"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз ету мәселесі бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 1201 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз ету мәселесі бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қамтамасыз ету
мәселесі бойынша толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154,156-құжаттар; 2005 ж.,
N 13, 53-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 39-1) тармақпен толықтырылсын:
      "39-1) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініш жасауы - істі қадағалау тәртібімен қарауға өкілетті сотқа ұсынымдар, наразылық енгізу құқығы берілген тұлғаларға соттың заңды күшіне енген үкімін немесе сот қаулысын тексеру туралы өтініш.";

      2) 2-бөлім мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:

      "10-1-тарау. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      88-1-бап. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      Адам құқықтары жөніндегі уәкіл - сот процесіне қатысатын өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау өкілеттіктері берілген лауазымды тұлға. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және қорғау немесе айыптау жақтарына шыға алмайды.

      88-2-бап. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтары:

      Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер алуға; сотта істі қарауға қатысуға; сотқа өзінің ауызша пікірін баяндауға, сондай-ақ адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сотқа жазбаша пікір білдіруге; сот отырысы хаттамасымен танысуға және баяндалған пікірдің мазмұны бөлігінде оған жазбаша ескерту беруге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокуратураға соттың заңды күшіне енген үкімін немесе сот қаулысын тексеру туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
      Сотта істі қарауға қатысатын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы және осы Кодексте көзделген өзінің іс жүргізу міндеттерін атқаруы тиіс.";

      3) 40-тарау мынадай мазмұндағы 319-1 баппен толықтырылсын:

      "319-1-бап. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің басты сот
                  талқылауына қатысуы

      1. Істе тарап болып табылмайтын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот қарайтын іс бойынша сотқа пікір айту үшін соттың ұйғарымы бойынша сот талқылауына қатысуға құқығы бар.
      Нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл процеске сот талқылауында өзінің өкілеттіктерін іске асыру үшін өз бастамасы бойынша немесе іске қатысушылардың бастамасы бойынша қатыса алады.
      Егер адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау талап етілсе, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің іске сот талқылауының кез-келген кезеңінде қатысуға құқығы бар.
      2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі жөніндегі пікірі сотқа ауызша немесе жазбаша нысанда ұсынылуы мүмкін. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдік жазбаша нысандағы пікірін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өзі не төрағалық етуші сот отырысында сот жарыссөзіне дейін жариялайды. Ауызша нысандағы пікірді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот отырысында сот жарыссөзіне дейін жариялайды.
      3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сот талқылауына қатысуы Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдардың құзыретін шектеуге әкеп соқпайды.";

      4) 460-бап:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл істі қадағалау тәртібімен қарауға өкілетті сотқа ұсынымдар, наразылықтар енгізу құқығы берілген тұлғаларға соттың заңды күшіне енген үкімін немесе сот қаулысын тексеру туралы өтініш жасауға құқылы.";
      үшінші бөлікте "өтініші бойынша да," деген сөздерден кейін "сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-1 бөлікте "шағымдары бойынша," деген сөздерден кейін "сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қадағалау сатысында іс қаралғанға дейін өзінің өтінішін қайтарып алуға құқылы. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін ол мүддесіне берілген адам да қайтарып алуға құқылы.";

      5) 463-баптың тақырыбындағы "шағымдарын", мәтіндегі "шағымдарын", "шағымы", "шағымын" деген сөздерден кейін тиісінше ",өтініштерін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштерін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 464-баптың тақырыбындағы, бірінші бөлігіндегі "Шағымды", "шағымын" деген сөздерден кейін тиісінше ", өтінішін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 465-бапта:
      тақырып "шағымын" деген сөзден кейін ", өтінішін" деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөлік "материалдармен" деген сөзден кейін "немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішімен және оған қоса тіркелген материалдармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші, төртінші бөліктер "шағымының", "авторына" деген сөздерден кейін тиісінше ", Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішінің", ", сондай-ақ өтініш авторына" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлік "қадағалау шағымдарын", "шағымын", "шағымы", "шағым" деген сөздерден кейін тиісінше "ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтініш", "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастапқы өтінішін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші", "ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де осындай өтініш" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 67-құжат):

      1) 17-тарау мынадай мазмұндағы 176-1, 176-2 баптармен толықтырылсын:

      "176-1-бап. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сот талқылауына
                  қатысуы

      1. Істе тарап болып табылмайтын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке тұлға тарап болып табылатын істер бойынша адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот қарайтын іс бойынша сотқа пікір айту үшін соттың ұйғарымымен сот талқылауына қатысуға құқығы бар.
      Нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл процеске сот талқылауында өзінің өкілеттіктерін іске асыру үшін өз бастамасы бойынша немесе іске қатысушылардың бастамасы бойынша қатыса алады.
      Егер адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау талап етілсе, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің іске сот талқылауының кез-келген кезеңінде қатысуға құқығы бар.
      2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі жөніндегі пікірі сотқа ауызша немесе жазбаша нысанда ұсынылуы мүмкін. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жазбаша нысандағы пікірін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өзі не төрағалық етуші сот отырысында сот жарыссөзіне дейін жариялайды. Ауызша нысандағы пікірді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот отырысында сот жарыссөзіне дейін жариялайды.
      3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сот талқылауына қатысуы Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдардың құзыретін шектеуге әкеп соқпайды.

      176-2-бап. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқығы

      Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мәселелеріне қатысты іс материалдарымен танысуға, сотта істі қарауға қатысуға; сотқа өзінің ауызша пікірін баяндауға, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сотқа жазбаша пікір білдіруге; сот отырысы хаттамасымен танысуға және баяндалған пікірдің мазмұны бөлігінде оған жазбаша ескерту беруге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокуратураға соттың заңды күшіне енген шешімін, ұйғарымын немесе сот қаулысын тексеру туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
      Сотта істі қарауға қатысатын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы және осы Кодексте көзделген өзінің іс жүргізу міндеттерін атқаруы тиіс.";

      2) 385-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл істі қадағалау тәртібімен қарауға өкілетті сотқа ұсынымдар, наразылықтар енгізу құқығы берілген тұлғаларға соттың заңды күшіне енген шешімін, ұйғарымын немесе сот қаулысын тексеру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.";
      үшінші бөлік "өтініші бойынша да," деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік:
      мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қадағалау сатысында іс қаралғанға дейін өзінің өтінішін қайтарып алуға құқылы. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін ол мүддесіне берілген адам да қайтарып алуға құқылы.";
      "шағым мен наразылығын" деген сөздерден кейін ", Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-1-бөлікте "шағымдары" деген сөзден кейін ", Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 393-баптың тақырыбындағы "шағымдарын", мәтіндегі "шағымын", "шағымдарын", "шағымының" деген сөздерден кейін тиісінше ", өтініштерін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініш", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштерін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 394-бапта:
      тақырып, бірінші бөлік "Шағымды", "шағымын" деген сөздерден кейін тиісінше ", өтінішті", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішін" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 395-бапта:
      тақырып "шағымын" деген сөзден кейін ", өтінішін" деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөлік "материалдармен" деген сөзден кейін "немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішімен және оған қоса тіркелген материалдармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік "шағымының," деген сөзден кейін "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтінішінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік "авторына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ өтініш авторына" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлік "қадағалау шағымдарын", "шағымын", "шағымы", "шағым" деген сөздерден кейін тиісінше "ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтініш", "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастапқы өтінішін", ", сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші", "ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де осындай өтініш" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады