік стандарттардың, өзге стандарттар мен құжаттардың;
      сәйкестік сертификаттары мен сәйкестiк туралы декларациялардың;
      стандарттау жөнiндегi техникалық комиссиялардың;
      сәйкестікті растау жөнiнде аккредиттелген органдардың зертханалардың;
      сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тiзілімдерiнен тұратын техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң бiрыңғай тiзiлiмiн қалыптастыруды және жүргiзудi ұйымдастырады;
      9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын қалыптастыруды және жүргізудi ұйымдастырады;
      10) ДСҰ-мен, мүдделi мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жөнiндегi ақпараттық орталықтың жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi және қамтамасыз етеді;
      11) сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртiбiн анықтайды және ұйымдастырады;
      12) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүргізу жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіредi;
      13) сату сатысында өнiмге қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды заңдарда белгіленген тәртiппен жауапкершілiкке тартады.
      2. Стандарттау саласында:
      1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық топтамаларын әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң және жоюдың тәртiбiн белгілейдi;
      2) техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актiлермен үйлестiрiлген стандарттар әзiрлеудi ұйымдастырады;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын, стандарттау, сәйкестіктi растау және шет мемлекеттердi аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;
      4) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзу жөнiндегі ұлттық стандарттарды, ережелер мен ұсынымдарды шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
      5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Сәйкестіктi растау және аккредиттеу саласында:
      1) мүдделі мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегі техникалық комиссиялардың және сәйкестiктi растау жөнiндегі органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізудің ережелерiн белгiлейдi;
      2) сәйкестiкті растау жөнiндегi орган ретінде заңды тұлғаларды және зертханаларды аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізудi, аккредиттеу немесе аккредиттеуден бac тарту туралы шешiм қабылдайды;
      3) сәйкестік сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының нысанын белгiлейдi, осы заңға сәйкес аккредиттеу аттестатын бередi, оның қолданысын тоқтата тұрады немесе күшiн жояды;
      4) сәйкестiктi растау саласында техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнiң ережелерiн белгілейдi;
      5) сәйкестiктi растауды және аккредиттеудi жүргізу мәселелерi бойынша шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссияны құрады;
      6) егер басқа ұйымдар шығарған, сәйкестікті растау мәселелерi жөнiндегi қаражаттар сәйкестiктi растау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің талаптарына сай болмаса, оларды жою туралы шешiмдер қабылдайды.

      8-бап. Мемлекеттiк органдар

      Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
      1) қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер және олармен өзара байланысты стандарттар мен құжаттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
      2) техникалық реттеу жөнiндегi уәкілетті органға заңдарда белгіленген тәртiппен қажеттi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi немесе қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстердi әзiрлеу, нормативтік құжаттардың өзектілігі және оларды бiрегейлендiру туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
      3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестiрудi;
      4) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сараптамалық кеңестер құруды;
      5) өз құзыретіне кiретін мәселелер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және өзге де нормативтік құжаттардың қорларын жүргiзудi;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды;
      7) қолданылатын стандарттарды әрi нормативтiк құжаттардан халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру (қажет жағдайда) жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;
      8) стандарттау жөнiндегi техникалық комиссияларды сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі мiндетті расталуға тиiстi өнiмдер жөнiндегі сынау зертханаларын құру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге acырады.

      9-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу
              жөнiндегі сараптамалық кеңестері

      1. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу жөнiндегi сараптамалық кеңестерi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және олармен үйлестірiлген стандарттарды әзiрлеумен және қолданумен байланысты саладағы мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін құрылады.
      2. Мемлекеттік органдардың сараптамалық кеңестерiнiң құрамы және олар туралы ереже оларды құратын мемлекеттiк органдардың ұйымдастырушылық-басқару құжатымен бекiтiледi.
      Сараптамалық кеңестің жұмысына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының басқа да қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi тартылады.

      10-бап. ДСҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу жөнiндегi
               ақпараттық орталық

      1. ДСҰ-мен өзара iс-қимыл жасасу жөніндегi ақпараттық орталық (бұдан әрi Ақпараттық орталық) техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлетті орган белгiлеген тәртiпте Қазақстан Республикасының мүдделi жеке және заңды тұлғаларына және шет мемлекеттерге олардың сұрау салулары бойынша:
      қолданыстағы немесе әзiрленiп жатқан техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер, стандарттар немесе оларға енгізiлетiн өзгерiстер және өнімнің оларға сәйкестігін растау процедуралары;
      өнiмнiң қолданыстағы немесе әзiрленiп жатқан техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң немесе стандарттардың талаптарына сәйкестіктi растау рәсiмдерi;
      Қазақстан Республикасының халықаралық немесе өңiрлiк ұйымдарға мүшелігі, екi жақты және көп жақты сипаттағы стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi халықаралық шарттарға қатысуы;
      әзiрленіп жатқан және қабылданған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын жариялау көздерi немесе олар туралы ақпараттар жөнінде құжаттардың көшірмелерi мен ақпарат ұсыну үшін құрылады.
      2. Ақпараттық орталық қолданыстағы және әзiрленiп жатқан техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар және сәйкестікті растау рәсiмдерi туралы ақпараттарды ұсыну мәселелерi бойынша Техникалық хатшылықпен, ДСҰ-ға мүше-елдермен, халықаралық және өңiрлiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
      3. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде электронды-сандық нысанда орналастырылады. Хабарлама нысаны, толтыру және ұсыну тәртiбiн уәкiлетті орган анықтайды.

      11-бап. Стандарттау жөнiндегі техникалық комиссиялар

      1. Стандарттау жөніндегі техникалық комиссиялар салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
      Техникалық комиссиялар мүдделi мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың ұсыныстары бойынша құрылады.
      Стандарттау жөніндегі техникалық комиссияларды құру және тарату уәкiлетті органның ұйымдастырушылық-басқару құжатымен ресiмделедi.
      2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комиссиялардың құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өндiрушілер мен тұтынушылардың және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi жеке және заңды тұлғаларының өкiлдерi кiредi.
      Техникалық комиссиялардың құзыретiне:
      1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiн дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер мен мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын, халықаралық, өңiрлiк ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын және белгіленген тәртiппен оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және сараптауға қатысу;
      3) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жоспарларына және бағдарламаларына ұсыныстар дайындау жатады.
      3. Стандарттау жөнiндегі техникалық комиссияларды құрудың, олардың жұмыс iстеуiнiң, таратудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      12-бап. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар

      1. Өнiм өндiрушілерден тәуелсiз, бекiтiлiп берiлген қызмет бағыттары бойынша штатында сәйкестікті растау жөнiндегі сарапшы-аудиторлары және зертханалары бар техникалық реттеу жөнiндегі уәкiлетті орган сәйкестікті растау жөнiндегі органдар ретiнде белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға бола алады.
      Сәйкестіктi растау жөнiндегі органдар, оның ішінде шетелдiк органдар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен аккредиттелуi тиiс.
      Сәйкестiктi растау жөнiндегі аккредиттелген органдардың филиалдары мен өкілдiктерi техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен сәйкестiктi растау жөніндегi органның құрамында аккредиттеледi.
      2. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар өтiнiш берушiлермен шарт жасасу жағдайларында аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сәйкестікті міндетті растау жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге дайындаушылардың, сатушылардың, орындаушылардың тапсырыстарын қарайды, сәйкестігін растауға ұсынылған өнiмдi бiрегейлендiредi;
      2) сәйкестіктi растау жөнiндегi белгiленген ережелерге сәйкес сәйкестiкті мiндетті растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi және оң нәтижелер алынғанда сәйкестiк сертификатын бередi;
      3) дайындаушылардың тапсырыстары бойынша олардың сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажетті жұмыстарды жүргiзеді;
      4) сәйкестiк туралы декларацияны тiркейдi;
      5) сәйкестiктi растау сызбасына сәйкес өткiзу тәртiбiн уәкiлетті орган белгiлейтiн мiндеттi түрде сәйкестігін растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылауды жүзеге асырады және оның нормативтiк талаптарға сәйкес болмауы анықтаған жағдайда техникалық реттеу жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлеген тәртіпте өздерi берген сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын тоқтата тұрады немесе жояды;
      6) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиiсті мемлекеттiк органдарға мiндетті түрде сәйкестігін растаудан өтпеген өнiм туралы, сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тiркеудi тоқтата тұру немесе жою туралы хабарлайды;
      7) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестік туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
      3. Сәйкестiкті растау жөнiндегi органдардың:
      1) дайындаушының, сатушының, орындаушының тапсырысы бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектінің сәйкестігін мiндетті және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
      2) сәйкестiктi растау рәсiмдерiн жүзеге асыру үшін шарт жасасу жағдайларында құзыреттi ұйымдарды, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өнiмдер немесе қызмет түрлерi бойынша техникалық сарапшыларды тартуға;
      3) өтініш берушіден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшін қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқығы бар.
      4. Сәйкестiкті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың құқық қабілеттігі олар аккредиттеу аттестатын алған сәтте туындайды және осы заңмен белгіленген тәртіппен оны керi қайтарып алуға байланысты қолданылу мерзімінің өтуi немесе жарамсыз деп танылуы сәтiнде тоқтатылады.
      5. Сәйкестiктi растау жөнiндегі органдар мiндетті сәйкестіктi растау ережелерін бұзғаны және сертификатты заңсыз бергенi үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      6. Сәйкестіктi растау жөнiндегi орган аккредиттеу саласына сәйкес iс-әрекетті жүзеге асыру кезiнде:
      1) өз құрамында қызмет бағыттары бойынша сәйкестiктi растау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың болуын;
      2) өтiнiш берушінің сәйкестіктi растаудың ережелерi мен шарттары туралы ақпараттарға кедергісiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      3) өтініш берушіге қатысты кемсiтушілікке жол бермеуге;
      4) берiлген сәйкестiк сертификаттары туралы және сәйкестікті растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің ережелерiне сәйкес объектiлердi сертификаттаудан бас тартулар туралы мәліметтердi бepугe мiндетті.

      13-бап. Сынау, өлшеу, тексеру, калибрлеу зертханалары
               (орталықтары)

      1. Зертханалар меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалар немесе уәкiлетті орган белгiленген тәртiппен аккредиттеген олардың құрылымдық бөлiмшесi (филиалы, өкiлдiктерi) болып табылады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын зертханаларда сынауларды жүргiзу кезiнде оған сынау зертханасына сынау жүргізудi тапсырған сәйкестікті растау жөнiндегi органның өкілі қатысуға тиiс.
      2. Сәйкестікті растау мақсатында сынау жүргiзу жөнiндегi аккредиттелген зертханаларының құқық қабілеттігі, олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның алып қойылуына, қолдану мерзiмiнiң бiтуiне, техникалық реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тануына байланысты тоқтатылады.
      3. Аккредиттелген зертханалар сәйкестіктi растау жөнiндегі органдармен немесе басқа өтiнiш берушiлермен шарт жасасу жағдайларында:
      1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегінде мiндетті немесе ерiкті түрде растау мақсатында объектілерге сынаулар жүргiзедi;
      2) сынаулар нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiппен және нысан бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдеп бередi.
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
      4. Зертхана объектілердiң сәйкестiгiн растау кезiнде оларға дұрыс емес сынақ нәтижелерiн тапсырғаны үшін олар Қазақстан Республикасының заңы бойынша жауапты болады.

      14-бап. Техникалық реттеу саласында жеке және заңды
               тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жеке және заңды тұлғалар:
      техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттік стандарттарды, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер мен стандарттар жобаларын және оларға енгізiлетiн өзгерістердi әзiрлеу, өзгерiстер енгізу, жою жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды;
      қажет кезде осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөнiндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.
      2. Сәйкестіктi мiндетті түрде растауға жататын өнiмдi сататын жеке және заңды тұлғалар оның осы Заңның, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiне сәйкестігін міндетті түрде растауды қамтамасыз етедi.

      15-бап. Техникалық реттеу саласындағы ақпарат

      1. Әзiрленетiн және қабылданатын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер туралы ресми ақпарат, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат топтамасы, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегі ұсыныстар, сондай-ақ осы құжаттардың өзi пайдаланушыларға, соның iшiнде мемлекеттік құпия және өзге де заңмен қорғалатын құпия болмайтын бөлігінде қол жетiмдi болуға тиiс.
      2. Пайдаланушыларды стандарттармен және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу, каталогтар жөнiндегi нормативтік құжаттармен және стандарттар сiлтемелерiмен қамтамасыз етудi және басып шығаруды уәкiлетті органмен белгiленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Қабылданғаны туралы ақпарат және әрбiр стандарттың және өзге де нормативтiк құжаттың бiр данасы уәкiлетті органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер қорын құру үшін жiберiледi.
      4. Мүдделi тұлғаларды шығарылған мемлекеттік стандарттармен, стандарттау жөніндегі ұсыныстармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібiн уәкiлетті орган белгiлейдi.

2-бөлiм. Техникалық реттеу саласындағы
нормативтік құқықтық актілер

      16-бап. Техникалық peттeу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiнi әзiрлеудiң орындылығы мен талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгiленедi.
      2. Өнiмге, процестерге арналған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптары Қазақстан Республикасына жануарлармен немесе өсiмдiктермен, не олардың қайта өңделген өнiмдерiмен жеткiзiлетін аурулардың енiп кетуiнiң алдын алуға бағытталған, санитарлық және фитосанитариялық талаптарды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан тең жағдайда белгiленедi және қолданылады.
      Қажеттік өлшемдерi, санитарлық және фитосанитариялық шаралардың талаптары мен рәсiмдері осындай өнiмнiң, оның өмiрлiк циклінің барлық процестерiнде зиян келтiруiне нақты ғылыми негiзделген тәуекелдiң деңгейiне негізделедi.
      Процестерге  қойылатын  техникалық  реттеу  саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптары, егер олар өнiмнiң шыққан елi және (немесе) шыққан орнына қарамастан бiрдей үлгiде және тең жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын болған жағдайда ғана анықталады, белгiленедi және қолданылады.
      3. Шетелдiк мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдарының нормалары мен стандарттары техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу үшiн негiз ретiнде толықтай немесе жартылай пайдаланыла алады.
      4. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің мемлекеттiк экономика мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтiн жағдайда техникалық peттеу жөнiндегі уәкiлетті орган техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актіге өзгерiстер енгізу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi жою рәсiмiн бастауға мiндетті.
      5. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарды орындау үшiн кәсiпкерлiк iс-әрекет үшiн қажет деңгейден артық кедергілер тудырмауы керек.
      6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлерде бap мiндетті талаптар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей әрекет етедi және тиiстi техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен ғана өзгерiлуi мүмкiн.
      7. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiні өндiрiске дайындық мәселелерiн және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi енгiзу, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеу және (немесе) түзету, сондай-ақ өнiм өндiруге арналған басқа да мәселелер шешілуi тиiс өтпелі кезеңдi көздейтiн мерзiмдi және оны қолданысқа енгізу шарттарын көздеуi тиiс.
      8. Техникалық реттеу саласында:
      1) өнеркәсiптiк және өндiрiстiк қауiпсiздiк;
      2) үй-жайды, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға көршiлес аумақтарды қауiпсiз пайдалану;
      3) өрт қауіпсiздігі;
      4) биологиялық қауiпсiздiк;
      5) электромагнитті сыйымдылық;
      6) экологиялық қауiпсiздiк;
      7) ядролық және радиациялық қауiпсiздiк;
      8) химиялық қауiпсiздiк;
      9) электр қауiпсiздігі;
      10) ақпарат қауiпсiздігі;
      11) токсикологиялық қауiпсiздiк;
      12) өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiнде нормативтік құқықтық актiлер қабылданады.

      17-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлердiң мазмұны

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер зиян келтiру тәуекелiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздігін қамтамасыз ететін ең төменгi қажетті талаптарын белгiлейдi.
      2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiде:
      оның талаптары қатысты болатын өнiмнiң, процестердің толық қамтыған тiзбесi;
      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінi қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
      Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiде өнiмнiң, оның өмiрлiк процесiн таңдап байқау және сынау ережелерi, сәйкестіктi растаудың ережелерi мен нысаны (соның iшiнде сәйкестiктi бекiту сызбалары), және (немесе) терминологияға, орамаға, таңбалауға немесе этикеткаға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
      3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiде, eгep конструкцияға қойылатын талаптардың болмауының және келтiрiлетiн залалдың дәрежесi ескерiле отырып орындалуы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға жету қамтамасыз етілмейтін жағдайды қоспағанда, конструкцияға және өнiмді, процестердi орындауға қойылатын талаптар болмауға тиiс.
      4. Халықаралық ұйымдар актiлер техникалық реттеу саласында ұлттық нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу кезiнде, егер олар:
      1) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келмесе;
      2) осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға барабар сәйкес келетiн болса толықтай немесе ішінара негiз етiп алынуы мүмкiн.
      5. Егер, өнiмдi ұзақ пайдалану зиян келтiруi мүмкiн тәуекел деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, онда техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiде тұтынушыны орын алуы мүмкiн зиян туралы және оған байланысты болатын факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
      6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде зиян келтiру тәуекелiнiң деңгейiн ескере отырып техникалық реттеудiң объектілерiне:
      1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, бала емiзетiн аналар, мүгедектер) қорғауды қамтамасыз ететін;
      2) егер климаттық және географиялық ерекшелiктергe қатысты мұндай талаптардың болмауы осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеп соғатын болса, өнiм шыққан жекелеген орындарында қолданылатын;
      3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кезде Қазақстан Республикасының және көршiлес мемлекеттердiң азаматтарының өмiрiне, қоршаған ортаға қауiп төндiретін трансшекаралық қауiптi өндiрiстік объектiлерге қойылатын арнайы талаптардан тұруы мүмкiн.

3-бөлiм. Стандарттау. Жалпы ережелер

      18-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау
               жөніндегі нормативтiк құжаттары

      1. Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан тәртіппен бекiтiлген:
      1) халықаралық стандарттар;
      2) өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат топтамалары, стандарттау жөніндегi ережелер мен ұсыныстар;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат топтамалары;
      4) ұйым стандарттары;
      5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсыныстары;
      6) уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен қолданылатын шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат топтамалары, ережелер, нормалар және стандарттау жөнiндегi ұсыныстары қолданылады.
      2. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды басқару техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйeci шегінде жүзеге асырылады.

      19-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
               стандарттары

      1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есептеу, өзгерту және жою тәртібiн уәкiлетті орган бекiтедi.
      2. Мемлекеттік стандарттар:
      1) белгілi бiр салаға арналған жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелердi және/немесе жалпы техникалық талаптар мен ережелердi белгілейтiн негізгі стандарттар;
      2) өнiмнiң бipтeкті топтарына белгiленетiн және қажет жағдайда, нақты өнiмге қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге арналған стандарттарға;
      3) өнiмдердi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттарға;
      4) процестерге арналған стандарттарға бөлiнедi.
      3. Мемлекеттік стандарттарда:
      1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ететiн өнiмдердiң, процестердiң қауiпсiздігі жөніндегі қажетті ең аз талаптар;
      2) өнiмдi жiктеуге қойылатын талаптар;
      3) өнiмнiң бiрегейлендiру, үйлесу және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
      4) терминдер мен айқындамалар;
      5) өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
      6) қабылдау, орау, таңбалау, тасымалдау, сақтау, жарату және жою ережелерi;
      7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;
      8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
      9) сапа менеджментi жүйелерi мен экологиялық менеджментті енгізудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгіленуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттік стандарт ретiнде қабылданған, стандарттаудың сол саласына арналған мемлекетаралық стандарттар болған жағдайда, мына жағдайда:
      мемлекетаралық стандарттар ережелерi Қазақстан Республикасының мүдделерiне қайшы келсе;
      мемлекеттік стандарттарды халықаралық, өңiрлiк немесе шет елдердiң ұлттық стандарттарына үйлестiру қажеттігі болса;
      Қазақстан Республикасының климаттық, географиялық ерекшелiктерiне орай халықаралық стандарттарды қолдану мүмкiн болмайтын болса;
      мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге жол берiлмейдi.
      5. Мемлекеттік стандарттар өнімнің шыққан жеріне қарамастан ерікті негiзде тең жағдайда қолданылады.

      20-бап. Қазақстан Республикасының техникалық-
               экономикалық ақпараттың ұлттық топтамалары

      1. Топтау мен кодтауға есептелуге жататын техника-экономикалық және әлеуметтік объектiлер және экономика мен өндiрiс салаларында қолданылатын олардың қасиеттерi жатады.
      2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық топтамаларын әзiрлеу жөніндегi жұмыстар мемлекеттік стандарттау жөнiндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізiледi.
      3. Мемлекеттік органдар техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік топтамаларын әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық топтамаларының тiзiмiн статистика саласындағы уәкiлетті орган жүргізеді.
      4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оларға код беру жүйесінің құрылуы мен қызметіне бақылау жасау жөнiндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкілетті opган жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк топтамаларды әзiрлеу, бекiту, қолданысқа енгізу, қолдану тәртiбi уәкiлеттi органмен белгiленедi.

      21-бап. Қазақстан Республикасының Ұйымдар
               стандарттары және стандарттау жөнiндегі
               ұсыныстар

      1. Ұйымдар стандарттарын осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген мақсаттар үшiн ұйымдар өздерi дербес әзiрлейдi және бекітеді әрі олар техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарына қайшы келмеуге тиiс.
      Стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есептеу, өзгерту, жою, тiркеу, белгілеу, басып шығару тәртiбiн осы Заңның 4-бабының ережелерi ескерiле отырып, оларды дербес бекiтетiн ұйымдар белгiлейдi.
      Ұйым стандарттары қолдану үшiн epiкті сипатқа ие және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына қайшы келмеуге тиiс.
      2. Ұсыныстар сәйкестіктi растаудың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етіп, стандарттау жөнiндегі жұмыстар жүргізуге қатысты қолдануға ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.
      Ұсыныстарды құруға, ресiмдеуге, ұстауға, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiптерiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.

      22-бап. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар
               мен шет мемлекеттердiң нормативтiк
               құжаттарын қолдану

      1. Қазақстан Республикасы аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында бекiтiлген мақсаттарға сай халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат топтамалары, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсыныстар; ұлттық стандарттар, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат топтамалары, шет мемлекеттердiң стандарттау жөнiндегі ережелерi, нормалары және ұсыныстары қолданылуы мүмкiн.
      2. Қолдану үшiн халықаралық және өңiрлік, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретiнде қолдану үшiн қажеттi шарттар болып мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология, сертификация және аккредиттеу жөнiндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелігі;
      2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы Қазақстан Республикасының аумағында стандарттар мен құжаттарды пайдалану үшін қажетті шарттар болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк стандарттарды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы аталған стандарттар мен шарттарға сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Халықаралық және өңiрлік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын, ақпараттарды, ережелердi, нұсқаулықтар мен ұсыныстарды қолданысқа енгiзудi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану, ресiмдеу, құру, жазу, ұстау, белгiлеу, стандарттау тәртiбiн техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тиiс халықаралық және өңiрлiк стандарттар Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң және олармен үйлестірiлген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге және олардың құзыретiне кiретін мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлуге тиiс.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын халықаралық және өңiрлiк стандарттар және нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және нормативтiк құжаттарымен тең деңгейде қолданылады.
      7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн, олардың түпнұсқасының иелерi - ұйымдармен шарт (рұқсат) жасасу негізiнде жүзеге асырылады.

      23-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды
               жоспарлау

      1. Уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы экономикасының басым бағыттарын ескере отырып, мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiнде мемлекеттiк стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлейдi.
      2. Ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, бiр жылдық және ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ережелерi ескерiледi.
      3. Мемлекеттік стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және жалпы пайдаланудың ақпараттық жүйесiнде электронды-санды түрде жарияланады.
      4. Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкілеттi орган бекiтедi.

      4-тарау. Сәйкестікті растау

      24-бап. Өнiмдер мен процестердің белгiленген
               талаптарға сәйкестігін растау

      1. Өнiмдер, процестер сәйкестіктi растау объектiлерi болып табылады.
      2. Өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау:
      1) өнiмдi өндірушiнiң, сатушының сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында;
      2) сәйкестiктi pacтау жөніндегі аккредиттелген органның сертификаттауды жүргiзуi және сәйкестік сертификатын беруi нысанында жүргiзiледi.
      3. Сәйкестіктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi шеңберiнде iске асырылады.
      4. Техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi сәйкестiкті растау саласында бiрыңғай саясатты жүргізудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың негізгі ережелерi мен рәсiмдерiн, сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау, жүйе тiзбесiн жүргiзу және сәйкестікті растауды жүзеге асыру мақсатына қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.
      5. Өнiм сәйкестiгін растау Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті немесе ерiктi сипатқа ие.

      25-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті
               растау саласындағы техникалық реттеудiң
               мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы

      1. Сәйкестiкті растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң ұйымдастырушылық құрылымын:
      1) уәкiлетті орган;
      2) сәйкестікті растау жөнiндегi аккредиттелген органдар;
      3) аккредиттелген зертханалар құрайды.
      2. Сәйкестіктi растау жөнiндегі жұмыстарға сәйкестіктi растау және аккредиттеу жөнiндегі сарапшы-аудиторлар және қажет жағдайда техникалық сарапшылар қатысады.

      26-бап. Сәйкестiктi мiндеттi түрде растау

      1. Сәйкестiктi міндетті түрде растау:
      1) әзiрлеуші-кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауы;
      2) мiндетi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
      2. Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi түрде растау техникалық peттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде белгiленген сәйкестiктi мiндеттi түрде растау сызбаларына сәйкестігiне iске асырылады.
      3. Сәйкестікті мiндеттi түрде pacтау сызбалары сәйкестiктi белгілеудiң тәсiлдерiнен (сынаулар, өндірiстi бағалау, сапа жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) тұрады және олардың міндетті сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестігі туралы декларацияны қабылдаған жағдайда сәйкестiкті растау жөнiндегi органдар және (немесе) өнiмдi дайындаушылар қолданады.
      Өнiмнiң сәйкестігін міндетті түрде растауға техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, тұтынуда болған, сондай-ақ гуманитарлық көмек желiсi бойынша жеткізiлетін өнiмдер сәйкестікті мiндетті түрде растау объектiлеріне жатқызылмайды.

      27-бап. Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi
               сарапшы-аудиторлардың құзіреті

      1. Сәйкестіктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өнiмнiң, қызмет көрсетулердiң белгіленген түрлерiнің сәйкестiгiн растау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында немесе сәйкестiктi растаудың ұлттық жүйесiнің нормативтiк құжаттарына сәйкестігін онымен жасалған шарт (келiсiм-шарт) негiзiнде қатысады.
      Егер олар өтiнiш берушілердiң мүдделерiн бiлдiрсе немесе олармен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста болса, сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың нақты өнiмдердiң, қызмет көрсетулердiң сәйкестiгiн мiндетті растау жөнiндегі жұмыстарды орындауға құқығы жоқ.
      2. Аккредиттеу жөнiндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiкті растау жөнiндегi органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге уәкiлетті орган белгілеген тәртіппен қатыса алады.
      3. Сәйкестіктi растау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың біліктілік талаптарын, даярлау және аттестаттау, сарапшы-аудитор аттестатын беру, тоқтату немесе жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдары және өз құзыреті шегiнде уәкiлетті орган белгілейдi.

      28-бап. Сәйкестiктi растау саласындағы жеке және
               заңды тұлғалардың (өнiмдердi дайындаушылардың,
               сатушылардың) құқықтары мен мiндеттері

      1. Сәйкестігі мiндеттi түрде расталуға тиiс өнiмдердi дайындаушылардың, сатушылардың:
      1) осы өнiмдер үшін техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiмен көзделген сәйкестікті растаудың нысаны мен сызбасын таңдауға;
      2) аккредиттеу саласы өтiнілетiн өнiмге таратылатын сәйкестiктi растау жөніндегi кез келген органға жүгiнуге;
      3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған сызбасымен көзделсе, сәйкестігiн мiндетті түрде растаудан өткен өнiмге сәйкестіктi растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң сәйкестiк белгісін қолдануға;
      4) сәйкестіктi растау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға, сәйкестіктi растау жөнiндегi органға жүгінуге;
      5) Уәкiлеттi органға Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес сәйкестіктi растау жөнiндегi орган мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне шағымдануға;
      6) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшін сотқа шағымдануға құқығы бар.
      2. Сәйкестiгі мiндетті түрде расталуға тиiс өнiмдердi дайындаушылар, сатушылар:
      1) өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      2) өнiмдер сәйкестігінiң мiндеттi түрде расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
      3) егер бұл сәйкестіктi растаудың таңдалған сызбасымен көзделсе, сәйкестігi мiндеттi түрде расталудан өткен өнiмдерге, қызмет көрсетулерге инспекциялық бақылау жүргізуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;
      4) сәйкестігi мiндетті түрде расталуға тиiс өнiмдердi сәйкестігi расталғаннан кейiн ғана сатуға;
      5) мемлекеттiк бақылау жүргізген кезде, сондай-ақ мүдделi тұлғаларға қажеттi ақпараттар, өнiмдердiң сәйкестiк сертификатын (сәйкестiк сертификатының көшiрмесiн), сәйкестiк туралы декларация (сәйкестік туралы декларацияның көшiрмесiн) ұсынуға;
      6) iлеспе құжатта сәйкестiк сертификаты туралы немесе сәйкестiк туралы декларация туралы мәлiметтердi көрсетуге;
      7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса не тоқтатылса, өнiмдердi сатуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
      8) сәйкестігін бағалау жөнiндегi органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiмдер өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлген өзгерiстер туралы хабардар етуге;
      9) сәйкестігiн растау нәтижелерi бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес емес өнiмдердiң өндiрiсiн тоқтатуға мiндетті.

      29-бап. Сәйкестiк сертификаты

      1. Сәйкестік сертификатын өтiніш берушіге сәйкестігін растаудың таңдалған сызбасына сәйкес барлық ресiмдердi орындаудың оң нәтижесі жағдайында өнiмдерге сәйкестiгін растау жөнiндегі орган бередi.
      2. Сәйкестік сертификатында:
      өтiнiш берушiнiң, өнiмдердi дайындаушының, сәйкестiк cepтификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;
      оны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сертификатталған өнімдердің атауы;
      жүргiзiлген сертификаттау талаптарына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт атауы;
      жүргізiлген зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер туралы ақпарат;
      өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігiне дәлел ретінде өтiнушінiң сәйкестiкті растау жөнiндегi органға берген құжаттар туралы ақпарат;
      сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетілуге тиiс.
      3. Сәйкестiк сертификатының толтырылу нысаны мен тәртiбi сәйкестiктi растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi ережелерi белгiлейтiн бланкте ресiмделедi.
      Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.
      4. Сериялы шығарылатын өнiмдерге арналған сәйкестік сертификаты техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес белгіленген осы өнiмдердiң жарамдылық (сақталу) мерзiмiне берiледi. Осындай сертификаттың қолданылу мерзiмi шектеулi болып табылады, осы мерзiм ішінде дайындаушының, сатушының сертификатталған өнiмдi өткiзуге құқығы бар.
      Сәйкестiк сертификатының қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылады.

      30-бап. Сәйкестiк белгiсi

      1. Сәйкестік белгiсi сәйкестіктi міндетті түрде растау рәсiмдеуiнен өткен өнiмдердi таңбалау үшiн арналады.
      2. Сәйкестік белгiсiнiң бейнесi, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Сәйкестік сертификатын алған дайындаушы, сатушы сәйкестік белгісiн сәйкестіктi растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi ережелерiмен белгiленген өзiне қолайлы кез-келген тәсiлмен қолдануға құқылы.
      4. Сәйкестігi мiндеттi түрде расталуға тиiс және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкестiгiн растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгісiн салуға рұқсат етілмейдi.

      31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

      1. Сәйкестік туралы декларацияны, егер бұл техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда сәйкестігі мiндетті түрде расталуға тиiс өнiмдердi дайындаушы, сондай-ақ сәйкестiгі мiндеттi түрде расталуға тиiс емес кез келген өнiмге қатысты epiкті түрде ресiмделедi.
      2. Сәйкестік туралы декларацияны Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тiркелген дайындаушылар қабылдауға құқылы.
      3. Сәйкестік туралы декларацияда: өтiнiш берушінің атауы мен орналасқан жерi; осы объектінi бiрегейлендiруге мүмкіндік беретін сәйкестiктi растау объектiсi туралы ақпарат; өнiм расталатын талаптарға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің атауы; сәйкестікті растау сызбасына нұсқама; өтiнiш берушiнің оны нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланған кезде өнiмнiң қауiпсiздiгi және өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігiн қамтамасыз ету жөнiндегi өтiнiш берушi қабылдаған шаралар туралы өтiнiшi; жүргізiлген зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер, сапа жүйесiнің сертификаты, сондай-ақ өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестiгiн растау үшін негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер; сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
      Сәйкестік туралы декларацияның нысанын, декларацияны ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлетті орган белгiлейдi.
      4. Сәйкестік туралы декларация осы өнiмдердi шығарудың немесе нақты қызмет көрсетудiң жоспарланған мерзiмiнен, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмнен туындай отырып өнiмдердi дайындаушылар белгiлеген мерзiмде қабылданады.
      5. Өнiмнiң сәйкестігi туралы декларация осы өнімдердiң түрлерiн енгiзетiн аккредиттеу саласына сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тіркелуге тиiс.
      6. Сәйкестіктi растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесi ережелерiмен белгiленген тәртіппен ресімделген және тiркелген сәйкестік туралы декларация Қазақстан Республикасының барлық аумағына арналған сәйкестік сертификатына тең заңды қолданысқа ие.
      7. Сәйкестiктi декларациялау:
      өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауды;
      сәйкестіктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негізiнде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауды жүзеге асыра алады.
      Дәлелдеу материалдарының құрамы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленедi.
      Дәлелдеу материалдары ретiнде техникалық құжаттама өз зерттеулерi (сынаулары) мен өлшеулерінің нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау үшін дәлелдi негiз болған басқа құжаттар пайдаланылады.
      Өз дәлелдерi және сәйкестіктi растау жөнiндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде декларациялау кезiнде өтiніш беруші өз дәлелдерiне қосымша өз таңдауы бойынша: аккредиттелген зертханада жүргізiлген зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер хаттамаларын пайдалана алады, сапа жүйесiнiң сертификатын табыс етедi.
      Сапа жүйесiнің сертификаты, егер осындай, өнімдер үшiн техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлермен сәйкестігін растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды есептемегенде, кез келген өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдау кезiндегi дәлелдердің құрамында пайдаланылуы мүмкiн.
      8. Сәйкестік туралы декларация және дәлелдеушi материалдарды құрайтын құжаттар декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған сәттен бастап үш жыл бойы өтiніш берушіде сақталады. Сәйкестік туралы декларацияның екiншi данасы сәйкестiктi растау жөнiндегі органда сақталады.

      32-бап. Сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға тиiс
               өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң рыноктағы
               айналым шарттары

      1. Сәйкестігі мiндетті түрде расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) тиiс өнiмдердiң, қызмет көрсетулердiң рыноктағы айналымының қажеттi шарты оның белгiленген тәртіппен расталған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігi болып табылады.
      2. Сәйкестiгi мiндетті түрде расталуға тиiс, бiрақ сәйкестігін растаудан өтпеген өнiмдердi сатуға тыйым салынады.
      Мiндетті сертификатталуға тиiс, бiрақ Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға тыйым салынады.
      3. Сәйкестігі мiндетті түрде расталуға тиiс импортталатын өнiмдердi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестігiн растау жөніндегі мiндеттеме көрсетiлуге тиiс.
      4. Сәйкестігi мiндеттi түрде расталуға тиiс және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнiмдердi жеткізуге жасалған шарттарда өнiмдердiң, дайындаушы ел мен кәсiпорын атауын, сақталу мерзiмiн (жарамдылық, пайдалану), сақталу шартын, қолдану тәсiлiн (eгep аталған ақпараттың болуы техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актпен реттелсе) толықтыратын мемлекеттік және орыс тiлдерiндегi ақпаратпен жалғасуға тиiс.

      33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестіктi растау
               нәтижелерiн тану

      1. Шет мемлекеттердiң сәйкестік сертификаттары, өнiмдердi сынау хаттамалары, сәйкестік белгiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген халықаралық шарттарға сәйкес танылады.
      2. Шетелдiк сәйкестік сертификаттарды, сынау хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн тану тәртібiн және тану туралы құжаттардың түрлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      34-бап. Өнімдердің сәйкестiгiн ерiкті түрде растау

      1. Өнiмдердiң сәйкестігін ерiктi түрде растау тапсырыс берушi мәлiмдеген талаптар бойынша өнiмдердi дайындаушылардың, сатушылардың бастамасымен жүргiзiледi.
      Сәйкестіктi ерiктi түрде растау, егер бұл техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актпен белгiленсе, өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндеттi растауды ауыстырмайды.
      2. Сәйкестiкті ерiкті түрде растауды аккредиттеу саласында сертификаттау үшін мәлімделген талаптары бар сәйкестiктi растау жөніндегі орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өнiмдердiң сәйкестiгін epiкті түрде растау жүргiзуге дайындаушыларды, сатушыларды, орындаушыларды мiндеттейтiн нормативтік құқықтық актiлердi қабылдауға құқығы жоқ.

      5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және
                зертханаларды аккредиттеу

      35-бап. Аккредиттеу

      1. Сәйкестіктi растау жөнiндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мыналар:
      1) сәйкестіктi растау жөнiндегi органдар;
      2) зертханалар аккредиттеу субъектілерi болып табылады.
      3. Субъектілердi аккредиттеу уәкілеттi орган белгілеген тәртіппен шаруашылық жүргізушi субъектілердiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

      36-бап. Аккредиттеу аттестаты

      1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектінің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстардың нақты түрлерiн орындауға құзыретiн ресми тану фактiсін куәландыратын құжат болып табылады.
      Уәкiлеттi орган берген аккредиттеу аттестаты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.
      Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектілердiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
      Аккредиттеу аттестатының нысанын уәкілетті орган белгілейдi.
      2. Аккредиттеу аттестатымен бipгe мiндетті қосымша ретiнде қызмет аясында мәлімделген жұмыстардың нақты түрлерi көрсетiлетiн аккредиттеу саласын белгілейтiн құжат берiледi.
      3. Аттестат егер оның қолданылу мерзiмi аяқталса күшін жояды.
      Аккредиттеу аттестаты мынадай жағдайларда соттық тәртіпте күшін жояды, eгep:
      инспекциялық бақылау кезiнде аккредиттеу саласында белгiленген сәйкестікті растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға оның құзыретiне күмән тудыратын аккредиттелген субъектінің қызметiн бұзушылықтар анықталса;
      аккредиттеу субъектiсi аттестат алған кезде көрiнеу жалған ақпарат бepce жойылады.
      4. Аккредиттеу жөніндегі шетелдiк органдар берген аккредиттеу аттестатын немесе оған балама құжаттарды жасалған халықаралық шарттарға сәйкес уәкiлетті орган таниды.

      6-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік
                құқықтық актілер талаптарының сақталуын
                мемлекеттік бақылау

      37-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды техникалық реттеу жөнiндегі уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізуге уәкiлетті мемлекеттiк органдар жүргiзедi.
      2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      38-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылау объектiлерi

      Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қолданысы таратылатын өнімдер мен процестер, сәйкестікті растау жөнiндегi аккредиттелген органдар және зертханалар техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау объектiлерi болып табылады.

      39-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдар

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақтануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы - уәкiлетті органның басшысы;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақтануын мемлекеттiк бақылау жөнiндегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
      3) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақтануын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi облыстар мен қалалардың Бас мемлекеттік инспекторлары - мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын аумақтық органдардың басшылары;
      4) техникалық peттеу саласындағы нормативтiк құқықтық aктілер талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi облыстар мен қалалардың Бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары;
      5) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - құрылымдық бөлімше басшылары, мемлекеттiк бақылаудың жүзеге асыратын барлық санаттағы мамандар жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына атап өтілген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталған болуға тиiс.

      40-бап. Техникалық peттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдардың құқықтары

      Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық aктілep талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды лауазымды адамдардың:
      1) осы Заңға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау үшін тексеру тағайындалғаны туралы ұйғарымды және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде кедергiсiз кiруге;
      2) заңдармен белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу үшiн қажетті құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
      3) үлгілерге жұмсалған құн мен сынау (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат есебiне жатқыза отырып, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін бақылау үшiн өнiмдердiң сынаулары мен үлгілерiне таңдау жүргізуге;
      4) өнiмдердi сату сатысында өнiмдердi дайындаушылардан, сатушылардан сәйкестiк туралы декларация немесе өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестiгін растайтын сәйкестiк сертификатын немесе егер осындай құжаттарды қолдану тиiстi техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актпен көзделсе, олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;
      5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының бұзылуын жойғаны туралы ұйғарымды бұзу сипатын ескере отырып белгіленген мерзiмде беруге;
      6) егер өзге шаралармен техникалық peттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуын жою мүмкін болмаса, дәлелденген шешім қабылдауға және өнiмдердi сатуға тыйым салу туралы ұйғарым шығаруға;
      7) берiлген сәйкестігі туралы декларацияны және сәйкестiк сертификатының тiркелуiн тоқтата тұруға немесе болдырмауға;
      8) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына сәйкес емес өнiмдердi сатушы тұлғаларды заңдармен белгiленген жауапкершілiкке тартуға;
      9) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен оларды сатуға және тұтынуға жарамсыз деп таныған жағдайда. өнiмдердi жою жөнiндегі комиссияға қатысуға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте сот органдарына шағымдануға құқығы бар.

      41-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдардың мiндеттерi

      Мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды адамдары:
      1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жөнiндегі шаралар жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңдарын қолдану жөнiндегi түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге, дайындаушыларды, орындаушыларды, сатушыларды қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпараттандыруға;
      2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнде белгіленген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтауға;
      4) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының бұзылуын жою жөнiндегі шараларды техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау нәтижелерi негізiнде қабылдауға мiндеттi.

      42-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік
               құқықтық актілер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдардың әрекеттерiне шағымдану

      Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.

      43-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
               лауазымды адамдарды қорғау шаралары

      Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, немесе олардың жақын туыстары қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайда, егер олардың мiндеттерiн атқаруға байланысты болса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянның өтелуiне құқықтары бар.

      7-тарау. Техникалық реттеу саласындағы заңдарды
                сақтамағаны үшін мемлекеттік органдардың,
                олардың лауазымды адамдарының, жеке және
                заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      44-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырған кезде
               техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
               құқықтық актiлер талаптарының сақталуын
               мемлекеттiк бақылайтын органдар мен олардың
               лауазымды адамдарының жауапкершілiгі

      1. Мемлекеттiк органдарға және олардың лауазымды адамдарына техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарынан сақталуын мемлекеттік бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк міндеттерін тиiсті түрде орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледi.
      2. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы жеке тұлғаға және (немесе) құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған заңды тұлғаға бiр ай ішінде хабарлауға міндетті.

      45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық
               реттеу саласындағы заңдарды сақтамағаны
               үшiн жауапкершiлiгi

      1. Жеке және заңды тұлғаларға (дайындаушыға, сатушыға):
      рынокта сатылатын өнiм қауіпсiздігі үшiн;
      техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер талаптарын бұзғаны үшiн;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, осы Заңның 44-бабында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік бақылау органының ұйғарымдары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
      2. Өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына сәйкес келмеуi нәтижесiнде азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлiктерiне келтірiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиiс.

      8-тарау. Қорытынды және ауыспалы ережелер

      46-бап. Ауыспалы ережелер

      1. Осы Заңға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi қабылданғанға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге жатқызылған стандарттау саласындағы нормативтiк құқықтық, нормативтiк құжаттардың түрлерiн айқындайтын "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы аумағында әзiрленетiн техникалық шарттарды мемлекеттiк тіркеуге қатысты 14-бабының қолданысы сақталады.
      "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағында көзделген нормалар және актілер мен құжаттардың талаптары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес бөлiгiнде ғана мiндетті сақталуға тиiс.
      Өнiмдерге арналған техникалық peттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актті және өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растайтын мүмкiндiкті көздейтiн олармен үйлестірiлген стандарттарды қабылдаумен бiрге осы өнiмдерге арналған техникалық шарттарды мемлекеттік тiркеу тоқтатылады.
      2. Сәйкестiктi растау саласындағы тиiстi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгенге дейiн сәйкестікті растау жөнiндегі жұмыстар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Сәйкестiктi мiндетті түрде растау техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен сәйкестігі мiндеттi түрде расталуға тиiс өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) тiзбесiне енгiзiлген өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) түрлерiне арналған қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырылады.
      Тiзбеге сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау жолымен немесе мiндетті сертификаттау арқылы расталатын өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) түрлерi, сондай-ақ экономикалық қызметтің түрлерi бойынша өнiм топтамасы жөнiндегi өнiмдердің және (немесе) Еуразия Экономикалық Одағының сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының кодтары кiредi.
      Сәйкестігі міндеттi түрде расталуға тиiс өнiмдердің (қызмет көрсетулердiң) тiзбесi оларды ресми жариялаған күннен бастап алты айдан (он екi айдан) аспайтын мерзiм iшінде қолданысқа енедi.
      Сәйкестігi мiндеттi түрде расталуға тиiс өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) тiзбесi ресми басылымдарда жарияланады, техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi халықаралық ұйымдарға хабарлайды.
      3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзу шаралары бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, қайталама немесе оларға сәйкес келмейтiн мемлекеттік және аумақтық стандарттар күшiн жояды.
      4. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер осы Заң қолданысқа енген күнiнен бастап 7 жыл iшiнде қабылдануға тиiс.
      Аталған кезеңде қабылданбаған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлерге қатысты өнiмдерге, процестерге қойылатын мiндетті талаптар аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн күшін жояды.
      5. Осы Заң қолданысқа енгенге дейiн сертификаттау және сынау зертханалары жөнiндегi орган белгілеген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетілген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.
      6. Қажеттi техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер қабылданғанша, нақты объектілерге қатысты техникалық реттеулер осы Заңға қайшы келмейтiн қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізiледi.

      47-бап. Осы Заңның қолданысқа ену тәртiбі

      1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      2. Мына Заңдардың:
      "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-құжат);
      "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 15-16, 231-құжат; N 23, 321-құжат).
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының Заңдары осы Заңның 46-бабында айтылған жағдайларды есептемегенде күшiн жояды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады