Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1065 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      5-тармақта:
      "Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;";
      "Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;";
      "Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-тың президентi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрі;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады