Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 199 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:

      6-тармақ:
      "күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн "шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) көрсетiлген қаражатты салушыға қайтаруға тиiс.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады