"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 496 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.07.07. N 582 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж, N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж, N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат, N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; 2007 жылғы 15 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      509-бапта:
      2) тармақшада "туыстарының" деген сөзден кейін "сыйға тартуға жол берілмейді" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын.
      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе.
      1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық- билік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын тұлғалар танылады.
      2. Ұйымдастырушылық-билік етушілік міндеттер деп тұлғалардың
заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында
көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық ету, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау
көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.
      3. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп оларға толық материалдық
жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде, мүлікті, соның ішінде ұйымның теңгеріміндегі және банктік шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру түсініледі.";
      2) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен
толықтырылсын:
      "Мүлікті сенімді басқаруға арналған шарт нотариалды куәландырылуға тиіс.";
      3) 12-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында "ізеттілік пен
қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес, сондай-ақ
хаттамалық және өзге де ресми шаралар өткізу кезіндегі мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, жоғары тұрған ресми адамдарға" деген сөздер "жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін осы адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацында "ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми шаралар өткізу кезіндегі мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда," деген сөздер "жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж. N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 61-құжат):
      10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мүлікті сенімді басқаруға арналған шарт нотариалды куәландырылуға тиіс.";
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады