Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.07.17. N 702 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860 қаулысымен.
      4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы   
N 17 қаулысына      
      қосымша       

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.07.17. N 702 Қаулысымен.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
               құндылықтарының тізбесі мен көлемі

Р/с
N
Материалдық
құндылық-
тардың
атауы
Өлш.
бірл.
Сақ-
тау
мер-
зімі,
жыл-
дар-
мен
Болжамды
сақтау
көлемі
DDP
ИНКО-
ТЕРМС
2000
шартын-
дағы
бағасы
(теңге/
өлш.
бірл.)
Ақша
қара-
жатын
пайда-
лану,
теңге-
мен
Өнді-
руші
ел

1

Өсімдік майы
(тазартыл-
ған, шөлмек-
ке құйылған)

мың л.

1

2 078,97

293 000

609 138 210

им-
порт

2

Жарма
(күріш)

тн

1

2 482,35

81 500

202 311 525


3

Қант

тн

5-8

5 275

84 500

445 737 500

им-
порт


БАРЛЫҒЫ



9 836,32


1 257 187 235


      Ескертпе:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады