Жер учаскелерін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1214 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріне бұрын қорғаныс мұқтажы үшін берілген жалпы алаңы 1448,4145 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан елді мекендердің жері мен босалқы жер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 18 қарашадағы
№ 1214 қаулысына  
қосымша       

Елді мекендердің жері мен босалқы жер санатына ауыстырылатын өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жердің экспликациясы

Р/с №

Ауыстырылатын жердің жалпы алаңы, гектар

оның ішінде жер санаттарына

Жер учаскесінің орналасқан жері

Ауыстырылатын жер учаскесінің нысаналы мақсаты

елді мекендердің жері, гектар

босалқы жер, гектар

1

2

3

4

5

6

1.

59,2

-

59,2

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

16529 әскери бөлімнің (№ 5 әскери қалашық) иеліктен шығарылған мүліктік кешендеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін

2.

425,01

-

425,01

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

07209 әскери бөлімнің (№ 4 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

3.

21,6

21,6

-

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжа кенті

42062 әскери бөлімнің иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

4.

0,128

0,128

-

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жас ұлан көшесі, 15 үй

Талдықорған аудандық пайдалану бөлімінің (№ 1 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимаратына қызмет көрсету және пайдалану үшін

5.

18,0

0

18,0

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

4781 әскери бөлімнің (№ 17 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

6.

2,45

2,45

-

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

21035 әскери бөлімнің (№ 2 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

7.

2,17

2,17

-

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Үшарал аудандық пайдалану бөлімінің (№ 1, 8 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

8.

918,33

0

918,33

Алматы облысы, Көксу ауданы

29108 әскери бөлімнің (№ 31 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін (саны 60 объект)

9.

1,5

1,5

-

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бескөл станциясы

Үшарал аудандық пайдалану бөлімінің (№ 7 әскери қалашық) иеліктен шығарылған ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсету және пайдалану үшін

10.

0,0265

0,0265

-

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазәскерсаудажабдықөткізу» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «448 әскери сауда» еншілес кәсіпорнының мүліктік кешенінің бұрынғы № 26 дүкенінің иеліктен шығарылған ғимаратына қызмет көрсету және пайдалану үшін


 
 

1448,4145

27,8745

1420,54


 
 

 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады