"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 991 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық
қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 29-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):
      206-баптың 3-1-тармағында:
      бірінші бөлік «эмиссиялық бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «немесе ислам бағалы қағаздарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылатын ислам бағалы қағазы оны ұстаушының материалдық активтерді пайдаланудан табыстар алуға құқығын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.».
      2. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1) 1-бапта:
      34-1) тармақша «заңды тұлға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі мемлекеттік мекеме)» деген сөздермен толықтырылсын;
      34-3) тармақша «түскен активтер мен» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      60-1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке иелік етуге уәкілетті, жалға беру шартының негізінде ислам арнайы қаржы компаниясының активтерін беретін мемлекеттік орган оригинатор болып әрекет ете алады;»;
      2) 32-3-бапта:
      1-тармақта:
      «Ислам» деген сөз «Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, ислам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар қосалқы жалдау шарты бойынша кірістер алу құқығына ие болады.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша «жалдау» деген сөздің алдынан «ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1)тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) егер ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, қосалқы жалдау шарты бойынша кірістер алу;»;
      3-тармақта:
      «Ислам» деген сөз «Мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығаруды, сондай-ақ мүлікті қосалқы жалдау шарты бойынша түскен төлемдерді исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушыларға бөлуді жүзеге асырады.»;
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мекеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне кіретін мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шартын жасасқаннан кейін исламдық жалдау сертификаттарын айналымға шығаруға болады.
      Егер ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне кіретін мүлікті қосалқы жалдау шартын жасағаннан кейін исламдық жалдау сертификаттарын айналымға шығаруға болады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік мекеме шығарған ислам жалдау сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеу оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясымен мүлікті жалға беру шартын бұзған жағдайда жүзеге асырылады.»;
      3) 32-5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «кеңесі немесе» деген сөздерден кейін «мемлекеттік мекеменің,» деген сөздермен   толықтырылсын;
      4) 32-6-бапта:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлікті және (немесе) бөлінген активтерді беретін оригинатор құрады.
      Егер ислам арнайы қаржы компаниясы қызметін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырған жағдайда, мүлік және (немесе) бөлінген активтер мұндай компанияға жалға беру шарты бойынша беріледі.
      Мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Мемлекеттік мекемеге жалға беру шартымен берілген активтер исламдық жалдау сертификаттары бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды.».
      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      «14. 1, 3, 5, 10, 11-1-тармақтарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ислам арнайы қаржы компаниясының қызметіне қолданылмайды.».
      3. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 21, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 ж., № 188, 11-12-құжаттар):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында әрекет ететін ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға берілуі мүмкін.»;
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға беру туралы шешім қабылдау;».
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады