Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 279 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қазақстандық қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық қамту үлесі (үлестері) құнынан пайыздық мәні;";

      7) тармақшада мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;";

      10) тармақша алынып тасталсын;

      5-тармақта:

      4) тармақша "аяқтау" деген сөздің алдынан "келесі қаржы жылы (жылдары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу ережесін әзірлеу кезінде белгілейді.

      Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс берушілер:

      1) тендерге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы - тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) бағаларын шартты түрде азайту жөніндегі талаптарды көздейді;

      2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) өтінімдерін қарау және тендердің жеңімпазын таңдау кезінде бағаны шартты түрде азайтуды қолданады;

      3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілерге (отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен қызметтерді берушілерге) артықшылық береді.

      Тапсырыс берушілер сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту жөніндегі ақпаратты олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.

      Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.";

      18-тармақта:

      26) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;";

      40) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады