"Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 26 мамырдағы N 457 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы

      Осы Заң мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын iшкi iстер органдарында тiркеу жолымен заңдастыру жөнiнде бiр жолғы акция өткiзуiн реттейдi.

       1-бап. Заңның қолданылу аясы

      1. Заңдастыру осы Заңның қолданысқа енгiзiлуiнен үш ай бұрын Қазақстан Республикасына келген және осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының аумағына келiп жатқан әрi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырып жатқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына қатысты жүзеге асырылады.
      2. Осы Заң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдардың еңбегiн пайдаланатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қолданылады.
      3. Осы Заңның әрекетi:
      Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнаманы бұза отырып келген;
      Қазақстан Республикасында болу құқығына жарамды құжаттары жоқ;
      өзi туралы жалған мәлiметтер берген немесе қажеттi құжаттарды ұсынбаған шетел азаматтарына қолданылмайды.

       2-бап. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру мерзi мi

      Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жүргiзiледi.

       3-бап. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру тәртiбi

      1. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруды осы Заңның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген шетел азаматтарының еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушi оларды iшкi iстер органдарында еңбек мигранттары ретiнде тiркеу арқылы жүргiзедi.
      2. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру үшiн жұмыс берушiлер еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына еңбек мигранттарын тiркеу туралы өтiнiш бередi.
      Өтiнiште:
      1) жұмыс берушi туралы деректер:
      жеке адамның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы;
      жеке адамның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
      жеке адамның тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi,
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) еңбек мигранттары ретiнде тiркелетiн шетел азаматтары туралы деректер:
      тегi, аты, әкесiнiң аты;
      азаматтығы;
      Қазақстан Республикасында уақытша болатын мекен-жайы көрсетiледi.
      Өтiнiшке:
      Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жасалған жеке еңбек шартының көшiрмесi;
      шетел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары және көшi- қон карточкалары қоса берiледi.
      3. Тiркеу туралы өтiнiш берiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      4. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталған кезде iшкi iстер органдары ерекше үлгiдегi көшi-қон карточкасын бере отырып, шетел азаматын тiркеудi жүргiзедi.
      5. Жұмыс берушi және еңбек мигранттары ретiнде тiркелген шетел азаматтары туралы мәлiметтердi тiркеудi жүзеге асырған аумақтық iшкi iстер органы заңдастырылған еңбек мигранттарының тiзiлiмiне енгiзедi.
      Заңдастырылған еңбек мигранттары тiзiлiмiнiң көшiрмелерi жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
      Ерекше үлгiдегi көшi-қон карточкасының нысаны мен оны беру тәртiбiн, сондай-ақ заңдастырылған еңбек мигранттары тiзiлiмiнiң нысаны мен оны жүргiзу тәртiбiн заңсыз еңбек мигранттарын тiркеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгiлейдi.
      6. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда тiркеуден бас тарту себептерi көрсетiле отырып, өтiнiш қайтарылуы тиiс.
      Өтiнiштi қайтаруға негiз болған себептер жойылған кезде тұлға заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы өтiнiштi заңдастыру мерзiмi iшiнде қайта беруге құқылы.
      7. Жұмыс берушiлер осы Заңның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген адамдардың еңбегiн олар iшкi iстер органдарында тiркелген күнiнен бастап пайдалануға құқылы.
      8. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген адамдар тiркелген күнiнен бастап тiркеу үшiн ұсынылған жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде, бiрақ оны жасасқан күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыра алады.

       4-бап. Әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босату

      Осы Заңның 1-бабының 1, 2-тармақтарында көрсетiлген адамдар Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнiң 394,   395  (бiрiншi бөлiгi),  396-баптарында  көзделген әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылады.

       5-бап. Қылмыстық жауапкершiлiктен босату

      Осы Заңның 1-бабының 2-тармағында көрсетiлген адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  330-3-бабында  көзделген қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.

       6-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбi

      Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады