Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы N 1056 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмінде:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын;
      008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бойынша: көрсетiлген қаулыға  261-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады