"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 850 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      9) тармақша "бiртектес" деген сөзден кейiн "маңызды" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) ерекше нысандағы туынды түрдегi нормативтiк құқықтық акт - осы Заңда көзделген туынды түрдегi актiлерге жатпайтын заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде қабылдануы көзделген туынды нормативтiк құқықтық акт;";
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) актiлердiң едәуiр саны - жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп тануға, өзгертуге немесе толықтыруға жататын үш немесе одан да көп акт.";
      2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңнамада ерекше нысандағы нормативтiк құқықтық актiнiң туынды түрiн бекiту көзделуі мүмкiн.";
      3) 3-1-бапта:
      "бiртектес" деген сөзден кейiн "маңызды" деген сөзбен толықтырылсын:
      16) тармақшадағы "ic жүргiзу" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) денсаулық сақтау саласы";
      4) 4-баптың 3-тармағында "қайшы келмеуге тиiс" деген сөздер "сәйкес келуге тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 5-баптың 2-тармағында "Күшiне енген" деген сөздер "Қолданысқа енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төмен тұрған актiлердiң нормаларында жоғары тұрған актiлерге сәйкессiздiк болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегi актiнiң нормалары қолданылады.";
      7) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдерiнiң қысқаруын көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса берiледi.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертулерi оның құзыретiндегi мәселелерге тікелей қатысты болуға, негiздi және толық болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиiс.";
      8) 17-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiнiнде абзацтарды дефиспен немесе өзге де белгiлермен белгiлеуге, жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн бөлiп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берiлмейдi.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Құқықтық нормалар нормативтiк құқықтық актiнiң кiрiспе бөлiгiне қосылмайды.";
      9-тармақтың екiншi бөлiгi "бұрын енгiзiлген" деген сөздерден кейiн ", бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтiк сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.";
      10) 27-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiр ғана нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделедi. Күшi жойылды деп танылатын актiлер тiзбесiндегi сияқты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн актiлердiң тiзбесiндегi барлық актiлер хронологиялық тәртiппен олардың шыққан (қабылданған) күнi бойынша, сондай-ақ олардың заң күшiнiң арақатынасына қарай орналастырылады.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер нормативтiк құқықтық актiмен бұрын қабылданған актiлердiң күшi жойылды деп тану көзделген басқа нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң толығымен күшi жойылды деп танылған жағдайда, соңғысы өзiнiң қолданысын қайта жаңғыртпайды.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк тіркеуге жататын, бiрақ осы Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес одан өтпеген нормативтiк құқықтық актілердiң күші жойылуға тиiс.";
      11) 28-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiнi жаңа редакцияда ресiмдеу кезiнде оның құрылымдық бөлiгi мәтiнiнiң көлемiн анықтау бiрлiгi сөз болып табылады.";
      5-тармақта:
      "мәтiнiнің мазмұнына" деген сөздер "мәтiніне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мазмұнының" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiнi жаңа редакцияда ресiмдеу кезінде көлемдi анықтау бiрлiгi оның құрылымдық бөлiгi болып табылады.";
      12) 29-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "басшысы" деген сөзден кейін "не мұндай орган басшысының мiндетiн атқарушы адам" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 30-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
      "Жаршысы және" деген сөздер "Жаршысы," деген сөзбен ауыстырылсын;
      "актiлер жинағы" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдары мен олардың ведомстволарының актiлер жинағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 33-баптың 1-тармағында "мерзiмдi баспа басылымдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдары мен олардың ведомстволарының актiлер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімдi баспа басылымдарында ресми" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 36-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Барлық нормативтiк құқықтық актiлерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгiзу күнi көрсетiлуге тиiс.";
      16) 38-бапта:
      тақырыбының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгiн әдiлет органдары айқындайды.";
      2-тармақтың 5) тармақшасы "тәртiптi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ресiмдеу мен келiсудi" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, актiнi шығарған орган олардың күшi жойылды деп тануы мүмкiн.";
      18) 47-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлікте "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "әдiлет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "Әдiлет министрлiгiне" деген сөздер "әдiлет органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады