"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 19 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасында:
      тақырыбында:
      «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтін бойынша:
      «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының» және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің» деген сөздер «мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады