Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2179 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасында:
      екінші абзацтағы «428 360 000 (төрт жүз жиырма сегіз миллион үш жүз алпыс мың)» деген сөздер «215 652 600 (екі жүз он бес миллион алты жүз елу екі мың алты жүз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «46 695 340 (қырық алты миллион алты жүз тоқсан бес мың үш жүз қырық)» деген сөздер «39 302 858 (отыз тоғыз миллион үш жүз екі мың сегіз жүз елу сегіз)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикаcының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады