Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы N 533 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  13-бабына және»"Казақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай ауданының жалпы алаңы 6853,0 гектар жер бөлігін Қостанай қаласының әкімшілік шекарасына қосып, Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады