Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 104 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес және Жамбыл облысы Тараз қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қалалық және Жамбыл облыстық мәслихаттары мақұлдаған қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.

      2. "Жамбыл қаласының бас жоспарын және оның негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 24 маусымдағы № 322 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 104 қаулысымен
бекітілген

Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспары
1. Бас жоспарының мақсаты

      Тараз қаласының бас жоспары қала тіршілігінің қолайлы ортасын құру және тұрақты дамуы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және мәдени мұраны сақтау мақсатында Тараз қаласының қала құрылысын жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.

      Бас жоспар қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалық және бірінші кезекті бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, табиғи кешеннің аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлерді қайта жаңарту және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамыту, кешенді абаттандыру және қалалық ортаны эстетикалық ұйымдастыру, Тараз қаласының әкімшілік аудандарының аумақтарын және басқа да аумақтық бірліктерін дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болып табылады.

      Тараз қаласын дамыту бас жоспарының басты мақсаты - экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік ыңғайлы тіршілік ортасын құруға бағытталған қала құрылысы іс-шараларының кешенін жүргізу.

2. Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары
2.1. Демография

      Демографиялық процестер серпіні перспективада таяудағы 15 жыл дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан және қоғам өмірінде өріс алып отырған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қайта құрулар барысында қалыптасатын жаңа қоғамдық даму факторларының барлық жиынтығының өзара іс-әрекет жасауымен айқындалатын болады.

      Тараз қаласының демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен айқындалатын болады, олардың ауқымы мен бағыттылығы мынадай әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың:

      қаланың экономикалық әлеуетін дамыту;

      жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі;

      мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат пен басқа факторлар нәтижелерінен тәуелді болады.

      Халықтың перспективалық санын болжау нұсқалары табиғи өсімнің (1000 тұрғынға 9-дан 12 адамға дейін) кезең-кезеңмен арту гипотезасын, халық өмірінің ұзақтығын ұлғайту және көші-қон өсімін ескере отырып, есептелген. Көші-қонның оң сальдосына 2006 жылы қол жеткізілді және болжамды кезеңге дейін осылай болады деп күтілуде.

      Тараз қаласы халқының таяудағы 15 жыл кезеңіне арналған перспективалық саны Жамбыл облысы және тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орналасу жүйесіндегі тұрақты және инерциялық демографиялық үрдістерімен айқындалады.

      Тараз қаласы халқының перспективалық саны таяудағы 15 жылда 500,0 мың адамды құрайды. Бұл ретте, резервтік алаңдарды қоса алғанда, қала аумағының демографиялық сыйымдылығы 600,0 мың адамды құрайды.

      Халықты жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткіштері болжамды кезеңде қала экономикасы салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны 106,4 мың адамнан 199,4 мың адамға дейін артатындығын көрсетеді.

      Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - бұл қаралатын аумақтағы халыққа әлеуметтік-психологиялық қолайлылық және тұрудың жоғарғы орта деңгейін жасау.

2.2. Азаматтық-тұрғын үй құрылысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: бір адамға пайдалы алаңы кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден артық емес мөлшерде тұрғын үй, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер беріледі, қаланың барлық тұрғын үй қорын 12500,0 мың шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздейді.

      Құрылыс бос аумақтарда - 1643,0 га (жалпы алаңы 6729,1 мың шаршы метр), сондай-ақ ескі үйлерді бұзу есебінен қайта жаңартылатын аумақтарда - 420,0 га (жалпы алаңы 735,0 мың шаршы метр) жүргізіледі. Барлық кезең үшін жеке тұрғын үй құрылысының үлесі тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 6,8 %-ын құрайды.

      Тараз қаласының тұрғын үй аумақтарын қайта жаңғырту мен дамытудың басымды бағдарламалары мыналар болып табылады:

      халықты басым бөлігінің тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу;

      халық сұранысына негізделген және болжамды тұрғын үй саясатының жаңа моделін әзірлеу;

      кірісі төмен халыққа жалға беру үшін 848,0 мың м2 (жаңа құрылыс көлемінің 11,4 %) коммуналдық жалға берілетін тұрғын үй қорын қалыптастыру;

      1018,0 мың м2 көлеміндегі коммуналдық қор салу, оның 50,9 мың м2 (5%) бюджет қаражатына салынады және жағдайы төмен отбасылар мен халықтың әлеуметтік қорғалған топтарына беріледі және жекешелендіруге жатпайды;

      жалға берілетін коммерциялық тұрғын үйлер салу - 1824,0 мың м2 (жаңа құрылыс көлемінің 24,4 %);

      жылжымайтын мүлік нарығын құру.

      Жаппай көп қабатты тұрғын үй салу аумағында магистральдық инженерлік желілерді дамытумен және жайластырумен және әлеуметтік сала объектілерін орналастырумен тұрғын үй қала құрылысы кешендерін кезең-кезеңмен салу көзделген.

      Бас жоспарда әлеуметтік-кепілдік берілген қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз етудің нормативтік көрсеткіштеріне және қалалық маңызы бар объектілерді дамытудың нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы шарттарын ескере отырып, әлеуметтік саланы 2025 жылға дамыту көзделген.

      Әлеуметтік саланы дамытудың негізгі басымдықтары Жамбыл облысы орталығының "Ежелгі Тараз" тарихи-мәдени кешені негізінде туризм индустриясы орталығы ретіндегі мәртебесіне сәйкес оның перспективалық дамуы, қазіргі мәдени-ағарту бағытындағы мекемелердің, денсаулық сақтау және білім берудің әлеуметтік елеулі объектілерін дамыту, Талас өзенінде су спорты және ойын-сауық объектілері мен құрылғыларын салу, "Тектұрмас" мемориалдық-ландшафтық аймағын, отбасылық саябағы бар балалар орталығын, жаңа қалалық спорт орталығын (стадион, спорт сарайы, орталық жүзу бассейні, олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат), "Атакент" көпфункционалды орталығын салу болып табылады.

2.3. Экономикалық қызмет

      Экономикалық даму гипотезасы ресурстық әлеует, тарихи қалыптасқан өнеркәсіптің дәстүрлі салаларын дамыту, экономикалық қызметтің басты саласы - химия өнеркәсібін және облыстың индустриялық-инновациялық дамуының негізгі басым бағыттарын дамыту негізінде әзірленген.

      Экономика салаларын негізгі дамыту өнеркәсіп құрылымын оңтайландыру, құрылыс индустриясын, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту есебінен көзделеді.

      Экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларының одан әрі тиімді үйлесімдігі мен өзара іс-қимылы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жоспарлануда.

      Материалдық өндіріс салаларын қайта құрылымдау экологиялық таза және ресурстарды үнемдейтін технологиялардың пайдасына жүзеге асырылады.

      Бас жоспармен жаңа экономикалық қызметті - ежелгі Тараз ескерткіштерінің тарихи, мәдени және қала құрылысы мұрасы негізінде туризм индустриясын ұйымдастыру ұсынылады.

2.4. Қаланың туристік инфрақұрылымы

      Тараз қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бас жоспармен:

      тұрақты жұмыс істейтін археологиялық экспедицияны;

      қаланың тарихи орталығында шығыс үлгісінде ұлттық асханамен, сауда-саттық қатарлары бар тарихи қоныс бейнесін жасауды;

      кәдесыйларды дайындау және ұлттық киімдерді тігу, кілемдерді және басқа да заттарды дайындау жөніндегі шағын бизнес объектілерін;

      Тектұрмас жазығында балалар темір жолымен және Диснейлендімен мемориалдық-ландшафтық аймақты қалада дамытумен тарихи-танымдық туризмді қалыптастыру үшін Тараз қаласының мәдени-этнографиялық әлеуетін пайдалану ұсынылады.

      Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту сақтау және сабақтастығы негізінде Бас жоспармен қалада туристік қонақ үйлер кешенін, халыққа қызмет көрсету, тамақтандыру, ойын-сауық және демалыс объектілерін қалыптастыру көзделеді.

2.5. Тараз қаласының қала құрылысын дамыту мақсаттары

      Тараз қаласының қала құрылысын дамытудың негізгі мақсаты - қаланы тұрақты дамыту және халық тіршілігінің қолайлы ортасын қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету мыналарды сипаттайды:

      тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

      көліктік және инженерлік инфрақұрылымдардың сенімділігі мен қауіпсіздігі;

      қала құрылысы шешімдерінің мәдени сабақтастығы;

      кеңістіктік бірлігі, эстетикалық көрінісі, қаланың үйлесімділігі мен көп бейнелі көркі;

      тұрғын үй проблемаларын шешудің кешенділігі, тұрғын үй аумақтарын қайта жаңғырту мен дамыту және тұрғын ортаны қалыптастыру;

      өндірістік аумақтарды тиімді пайдалану;

      қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы және қол жетімділігі.

      Аталған мақсаттарға қол жеткізу Тараз қаласының аумағын қайта ұйымдастыру және көркейту, құрылыс салу аймақтарын қайта жаңарту, тіршілік ету ортасының сапалық сипаттамаларын жоғарылату арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

2.6. Экологиялық талаптар

      Тараз қаласының қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:

      қазіргі табиғи кешен аумақтарын қолайсыз антропогендік әсер етулерден қорғау және резервтік аумақтарда жаңа жасыл желек кеңістіктерін қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;

      тіршілік ету ортасының, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен жайлылығын арттыру.

      Тараз қаласының қала құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарды орындаудың қажетті шарттары мыналар болып табылады:

      атмосфералық ауаның ластануының нақты деңгейін айқындау жөніндегі бақылау желісін кеңейту, жекелеген қалдық көздерінде автоматтандырылған бақылауды енгізу;

      қала ауасындағы айқындалатын ластаушы заттардың көлемін ұлғайту және оттегінің құрамын айқындау;

      атмосфераға ластаушы заттар төгінділерінің көлемдерін төмендету және отын ресурстарын тиімді және үнемді пайдалану және күл сүзу құрылғыларын орнату жөніндегі шараларды енгізу есебінен атмосфералық ауаның жай-күйіне парниктік газдардың әсер етуін азайту;

      отынды жағудың ең жаңа технологиялары, газдық отынды пайдаланудың қолда бар мүмкіндіктері, негізгі жылу көздерінің жұмысын реттеу, тиімді емес жылу-энергия көздерінің жұмысын болдырмау немесе қайта ұйымдастыру есебінен отын ресурстары шығыстарын қысқарту жөніндегі іс-шаралармен қаланы жылумен қамтамасыз ету схемасын әзірлеу;

      электр энергиясында, газ отынында жұмыс істейтін көлік санының өсуі, бензин қозғалтқыштарында нейтрализаторларды пайдалану, автокөлікте пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтіндігін айқындау жөніндегі бақылау желісін ұйымдастыру, техникалық тұрғыдан ескірген көліктің жұмысын шектеу есебінен автокөліктің экологиялық таза түрінің үлесін ұлғайту;

      азонды бүлдіретін заттармен жұмыста техникалық пайдалану және қауіпсіздік жөніндегі оқытуды қамтамасыз ету есебінен азон қабатының жай-күйіне әсер етуді төмендету;

      өзендерде бақылау бекеттерін ашу есебінен мемлекеттік экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру;

      жер асты суларының ластануына және қалдық сулардың жер беті су көздеріне шығуына жол бермейтін "Тараз қаласының ағынды суларын биологиялық тазарту кешенін" салу;

      су алу құрылғылары, су тарту және су құбыры құрылғылары айналасында 1-ші және 2-ші белдеулі санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру;

      суармалы егістіктерге Талас өзенінің және қала аумағына жақын жатқан жер асты суларын пайдалану;

      арналардағы су тарту жолдары мен су алу құрылғыларын қайта жаңғырту;

      магистральдық арналардағы сүзгілеуге қарсы қасбеттерді орындау;

      суармалы егістікке су беретін ұңғымаларды қайта жаңғырту және сораптарды жөндеу;

      перспективалық құрылыс телімдерінде магистральдық және су тарату арналарын салуды қарастыру;

      құрылыс-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және суару жүйесін пайдалану үшін қалалық бюджеттен қажетті қаржылық қамтамасыз етумен, мелиоративтік бөлімше құру;

      су арнасының екі жағалауынан да кемінде 10 метр ендіктегі магистралдық арналардағы бұру жолағын жасау, оның шегінде шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салу;

      қалалық көше-жол желісі үшін ағаштарды суару және бау-бақшаларға және жеке тұрғын үй құрылысының учаскелеріне су беру мақсатында арықтық желілерді қарастыру;

      жыл сайынғы одан кейінгі дезинфекциялаумен және желілерді тазартумен апатты учаскелерді ауыстыра отырып, су құбырлары желілерін жөндеу;

      қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып, ағаштарды қатар отырғызумен қорғау белдеулерін ұйымдастыру жолымен, ашық типті трансформаторлық кіші станцияларынан келетін шуылдың нормативтік деңгейін қамтамасыз ету;

      қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау көлемдерін төмендету үшін "Қатты тұрмыстық қалдықтарды орау және сұрыптау цехын" салуды жүзеге асыру;

      қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, мал көмінділерін салу және құрамында сынап бар аспаптарды, бұйымдарды орталықтандырып шығару есебінен жерді ластанудың алдын алу;

      бүлінген жерлердің рекультивациясын жоспарлы түрде жүргізу, заңсыз қоқыстарды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу есебінен қатты тұрмыстық қалдықтармен жерлердің ластануының азайту;

      орман дақылдары алқаптарын кеңейту және қалпына келтіру, орман-мелиоративтік жұмыстарын дамыту, ағашты-бұталы, сәндік көшет материалдарын, қылқан жапырақтыларды өсіруге арналған тұрақты көшеттінтер салу;

      сексеуіл ормандарын сақтау мақсатында жылдам өсетін сүректі ағаштардың плантацияларын салу.

2.7. Аумақты қорғау жөніндегі іс-шаралар және қаланың
тұрақты дамуын қамтамасыз ету

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсер етуінен Тараз қаласының халқын қорғау және тұрақты жұмыс істеуін арттыру мақсатында жобада мынадай қала құрылысы іс-шаралары көзделген:

      инженерлік-геологиялық және гидрологиялық жағдайлар бойынша перспективалық құрылыстың жекелеген учаскелері мен аудандарын бағалауды ескере отырып, қала аумағын қабаттылығы бойынша бөлу;

      қала аумағын неғұрлым нақты функционалдық бөлу;

      ірі сауда-саттық және қойма кешендерін қаладан шыға беріс магистральдарында орналастыру;

      Талас өзені бойында тасқын сулардың мүмкін болатын су басып кетуінен қорғау құрылғыларын (қорғау дамбаларын, су қалдығының жинақтағыштарын, суды гидротехникалық реттегіш құрылғыларды және басқаларын) салу;

      темір жол торабының бойында өндірістік аймақтар қалыптастыру;

      айналмалы транзиттік магистральдердің маңында көліктік-өндірістік кәсіпорындарды қалыптастыру;

      қаланы рекреациялық аймақтармен және жасыл желектермен жоспарланған аудандарға селетибтік аймақтарға бөлу, төтенше жағдай туындаған жағдайда қала халқын көшіру үшін қолданылуы мүмкін өзеннің су қорғау алабын көгалдандыру;

      жол-көше желісін одан әрі дамыту және оның негізінде тұрақты жұмыс істейтін жалпы қалалық желі құру.

2.8. Табиғи-ландшафтты орманды-саябақты аймақтарды
және қаланың тарихи даму сабақтастығын сақтау талаптары

      Тараз қаласының қала құрылысы дамуындағы негізгі бағыттар табиғи-ландшафтты орманды-саябақты аймақтарды және қаланың тарихи даму сабақтастығын сақтаудың мынадай талаптарын орындауды қамтамасыз етуі тиіс:

      қала ортасын жайлылығын жасауда маңызды рөл атқаруы мүмкін қаланың жасыл желекті-сулы жүйесін қалыптастыру;

      ландшафттарды қорғауды және көзбен қабылдаудың оңтайлы шарттарын қамтамасыз ететін осы шекаралар шегінде қала құрылысы аймақтарының шекараларын және реттеу режимдерін айқындайтын жалпы қала құрылысы регламенттерін орнату және сақтау;

      құрылыстың ұлттық және тарихи сипатын сақтай, сауда қатарларын, керуен-сарайларды және басқа да объектілерді орналастыра отырып, этнографиялық ойын-сауық орталығын салу;

      қаланың орталық негізін қала құрылысы және сәулет құралдарымен анықтау және назар аудару.

2.9. Аумақтық табиғи кешенді сақтау мен дамытудың
негізгі бағыттары

      Тараз қаласының табиғи кешені негізінен табиғатты қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафты құру функцияларын орындайтын жасыл желек және су объектілері басым аумақтардың жиынтығын білдіреді және қаланың табиғи-ландшафтық қаңқасын қалыптастыруға қатысады.

      Табиғи кешен аумағына мыналар жатады: Тектұрмас жазығы, Талас өзенінің алабындағы саяжай массивтері, Аса және Талас өзендерінің табиғи құрылыс салынбаған аңғарлары, жасанды арналар, көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар, гүлзарлар және скверлер, сондай-ақ, жаңа жасыл аймақтарды ұйымдастыруға арналған резервтік аумақтар.

      Табиғи кешен аумақтарын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары:

      рекреациялық аймақтарды қалыптастыру;

      жобалауды экологияландыру.

3. Сәулетті-жоспарлауды ұйымдастыру
3.1. Қаланың аумақтық дамуы

      Бас жоспарда солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттағы бос жатқан аумақтарды игеру есебінен қаланың тарихи орталығындағы аз қабатты құрылыстардың аумақтарын қайта жаңғырта отырып, қаланың аумақтық дамуы көзделген.

      Бас жоспарда қаланың аумақтық резервтерін шамамен 600 мың адамға аяқтайтын (неғұрлым ұзақ перспективадағы қаланың сыйымдылығы) солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытындағы сыртқы көліктік жарты сақиналы жолдарды салу көзделген.

      Есепті мерзім шегінде бас жоспармен 8180,0 га бос аумақтарды және 420,0 га қайта жаңғыртылатын аумақтарды игеру көзделген.

      Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысы аз қабатты және көп қабатты тұрғын үй салумен көзделген. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы оңтүстік-батыс бағытында Астана тұрғын үй ауданында, қаланың орталық бөлігінде қайта жаңғырту аумағында, қоғамдық орталық торабында және маңызды қала құрылысы торабында дәстүрлі түрде жалғасатын болады, ал аз қабатты тұрғын үй құрылысы қаланың шеткі аймақтарында дамитын болады.

      Қаланың қайта жаңғыртылатын қалыптасқан бөлігінде қоғамдық орталық жүйесінің негізгі қала құрылысы тораптарын дамыту бағасы қымбат емес бір қабатты тұрғын үйлерді бұза отырып, жүргізіледі.

3.2. Қаланың жоспарлық құрылымы

      Қала құрылымы туралы жалпы деректер. Тараз қаласы - Жамбыл облысының орталығы - Ұлы Жібек жолы, Қытайдан Қырғызстанға, Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне сауда-көлік ағындары қозғалысының бойында орналаса отырып, тиімді экономикалық-географиялық жағдайға ие.

      Сыртқы автомобиль жолдары: негізгі қала магистральдарымен үйлесімдегі Тараз - Алматы, Тараз - Шымкент магистральдары оның аумақтық дамуының негізгі бағыттарымен көліктік қаңқасын құрайды. Қалыптасқан қала құрылысы ахуалы және қалалық және сыртқы жолдардың қазіргі желісі перспективада қаланың жоспарлау қаңқасын белгіледі.

      Төле би, Абай, Сүлейменов, Байзақ батыр, Жамбыл даңғылы, Желтоқсан, Бектұрғанов көшелері - қаланың жоспарлық құрылымының негізгі жүйе құраушы композициялық осі. Осы көшелер осінде қаланың қоғамдық орталығының жүйесі қалыптасады.

      Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан және қаланың шығысқа аумақтық дамуын шектейтін Тектұрмас жазығы қаланың жоспарлық құрылымының маңызды элементі болып табылады.

3.3. Қаланың жоспарлық құрылымының дамуы

      Табиғи доминанта - Талас өзенімен бірге көліктік-жоспарлық қаңқа қаланың перспективалық жоспарлық құрылымын қалыптастырудың негізі болып табылады.

      Бас жоспар қаланың көліктік-жоспарлық қаңқасын дамыту мен жетілдіруді көздейді. Қазіргі магистральдарға қосымша жаңа меридиандық және бойлық магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсетуші желілер салуды, жол айрықтарын, жол өткізгіштерін және эстакадаларды салуды көздейді.

      Бас жоспармен қаланың аумақтық резервтерін шамамен 600 мың адамға аяқтайтын (неғұрлым қашық перспективаға арналған қаланың сыйымдылығы) айналмалы магистральдің өң бойы бойынша сала отырып, Тараз қаласының жоспарлық құрылымын дамыту көзделген. Қаланың жоспарлық құрылымы қаланың болжамды аумақтық дамуының басты бағыттарымен бірге аралас желілік-радиалдық-сақиналы жүйе түрінде орындалған және ұсынылған.

      Қолайлы қалалық орта жасауда сулы жасыл желек жүйесі маңызды рөл атқарады, ол қаланың тарихи орталығында өз дамуын бастайды, ал одан кейін қазіргі арналар мен ұсақ өзендерді пайдалана отырып, әрбір тұрғын ауданға жетеді.

      Қала аумағында оның перспективалық жоспарлық құрылымына сәйкес алты тұрғын аудандары бөлінген, теміржол, суару арналары, магистральдық көшелер олардың шекаралары болып табылады. Барлық тұрғын үй аудандары өзара қалалық және аудандық магистральдар және қоғамдық орталық жүйесімен байланысқан. Қаланың тарихи орталығы (көне қалашық аумағы, некрополь, "Шахристан" және "Төлебай" базарлары) қала құрылысының жеке ауданы болып бөлінген.

3.4. Қаланың функционалдық аймаққа бөлінуі

      Бас жоспармен қала мынадай функционалдық аймақтарға бөлінген:

      6 тұрғын үй жоспарлау аудандарынан, қоғамдық орталық және жалпы қолданыстағы жасыл желек аймақтарынан тұратын селитебті аймақ. Қаланың селитебті аймағы мыналарды қамтиды:

      шағын аудандар және тұрғын үй құрылысының орамдары;

      жалпы қалалық орталықтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері орналасқан аумақтар;

      жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер, облыстық маңызы бар қызмет көрсету объектілері;

      мектепке дейінгі балалар мекемелері орналасқан тұрғын үй құрылымдары;

      коммуналдық кәсіпорындар, инженерлік-көлік инфрақұрылымының объектілері мен құрылғылары орналасқан аумақтардың жеке нүктелік учаскелері, тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары және басқалары.

      Тұрғын үй жоспарлау аудандарының қала құрылымындағы орналасқан жері мен рөліне байланысты құрылыс, қабаттылық, жай-күйі, қолайлылық деңгейі және басқа өлшемдері бойынша өзінің сипаттамасы бар.

      Бас жоспармен қазіргі қала іші аумақтарын барынша тиімді пайдалану, оның ішінде, қолайсыз аумақтарын құрылыс салуға пайдалану немесе аумақты инженерлік дайындау жөніндегі арнайы іс-шараларды орындаумен, абаттандыру көзделеді.

      Негізгі қала құрылысы тораптары орналасқан селитебтік аймақтың орталық бөлігі - басты әкімшілік алаңы, қаланың тарихи орталығы, кіре беріс тораптары, теміржол вокзалы, спорттық және медициналық орталықтар, қалалық саябақтар мен скверлер неғұрлым толыққанды және белсенді даму аумағы болып табылады.

      Жекеменшік аз қабатты үйлерді салу Астана және Тараз аудандарының солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде көзделеді. Астана тұрғын үй ауданында 5 қабатты тұрғын үйлерді салумен қазіргі шағын аудандарды аяқтау көзделуде.

      Қаланың батыс бөлігінде жаңа "Бәйтерек" тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

      Қаланың тарихи орталығы шегінде аз қабатты ескі тұрғын үйлерді бұза отырып, және шығыс классикасы стиліндегі элиталық орташа қабатты тұрғын үйлердің объектілерін салумен, тарихи орталықты қайта қалпына келтіру көзделеді.

      Бас жоспармен моральдық ескірген бір қабатты кварталдарды қайта жаңғыртумен және перспективалық дамудағы бос аумақтарға тұрғын үй салумен оның қалыптасқан бөлігінде селитебті аймақты сақтау және жайлы ортаны дамыту көзделеді.

      Өнеркәсіптік аймақ шығыс, солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймақтарын және кәріздік тазарту құрылғыларымен және ағынды су қалдықтармен коммуналдық аймақты қамтиды.

      Солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағы қаланың жұмыс істеп тұрған мынадай химиялық өнеркәсіптік кәсіпорындары қалыптастырады: Тараз металлургиялық зауыты, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, шыны зауыты және басқалары. Аумақ темір жол тораптарымен жабдықталған.

      Бұдан өзге, солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағында бос қорлар мен аумақтарды пайдалануды оңтайландыру көзделген. Аумақ теміржол тораптарымен жабдықталған. Өнеркәсіптік аймақтың солтүстік бөлігі экологиялық таза өндірістерді орналастыру үшін резерв ретінде айқындалған. Шығыс өнеркәсіптік аймағында қаланы орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін "ЖЭО" акционерлік қоғамы, бірқатар қайта өңдеу кәсіпорындары, коммуналдық қызмет және көлік мекемелері орналасқан.

      Бас жоспармен шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында бір және солтүстік-батыс өнеркәсіптік аумағында екі шығын және орта бизнесті дамытуға арналған үш индустриялық аймақ құру көзделген.

      Санитарлық-қорғау аймақтары - өнеркәсіптік және селитебті аймақ арасындағы жасыл желекті қорғау аумақтары.

      Бас жобамен санитарлық-қорғау аймақтарын солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймақ пен Мәскеу және Тараз жоспарлау аудандарының тұрғын үй құрылысы аумағы арасында салу көзделген. Шығыс өнеркәсіптік аймақта қазіргі уақытта жұмыс істемейтін өнеркәсіптік кәсіпорындардың зияндылығы классын нақты айқындау кезінде санитарлық-қорғау аймағы қалыптастырылатын болады.

      Талас өзенінің алабында орналасқан рекреациялық аймақ саябақтар, орманды саябақтар аймақтары, ландшафты аумақтарды қоса алғанда жанасатын дамба жолдармен оқшаулап белгіленген Талас өзенінің алабында жобалау шекараларындағы аумақты қамтиды. Рекреациялық аймақта, қала аудандарының шегінде гидротехникалық қорғау құрылымдарын салу, қазіргі көпірлерді қайта жаңғырту, қаланың тарихи орталығында қалалықтар, қонақтар мен туристер үшін демалыс аймақтарын құру көзделген.

      Сулы-жасыл желек жүйесі. Сулы-жасыл желек жүйесінің негізін мынадай ірі элементтер құрайды: тарихи орталықтың сулы-жасыл желек жүйесі, Тектұрмас жазығындағы мемориалдық-ландшафтық аймақ, Талас өзенінің алабы, сондай-ақ, Төрегелді, Солтүстік айналмалы арна, Сәңкібай, Қапал, Түйте, Үшбұлақ, Қарасу-2, Молдабай арналарының бойындағы көгалдандырылған аймақтар.

      Көше және жол аумақтары - қаланың жалпы қалалық және аудандық магистральдары, негізгі қалалық жаяу жүргіншілерге арналған кіші жолдар мен бульварлар бойынша қызыл желілер шекараларындағы телімдер, көлік құрылғылары объектілерінің аумақтары, теміржол аумақтары.

      Есепті мерзімге дейін және қашық перспективада пайдалануға арналған аумақтарда қызыл желілермен шектелген барлық деңгейдегі магистральдар мен көшелер аумақтары, қалалық жаяу жүргіншілер бульварлары қоғамдық пайдалану үшін қажетті муниципиалдыққа жатады.

      Ерекше мақсаттағы аумақтар - әскери ведомстволардың, әскери бөлімшелердің арнайы аумақтары. Мұнда казармаларды немесе жабық түзету мекемелерінің корпустарын қоса алғанда, тұрғын үй және коммуналдық, өнеркәсіптік және басқа да объектілер орналасады.

      Резервтік аумақтар - қаланың перспективалық даму аумақтары муниципальдық жер болып табылады және қаланың селитебті аймағын дамытуға пайдаланылады. Бұл аумақтарда барлық функционалдық аймақтардағы сияқты қызыл желілерді міндетті сақтау ережесі қолданылады.

      Бас жоспармен көзделген Аумақтарды құрылыстың бөлу қоғамдық орталықтағы жаңа қала құрылысы тораптарында жоғары көпқабатты (9-12-16 қабатты) үйлерді, Алматы жоспарлау тұрғын үй ауданында, қалаға кіреберісте 4-7 қабатты тұрғын үйлерді салуды, қаланың Астана және Оңтүстік тұрғын үй аудандарында аз қабатты жеке тұрғын үйлерді және қаланың тарихи орталық бөлігінде 2-3 қабатты элиталық коттедждік блокталған тұрғын үй салу көзделеді.

      Бас жоспарда тұрғын үйдің қабаты бойынша құрылымы және құрылыс аймақтары аумақтардың қолайлылығын және коммуналдық құрылыс аумағын, қаланың қоғамдық орталығы аймағында құнды емес аз қабатты жеке меншік тұрғын үйлерді бұзу кезінде аралас меншік тұрғын үйді салу аумағын, жеке құрылыс аумағын бөле отырып, тиістілігі бойынша болжамды бөлуді ескере отырып, орындалады.

3.5. Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары

      Қаланың қоғамдық орталығы. Қаланың маңызды құрылым құрайтын элементі, Тараз қаласының қоғамдық орталығы өзара бірыңғай жүйеге шоғырланған негізгі жалпы қалалық қала құрылысы тораптарынан, аудандық маңызы бар алаңдар мен орталықтардан тұрады. Қаланың әкімшілік орталығы Абай - Төле би - Сүлейменов көшелерінің қаланың маңызды қала құрылысы осінде орналасқан қалыптасқан қала құрылысы торабы болып табылады. Өңірдің қарқынды дамуы аталған қала құрылысы торабының және оның жаңа сәулетті-кеңістіктік композициясының функциясын күшейтуді көздейді.

      Бас жоспарда қаланың жаңа имиджі мен бейнесін жасайтын қаланың басты ансамбльдері, алаңдары және қала құрылысы тораптары бойынша қағидаттық шешімдер берілген.

      Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды жаңғырту бағдарламасына сәйкес Бас жоспарда ескі базарды қала сыртына шығарумен, сейсмикалық тұрақты емес бір қабатты құнды емес үйлерді бұзумен қаланың тарихи орталығын қайта жаңғырту және жоғары класты отелдерімен, қолөнершілердің шеберханаларымен, сауда дүңгіршектерімен, мұражай-көрме объектілерімен, қонақ үйлерімен, бару үшін ашық сауда-ойын сауық кешендерімен "Ежелгі Тараз" этнографиялық тарихи-мәдени ойын сауық кешенін қалыптастыру болжануда.

3.6. Тараз қаласының аумағын қала құрылысы аймақтарына бөлу

      Тараз қаласын дамытудың бас жоспарында аумақты қала құрылысы бөлуі ҚНжЕ 3.01.01.2002* "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және салу" сәйкес жүргізіледі. Бас жоспар көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын ескере отырып, аумақтық бірліктердің аумақтары деңгейінде функционалдық пайдалану (функционалдық мақсат) талаптарын белгілейді. Тараз қаласының жобалау шекарасы шегінде шамамен орта есеппен алғанда, ауданы 55 га алып жататын 365 аумақтық бірліктер бар.

      Тараз қаласының қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде қала құрылысын дамытудың мақсаттарына, талаптарына және негізгі бағыттарына сәйкес қатал, орташа және төменгі деңгейдегі регламенттермен аумақтарды функционалдық белгіленген бөлу қала аумағын пайдалануды қамтамасыз ететін заңды құрал болып табылады.

      Қатал, орташа және төменгі деңгейдегі регламенттермен аумақтарды функционалдық белгіленген бөлу қала құрылысы мен жер телімдерін пайдалану саласында шешім қабылдау кезінде жергілікті атқару органдары үшін міндетті болып табылады. Аумақтарды функционалдық белгіленген бөлуге қайшы келетін қала құрылысы қызметіне ҚР ҚНжЕ 3.01.01.2002* "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және салу" сәйкес тыйым салынады.

      Аумақтық бірліктердің функционалдық мәні Бас жоспар шеңберінде Тараз қаласының Бас даму схемасымен белгіленеді.

      Тараз қаласының Бас даму сызбасы қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттарымен және бірінші кезектегі қала құрылысы іс-шараларының бағдарламасымен көзделген қала аумағын пайдаланудағы өзгерістерді заңды бекітеді.

      Бас даму сызбасы қала аумағын функционалды пайдалануды өзгертудің мынадай негізгі тенденцияларын көрсетеді:

      ең көп демографиялық тығыздығы 600,0 мың адамға дейін және бір мезетте бос жатқан өндірістік аумақтарды қысқартумен қаланың селитибті аумақтарын ұлғайту;

      рекреациялық мақсаттағы аумақтарды ұлғайту және мамандандырылған нысандарды салу (жағалауды абаттандыру және Талас өзенінің ағынды суларынан қорғайтын құрылыстар, күнге қыздырыну орындары мен саябақтар құрылысы);

      көтерме және бөлшек сауданың мамандандырылған өңірлік сауда-саттық кешендерін орналастыру үшін аумақтар бөлу және басқалары;

      тұрмыстық-азаматтық құрылыстың қоғамға маңызды басымдықты нысандарды орналастыру үшін келісілген құрылыс аймағын бөлу.

3.7. Қала аумағын игеру және құрылыс жүргізу регламенттері

      Қала аумағына құрылыс салуды реттеудің жалпы ережелері бойынша Бас жоспарда мыналар көзделген:

      қаланың құрылыс коды бойынша жалпы регламенттер мен шектеулерді сақтау;

      көше-жол жүйесінің сызбасына сәйкес қызыл сызықты сақтау. Қызыл сызықтар шегінде қала - жол желісін дамыту үшін көзделген аумақтар қалалық әкімдікке тиесілі (муниципалды жер) деп саналсын;

      функционалдық аймақтардың - селитебтік, өнеркәсіптік, коммуналдық-қоймалық, рекреациялық, қаланың қоғамдық орталығының - келісілген құрылыс аймақтарының шекараларын сақтау;

      республикалық және жалпы қалалық мақсаттағы инженерлік-көліктік дәліздер шекараларының (магистралдық инженерлік коммуникациялар мен құрылыстар дәліздері) сақталуы.

3.8. Көлік инфрақұрылымның дамуы

      Бас жоспарда мыналар қарастырылады: сыртқы көлік жүйесін (әуе, темір жол, автомобиль) дамыту; көлік инженерлік құрылымдары мен көше-жолдар желісін және инженерлік көліктік құрылыстарды жетілдіру; қала автокөлік паркінің жылжымалы құрамын жетілдіру; автожанармай бекеттерінің және көліктерге техникалық қызмет көрсету желісін дамыту.

      Сыртқы көліктік инфрақұрылымды тиімді дамытудың негізгі іс-шаралары мыналар болып табылады:

      тәулігіне 10000 жолаушы қабылдай алатын жаңа қалааралық автовокзал мен тәулігіне 500 жолаушы жібере алатын автобекет құрылысы;

      қала шеңберінде республикалық маңызды М-32 автомобиль жолдарының халықаралық көліктік дәліздің учаскесін қоса отырып жаңа айналмалы жол құрылысы;

      қаланың бар және келешектік құрылыстарына әсерін тигізбес үшін қала аумағынан әуежайды шығару;

      қалаішілік көлік жүйесін дамыту аясында мынадай іс-шаралар көзделген:

      ішкі көліктік байланысты, сондай-ақ сыртқы авто жолдарға шығуды қамтамасыз ететін қаланың бар жолдарды қалпына келтіру және жаңа көше-көліктік желінің құрылысы;

      қаланың оң жағалауы мен сол жағалауының қолайлы көліктік байланысы үшін Талас өзені арқылы 4 көпір құрылысы;

      қаланың темір жол сызығынан көліктік өту үшін темір жол үстінен 6 теміржол өткелдер құрылысы;

      Жалпы қалалық мақсаттағы магистральдар қиылыстарында 2 деңгейлі 8 айрықты, сондай-ақ жаңа айналма жолға шығатын қиылыстарда 6 айрық құрылысы;

      қалалық автобус паркін ұлғайту және жаңалау, жаңа жолаушылар автокөліктік кәсіпорындарын кеңейту және салу, жаңа автобус бағдарларын ашу;

      автомобильдерді тұрақты және уақытша орналастыруға арналған әртүрлі типті гараждар мен автотұрақтарды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету бекеттері мен автожағар май құю бекеттер құрылысы.

4.Инженерлік инфрақұрылымды дамыту
4.1. Сумен жабдықтау

      Қаланың перспективалық шаруашылық-ауызсумен қамтамасыз ету көздері Талас-Аса су көздерінен алынатын жер асты сулары, техникалық сумен жабдықтау - Талас пен Аса өзендерінің үстіңгі беткі ағын суы, тазартылған ағын сулар болып табылады.

      Бас жоспарда қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың мынадай бағыттары:

      қалалық орталықтандырылған су құбыры жүйесін сақтау және шаруашылық-ауызсу, өндірістік және өрт сөндіру су құбырын, оның өнімділігін 269,2 мың м2/тәулігіне (Qmах.тәулік) дейін ұлғайтып дамыту;

      су тарту және су құбырлары құрылғылары мен ұзындығы 550 шақырым су құбырлары есебінен сумен қамтамасыз жүйесінің сенімділігі деңгейін арттыру және ұзындығы 207,7 шақырым жаңа магистральдік және су құбыры желілерінің құрылысы көзделген.

4.2. Су тарту

      Бас жоспардың кәріздік жүйені дамыту бөлігінде мыналар көзделген:

      қуаты 120,0 мың м3/тәулігіне биологиялық жолмен тазалау құрылғысын салу және оны перспективада 203,1 мың м3/тәулігіне дейін арттыру есебінен кәріз жүйесінің сенімділігін арттыру;

      149,18 км қазіргі кәріздік желілерді қайта жаңғырту;

      кәріздер желісін дамыту, жаңа магистральдық коллекторларды (172,8 км), қуатты құбыр өткізгіштерді (35,4 км) салу, қазіргі сорғы бекеттерін (4 бірлік) қайта жаңғырту, айдаудың жаңа сорғы бекеттерін (10 бірлік) салу;

      зиянды заттардың жол берілмейтін шоғырлануын қалалық кәрізге төгінділерінің алдын алу мақсатында кәсіпорындарда қазіргі заманғы технологияларды енгізу есебінен ақаба суларды тазарту сапасын және оның технологиясын жетілдіру, тазартудың жаңа технологияларын, энергия үнемдейтін жабдықты кәріздік тазарту құрылғыларында енгізу.

4.3. Аумақтардың инженерлік дайындығы

      Бас жоспармен қаланың аумағында орын алған жер асты сулары мен су ағындарының алдын алу шаралары, Талас өзені жауын-шашын әсерінен арнасынан асқан жағдайда қолайлы орналасқан жағалаулық бөгеттер арқылы қала аумағын қорғауды көзделеді.

      Қаладағы жер телімдерін құрылыс объектілері ретінде тиімді пайдаланудың негізгі іс-шаралары:

      қала аумағындағы артық суларды тазалау құрылғыларынан 77,5 км қашықтықта орналасқан жауын-шашын суларына арналған арналар жүйесінің құрылысы;

      21,3 км көлденең ашық коллекторлар және тігінен 75 ұңғыма салу жұмыстары;

      42,15 км созылып жататын су қатпалды құрылғыларды қайта жаңартуды және келешекте жасыл желекті суару жұмыстарын жүргізу мақсатында арықтық жүйелердің (350 км) және арналық жүйелердің құрылысын жүзеге асыру;

      Талас өзенінің жағалауын жауын-шашын суларының күрт жоғарылауынан туындайтын сел қаупінен сақтау үшін қала шебіне 18,7 км қашықтыққа созылатын жер бөгеттерін тұрғызу. Қаланың орталық бөлігінде құрылыс жағалаумен үйлестіріле орындалатын болады.

4.4. Жылумен жабдықтау

      Тараз қаласының бас жоспарына сәйкес жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі бағыттары мыналар:

      жаңа технологиялар мен құрылғылар негізінде жылу жүйесін жетілдіру, техникалық жарақтандыру және дамыту;

      орталықтандырылмаған аймақтарда автономдық жылумен жабдықтау көздерін енгізу;

      жаңа жылу магистральдары құрылысын жүргізу және кейбір жылуландырушы аймақтарда жылу магистралінің жекелеген учаскелерін күшейту;

      орталықтандырылған жылу беру көздеріне қосу арқылы жаңа салынған үйлерді жылумен жабдықтау;

      Алматы тұрғын үй ауданындағы аудандық қазандықтарды, I және II кезектегі когенерациялаушы газды электр станцияларын салу және қазандықтарды қазіргі заманғы технология есебінен жаңғырту және дамыту.

4.5. Электрмен жабдықтау

      Қаланы электрмен жабдықтаудың негізгі көздері Жамбыл ГРЭС-і (Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС) және "Таразэнергоцентр" акционерлік қоғамы (ТЭО-4) болып табылады.

      Қаланы электрмен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мыналар: "Оңтүстік" 220/110/10 кВ, "Орталық" 110/10 кВ, "Темір бетон бұйымдары" 110/35/6 кВ, РК-4 110/35/6 кВ, "ТЭО-4" 110/35/6 кВ кіші станцияларын қайта жаңарту;

      "Құмшағал" 110/35/10 кВ, "Астана" 110/10 кВ, "Бәйтерек" 110/10 кВ, "Тараздық" 110/10 кВ, "Саябақ" 110/10 кВ, "Қазболат" 110/10 кВ, "Барысхан" 35/10 кВ, "Алматы" 110/10 кВ және т.б. жаңа кіші станцияларының құрылысын жүргізу;

      перспективаны ескере отырып, қазіргі аймақта электр желілері мен құрылғыларын қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру;

      электр энергиясын пайдаланғаны үшін дифференциаланған тарифтерді енгізе отырып барлық тұтыну салаларына электр қуатын үнемдеу іс-шараларын енгізу.

4.6. Газбен жабдықтау

      Қаланы газбен жабдықтау қазіргі кезде табиғи және сығымдалған газды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Перспективада газды тұтынушыларды Қарашығанақ және Амангелді газ конденсаты кен орындарына ауыстыру м3/жылына құрайтын болады, оның ішінде электр қуаты мен жылу өндіруге жұмсалған бөлігі - 1103,0 млн.м3/жылына, халыққа қызмет көрсету үшін - 130,5 млн.м3/жылына, өндірістік жұмыстарға - 137,0 млн.м3/жылына құрайды.

      Табиғи газды пайдаланумен қатар қаланың тұтынушылары сығымдалған газды да пайдаланатын болады. Сығымдалған газды тұтыну деңгейі жылына 1,6 мың тоннаны құрайтын болады.

5. Бас жоспар мониторингі мен оны іске асыру

      Тараз қаласын дамытудың бас жоспарының мониторингін және оны іске асыруды Тараз қаласының жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.

      Тараз қаласының әкімдігі қалалықтарды Бас жоспарды іске асыру барысы туралы тұрақты түрде хабарландырып отырады.

      Бас жоспарды түзету әрбір 5 жыл сайын жүргізіледі және одан кейінгі есепті кезеңге бірінші кезектегі қала құрылысы іс-шараларының бағдарламасын қабылдаудан тұрады.

Тараз қаласы бас жоспары жобасының техникалық-экономикалық
көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жыл бойынша көрсеткіштер

Өткен жыл

2013 жыл

2025 жыл

1

2

3

4

5

6

1

Аумақ





1.1

Қалалық шекара шегіндегі елді мекен жерінің ауданы - барлығы

га

12833,0

18786,75

18786,75


оның ішінде:





1.1.1

Мемлекеттік меншік жерлері

га

818,0

818,0

818,0

1.1.2

Коммуналдық меншік жерлері

га

7622,0

9679,8

7944,83

1.1.3

Жеке меншік жерлері

га

4393,0

8288,9

10023,9

2

Халық





2.1

Бағынышты елді мекендерді ескере отырып, тұрақты халық саны - барлығы

мың адам

350,0

365,0

500,0

2.2

Қаланың селитебтік аумағы шегіндегі халық тығыздығы

адам/га

47,0

47,0

47,5

2.3

Экономикада жұмыспен қамтылғандар

мың адам

106,4

129,8

199,4

3

Тұрғын үй құрылысы





3.1

Тұрғын үй қоры - барлығы

Жалпы ауд мың м2

4380,0

4555,4

6707,2


оның ішінде:





3.1.1

Коммуналдық қор


-

350,0

1866,4


оның ішінде:

халықтың әлеуметтік қорғалған тобына арналған муниципалдық қор

Жалпы ауд мың м2




3.1.2

Жалға алынған тұрғын үй қоры

Жалпы ауд мың м2

-

-

170,1

3.1.3

Жеке меншіктегі тұрғын үй қоры

Жалпы ауд мың м2

5549,7

6761,0

8809,6

3.2

Халықтың жалпы ауданмен орташа қамтылуы

м2/адам

17,2

20,2

25,0

3.3

Алынып тасталатын тұрғын үй қоры, жалпы ауданы

мың м2

-

118,8

687,1

3.4

Қайта жаңғыртумен байланысты тұрғын үй қорын бұзу

мың м2

-

35,6

206,1

3.5

Жаңа тұрғын үй құрылысы - жалпы ауданы барлығы

мың м2

-

1643,0

5821,1

3.6

Тұрғын үй құрылысының қатынасы






қабаттар бойынша:






- аз қабатты құрылыстар

мың м2

3679,4

2964,0

2207,8


- көп қабатты құрылыстар

мың м2

12,0

12,0

765,0

4

Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер





4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын

5510

6030

28000

4.2

Жалпы білім беретін мекемелер

орын

49104

52004

84375

4.3

Емханалар

ауысп/кез

4860

10690

14500

4.4

Барлық үлгідегі стационарлар

төсек

3540

5528

7500

4.5

Сауда кәсіпорындары (барлық үлгідегі дүкендер)

сауд. ауд. м2

29460

Халық сұранысына сәйкес жасалынады. Берілген нысандардың құрылысы жеке меншік инвестициялар көмегімен жүзеге асады.

4.6

Базар кешендері

сауд. ауд. м2

6748

4.7

Ірі мейрамханалар, дәмханалар, барлар

тұрғ. орын

8550

4.8

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары

жұм. орын

840

4.9

Өрт сөндіруші автокөліктер

бірлік сан

10

46

63

5

Көлік және жол





5.1

Көше және жол тораптарының жалпы ұзындығы

км

270

390

596

5.2

Жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдар

км

240

270

596

5.3

Көпірлер мен жол тораптары

бірлік

11

15

27

6

Инженерлік жабдық





6.1

Сумен жабдықтау





6.1.1

Жалпы пайдаланылған су (шығындар мен тосқауылдарды қоса алғанда) - барлығы

мың м2/ тәул.

100

170,7

244,6


оның ішінде:






- шаруашылық-ауыз су (халық) мұқтаждықтарға

мың м2 / тәул.

-

94,8

132,5


- өндірістік мұқтаждарға (өнеркәсіп)

мың м2 / тәул.

-

70,3

113,6

6.1.2

Суды пайдалану (орташа 1 адам/тәулігіне)

л/тәулігіне

-

250,0

250,0

6.2

Кәріз (ағын сулардың жалпы түсуі)

мың м2/ тәул.

-

144,7

203,1

6.3

Электрмен жабдықтау (электрлік жүктеме)

МВт

262,5

503,7

679,1

6.4

Жылумен жабдықтау (жылу көздерінің белгіленген қуаты)

Гкал/сағ

1024,0

1071,0

1153,0

6.5

Газбен жабдықтау





6.5.1

Табиғи газды пайдалану

млн.м3/тәулік

886,0

1031,1

1370,5

6.5.2

Сығымдалған газды пайдалану

млн.м3/тәулік

6,36

3,18

1,6

7

Аумақтың инженерлік дайындығы





7.1

Жауын-шашын суларына арналған кәріздер ұзындығы

км

-

12,45

77,5

7.2

Жағалауды күшейту іс-шаралары

км

1,5

6,1

20,5

7.3

Топырақ қабатына сәйкес судың деңгейінің төмендеуі

мың га

2,2

4,5

9,0

7.4

Магистралдық суғаруға арналары

км

71,6

76,6

87,0

7.5

Ашық арықтық желісі

км

113,8

150,0

350,0

Жылдар бойынша (2009 - 2011 ж.ж.) құрылыстың 1-ші кезегі
бюджетінің құрылымы

Салалардың атауы

Барлық бюджеттік қаражат 2009 - 2011 ж.ж.

оның ішінде жылдар бойынша (млн. теңге)

2009

2010

2011

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлық инвестиция

25705,5

2016,4

5946,9

643,6

8607,2

402,2

11151,4

970,6

оның ішінде:









Тұрғын-үй құрылысы

4518,0

-

2082,0

-

2436,0

-

-

-

Білім беру объектілері

2641,2

1010,7

981,6

249,5

1659,6

159,6

-

601,6

Денсаулық сақтау объектілері

18546,3

288,9

2883,3

-

4511,6

62,9

11151,4

226,0

Спорттық ғимараттар

-

285,3

-

135,3

-

7,0

-

143,0

Коммуналдық объектілер

-

431,5

-

258,8

-

172,7

-

-

Қала шаруашылығын 2005 - 2025 ж. дамытуға арналған
инвестициялардың салалық құрылымы

Р/с

Сала

Жобалау кезеңінде барлығы млн. тн.

Құрылыстың 1 кезеңі, оның ішінде (2009 - 2010 ж.ж.) млн.теңге

оның ішінде, қаржыландыру түрлері бойынша

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Жекеше инвестиция

Несиелі қаражат

1

2

3

4

5

6

7

8


Барлық инвестициялар

1393697,8

320216,5

25705,5

2016,4

286858,6

5636,0


оның ішінде:







1

Тұрғын үй құрылысы (жеке инвестицияны қоса алғанда)

537408,0

118296,0

4518,0

-

108142

5636,0


Мәдени-тұрмыстық құрылыс, оның ішінде

376185,5

59148,0

21187,5

2016,4

35944,1

-

2.1

Білім беру объектілері


31011,9

2641,2

1010,7

15300,6

-

2.2

Денсаулық сақтау объектілері


18835,2

18546,3

288,9

-

-

2.3

Спорттық ғимараттар


285,0

-

285,3

-

-

2.4

Коммуналдық объектілер


431,5

-

431,5

-

-

3

Көлік - барлығы

195410,0

67360,0

-

-

67360,0

-


оның ішінде:







3.1

Сыртқы көлік

41498,0

17000,0

-

-

16000,0

-

3.2

Қалаішілік көлік

9652,0

3310,0

-

-

3310,0

-

3.3

Көше-жол желісі

144260,0

47050,0

-

-

47050,0

-

4

Инженерлік инфрақұрылым - барлығы

110511,5

56714,1

-

-

56714,1

-


оның ішінде:







4.1

Сумен жабдықтау

20240,0

11295,0

-

-

11295,0

-

4.2

Кәріз

29370,2

22065,6

-

-

8066,0

-

4.3

Электрмен жабдықтау

15000,0

4000,0

-

-

4000,0

-

4.4

Жылумен жабдықтау

39680,0

17680,0

-

-

7960,0

-

4.5

Газбен жабдықтау

1697,5

161,5

-

-

161,5

-

4.6

Телефондандыру

4524,0

1512,0

-

-

1512,0

-

5.

Аумақты инженерлік дайындау

10834,3

4199,9

-

-

4199,9

-

6.

Санитарлық-қорғау орман белдеулері

3655,8

1096,7

-

-

1096,7

-

7.

Жасыл желектер отырғызуды ұйымдастыру

25767,9

7730,4

-

-

7730,4

-

8.

Өзге де ескерілмеген шығындар

133924,7

5671,4

-

-

5671,4

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады