"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1007 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы

      Осы Заң индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін осы жоба бойынша еңбекті төлеудің жалпы қорынан және (немесе) жобаны іске асыру кезінде пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнынан төлеу құнын пайыздық қамту;
      2) жергілікті қамту бойынша сараптама – республикалық индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында технологиялар трансфертімен, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жасаумен байланысты қызмет;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      5) индустриялық-инновациялық жоба – индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ ұсынылған өкілеттіктері шектерінде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – басшылықты және стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      8) инновациялық грант – осы Заңда көзделген басым бағыттар шеңберінде олардың жобаларын іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылатын бюджет қаражаты;
      9) салалық конструкторлық бюро – материалдық-техникалық кешені бар, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын және оның негізінде өнімдерді шығаруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін заңды тұлға;
      10) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқоры - отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің тізбесі;
      11) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында жаңа немесе жетілдірілген өндіріс, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер түрінде іске асырылатын индустриялық-инновациялық қызметтің нәтижесі;
      12) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін үдеріс және (немесе) кешен;
      13) технологиялар трансферті – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік немесе оларды пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған тәсілдермен жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу үдерісі;
      14) технологиялық парк (бұдан әрі – технопарк) – индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығына немесе өзге де заңды негіздерде ие заңды тұлға;
      15) экономиканың басым секторлары – мемлекеттің экономикалық даму серпіні мен сапасына әсер етуге қабілетті ұлттық экономиканың секторлары;
      16) технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің бөлімшесі;
      17) технологиялық болжау – игеруі мемлекеттің тұрақты индустриялық-инновациялық дамуы, сондай-ақ технологияларды дамыту, олардың трансферті бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті шарт болып табылатын анықталған технологияларға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;
      18) технологияларды коммерцияландыру - экономикалық тиімділікті алумен жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, тауарлар мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында іс жүзінде технологияларды қолданумен байланысты үдеріс;
      19) ұлттық операторлар – салалық және технологиялық даму, жергілікті қамтуды және экспортты дамыту, инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы үкіметі айқындаған ұлттық даму институттары;
      20) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы – экономиканың әрбір басым секторының бөлінісінде айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау үшін басымдықтар болып табылатын Қазақстан Республикасындағы өндіріс үшін стратегиялық бәсекелес артықшылығы бар тауарлық топтардың, тауарлар мен қызметтердің тізбесі.

      2-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
              қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы 

      1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
              қолдаудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 

      1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың міндеттері:
      1) экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      3) еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік тізбекті ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтау) үшін қолайлы жағдай жасау;
      4) инновацияларды тиімді енгізуді қолдау және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру;
      6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету;
      7) индустриялық-инновациялық субъектілерге олардың экспорттық әлеуетін дамытуда жәрдем көрсету болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау мынадай:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы Заңға сәйкес мемлекеттік қолдау алуға тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы мен ашықтығы;
      3) мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
      4) сәтті іске асыру мақсатында және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мен индустриялық-инновациялық жобалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын оңтайландыру;
      5) мемлекеттің және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік;
      6) олардың Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігі қағидаттарына негізделеді.

2-тарау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу

      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
      2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламаларды бекітеді;
      3) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын бекітеді;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының тізбесін бекітеді;
      5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидатын бекітеді;
      6) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;
      7) басым тауарлар мен қызметтер бірыңғай картасын бекітеді;
      8) жоғары технологиялық өнімдер түрлерінің тізбесін бекітеді;
      9) инновациялық гранттардың басым бағыттарын айқындайды;
      10) отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарыққа шығару бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын бекітеді;
      11) Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті (бұдан әрі – Технологиялық саясат жөніндегі кеңес) және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
      13) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      14) технопарктердің, технологияларды коммерцияландыру орталықтарының, салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуінің үлгілік ережесін бекітеді;
      15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      5-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
              қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзірлейді;
      3) өз құзыреті шектерінде индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлейді және келіседі;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
      5) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады;
      6) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидасын әзірлейді;
      7) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
      8) жоғары технологиялық өнімдер түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      9) Қазақстан Республикасы Үкіметіне инновациялық гранттардың басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      10) Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізеді;
      11) Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізеді;
      12) дауыс беруші акциялардың (үлестің) елу және одан артық пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларға қатысты даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
      13) индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      14) технопарктердің, технологияларды коммерцияландыру орталықтарының, салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуінің үлгілік ережесін бекітеді;
      15) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын әзірлейді;
      16) оларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді;
      17) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      6-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
              құзыреті

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өз өкілеттіктері шектерінде:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды бағалауды жүзеге асырады;
      4) индустриялық-инновациялық қызметі саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
      5) салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
      6) білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы еңбекпен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;
      7) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін жоспарлауды, мониторингілеуді, ынталандыруды, дамытуды және бағалауды жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын тиімді іске асыруды бағалау әдістемесін бекітеді;
      9) дауыс беруші акциялардың (үлестің) елу және одан артық пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларға қатысты даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      7-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері шектерінде:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлейді;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат ұсынады;
      5) өз құзыреті шектерінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
              астананың жергілікті атқарушы органдарының
              құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өз өкілеттіктері шектерінде:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) индустрияландырудың өңірлік картасын бекітеді;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат ұсынады;
      5) өз құзыреті шеңберінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9-бап. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі
              үйлестіру кеңесі

      1. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      2. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Мыналар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің міндеттері болып табылады:
      1) экономиканың инновациялылық және тиімділік көрсеткіштерін арттыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларын дамыту жолымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      2) инновацияны тиімді енгізу процесін мақсатқа бағытталған жүйелі қолдауды ұйымдастыру және жоғары технологиялық өндірісті дамыту, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыру;
      3) қосылған құны жоғары жергілікті тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      10-бап. Технологиялық саясат жөніндегі кеңес 

      1. Технологиялық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жетекшілік ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші консультативтік кеңестік орган болып табылады.
      Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс органы Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
      2. Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерінен, мемлекеттік органдар басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің әртүрлі салаларының сарапшыларынан, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компания өкілдерінен, жеке кәсіпкерлік және ғылыми қоғамдық бірлестіктер субъектілерінен құрылады.
      Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметіне мыналар бойынша ұсынымдар дайындау болып табылады:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдылықтарды қалыптастыру;
      2) мемлекеттік қолдау нысанында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
      3) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекіту және өзектендіру;
      4) инновациялық гранттардың сындарлы технологиялары мен басым бағыттарын айқындау және өзектендіру;
      5) жоғары технологиялық өнімдер өндірісі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту және өзектендіру.

3-тарау. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі

      11-бап. Қазақстан Республикасының
               индустриялық-инновациялық жүйесі

      Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды ынталандыру мақсатында субъектілер мен құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.

      12-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды
               жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе
               субъектілері 

      1. Индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне ұлттық даму институттары, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрылымына кіретін заңды тұлғалар, шағын және орта кәсіпкерлік бастамасын қолдау бойынша арнайы қор, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті өзге заңды тұлғалар жатады.
      2. Осы Заңның ережесі, егер өзгесі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және олар бақыланатын өзге заңды тұлғаларға қолданылады.
      3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау жөніндегі Қазақстан даму банкінің қызметі «Қазақстан даму банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау жөніндегі агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрылымына кіретін акционерлік қоғамдар қызметі «Агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы аумағын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      5. Индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік бастамасын қолдау бойынша арнайы қор қызметі «Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      6. Жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру немесе экспорттық операцияларға жәрдемдесу арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық даму институттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      13-бап. Салалық даму жөніндегі ұлттық оператор

      Салалық даму жөніндегі ұлттық оператор:
      1) экономиканың басым секторлары бойынша талдамалық деректер базасын қалыптастырады;
      2) салалық даму саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық беру қызметті көрсетеді;
      3) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеуге және қолдауға қатысады;
      4) мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алатын ірі индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингін жүзеге асырады;
      5) өндірістің аумақтық орналасуы мәселесі бойынша сараптамалық қолдау көрсетеді.

      14-бап. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор

      Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор:
      1) технологиялық болжау үдерісін қамтамасыз етеді;
      2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу, шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу, инвестициялық қорларды құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен индустриялық-инновациялық жобаларды инвестициялауды жүзеге асырады;
      4) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құруға және басқаруға қатысады оның дамуын үйлестіреді;
      5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін халықаралық ұйымдармен, олардың ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарын тарту мақсатында ынтымақтасады;
      6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша өткізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
      7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқару және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асырады;
      8) индустриялық-инновациялық қызмет саласында ақпарат жинау мен мониторингке қатысады;
      9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;
      10) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган операторының инновациялық гранттарды беру бойынша функцияларын жүзеге асырады;

      15-бап. Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық
               оператор

      Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық оператор:
      1) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер қорын қалыптастырады және жүргізеді;
      2) жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      3) ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілерді қолдау шараларын іске асыру тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
      4) индустриялық-инновациялық қызметі мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган операторының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту бойынша шығыстар бөлігін өтеу бойынша функцияларын жүзеге асырады;
      5) жергілікті қамту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жобаларға сараптама жүзеге асырады.

      16-бап. Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық оператор

      Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық оператор:
      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық тартымдылықты жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
      2) шетелдік инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде шетелдік инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық беделін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпаратты ұсынады, инвесторлардың мемлекеттік органдармен кездесуін ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді;
      4) шетелдік инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізеді.

      17-бап. Экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор

      Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі ұлттық оператор:
      1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
      2) сыртқы нарыққа отандық тауарларды жылжыту бойынша жәрдем көрсетеді;
      3) бизнесті дамыту және бәсекеге қабілеттікті арттыру, отандық өнімдерді сыртқы нарыққа шығару саласында отандық экспорттаушыларға ақпараттық және консультациялық қызметті көрсетеді;
      4) экспорттық мүмкіндіктерді жылжыту жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
      5) экспортты қолдаудың отандық институттарымен өзара іс-әрекеттеседі;
      6) экспортты жылжыту мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      18-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым

      1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері:
      1) арнайы экономикалық аймақтар;
      2) индустриялық аймақтар;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылатын заңды тұлғалар:
      технопарктер;
      коммерцияландыру орталықтары;
      салалық конструкторлық бюро;
      технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары болып табылады.
      Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардағы индустриялық-инновациялық қызмет құру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Технопарктер қызметінің негізгі түрлері бизнес-инкубациялау – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне, олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде үй-жайларды, жабдықтарды беру, бухгалтерия жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
      3. Коммерцияландыру технологиялары орталықтары қызметінің негізгі бағыттары технологияларды коммерцияландыру стратегияларын жасауды, патенттік қолдауды, маркетингтік зерттеуді, инвесторлар іздестіруді, технологияларды коммерциялық пайдалану үшін заңды тұлғаларды құруды, консультациялық және делдалдық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, бірақ шектемей, коммерцияландыру бойынша қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
      Коммерциялық технологиялары орталықтарын әдістемелік, консультациялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қолдауды технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық оператор жүзеге асырады.
      4. Салалық конструкторлық бюроларды технологиялар трансферті, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды құру бойынша жәрдемдесу мақсатында технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық оператор құрады.
      5. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестермен бірігіп іске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету мақсатында технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор құрады.

      19-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары 

      1. Технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау құралдарына жатады.
      Технологиялық болжау тұрақты негізде қорытындыларды үш жылда бір реттен жиі емес жүргізе отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін технологиялық болжауды жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Технологиялық болжау үдерісін шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргізу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшін алынған мәліметтерді жинақтап, қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық оператор қамтамасыз етеді.
      Технологиялық болжау қорытындылары мыналарға негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективадағы дамуы үшін инновациялық гранттардың сындарлы технологиясы мен басым бағыттарын айқындау және өзектендіру;
      2) технологиялық даму жөніндегі ұлттық операторға жәрдемдесу кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган іске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзірлеу және өзектендіру.
      Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басымдығын айқындайды және мыналарды:
      1) экономиканың әрбір басым секторындағы тауарлар тобының, тауарлар мен қызметтердің тізбесін;
      2) өндіріс технологиясына қойылатын талаптарды қоса алғанда, өндіру болжанатын тауарлардың негізгі сандық және сапалық сипаттамасын;
      3) тұтынушының мақсатты нарығын;
      4) өндірісті өңірлік орналастыру нұсқаларын қамтиды.
      Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің құралы болып табылады және белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері жобаларының жиынтығын білдіреді.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобаларын республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына қосу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      3. Индустриялық-инновациялық жүйені ынталандыру және дамыту құралдары инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерциялау болып табылады.
      Инновацияларды ақпараттық қолдауды кәсіпорынның рационализаторлық қызметі және халықты инновациялық белсендендіруді ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, инновациялық үдерістер туралы мәлімет алуды жақсартуға бағытталған баспа және электрондық өнімді басу және тарату арқылы инновацияларды құру, енгізу, коммерциялау үдерістерін тарату мақсатында технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор жүзеге асырады.
      Технологияларды коммерциялау технологияларды коммерциялық пайдалану, технологияларды пайдалануға арналған лицензияларды сату, жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде қызмет көрсету жолымен технологияларды пайдалану үшін заңды тұлғаны немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің құрылымдық бөлімшесін құру түрінде жүзеге асырылады.
      Технологияларды коммерциялауда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесуді осы заңның 26-бабына сәйкес технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор көрсетеді.
      4. Индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау болып табылады.
      Мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4-тарау. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін
мемлекеттік қолдау

      20-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін
               мемлекеттік қолдау шаралары

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге заңдарында айқындалған ерекшеліктерін ескеріп осы Заңмен айқындалады.
      Мемлекеттік қолдау түрлері мен деңгейлері салалық бағдарламаларда көзделеді.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:
      1) индустриялық-инновациялық жобаларды қайта қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;
      2) қарыздар бойынша кепілді міндеттемелер мен кепілдік беру;
      3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;
      4) қаржы институттарына берілетін кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      5) жарғылық капиталға инвестицияларды жүзеге асыру;
      6) кепілдік берілген тапсырыс;
      7) инновациялық гранттар беру;
      8) білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
      9) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      10) жер учаскелері мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
      11) ішкі нарықта қолдау;
      12) инвестицияларды тарту;
      13) өңделген отандық тауарлардың экспортын дамыту және жылжыту.
      3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
      4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметін ынталандыру «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      6. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын қарау, келісу және беру кезінде мына өлшемдердің бірін басшылыққа алуға міндетті:
      1) инновациялық – жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құру жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағыттылық;
      2) бәсекеге қабілеттілік – қол жеткізілетін нәтиженің оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретінде айқындалатын қол жеткізілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік деңгейінде көрінетін ұқсас жобалармен салыстырғандағы артықшылық;
      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін жобаны іске асырудың маңыздылығы.

      21-бап. Индустриялық-инновациялық жобаларды қоса
               қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды қоса
               алғанда, қаржыландыру

      1. Индустриялық-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін лизингтік қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдауды Қазақстан даму банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
      2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
      3. Лизингтік қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
      4. Индустриялық-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      22-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және
               кепілдемелерді ұсыну

      1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну түріндегі мемлекеттік қолдауды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
      2. Қарыздар бойынша кепілдемелік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      23-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді қаржы институттарында қаражатты негізделген түрде орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерін, оның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысу шартымен, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
      3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      24-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша
               сыйақы ставкаларын және облигациялар бойынша
               купондық сыйақыларды субсидиялау

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін қаржы институттарының кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері айналысқа шығаратын облигациялар бойынша купондық сыйақыларды субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
      2. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыларды субсидиялау индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің меншікті жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерін, оның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысу шартымен, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп отырған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
      Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын және айналымдағы қаражатты толтыруға арналған облигациялар бойынша купондық сыйақыларды субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды және облигациялар бойынша купондық сыйақыларды субсидиялаудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      25-бап. Жарғылық капиталдағы инвестицияларды жүзеге асыру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталындағы инвестицияларды индустриялық-инновациялық жобалар мынадай талаптарға:
      1) еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарына сәйкес келуі және экономиканың басым салаларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз етуге;
      2) экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
      3) технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттылығына, өндіріс және қызмет көрсету көлемінің сапасын және өсуін арттыруға, шикізаттар мен материалдарды өңдеуді тереңдету, жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға сәйкес келген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұлттық даму институттары жүзеге асырады.

      26-бап. Кепілдендірілген тапсырыс

      1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқару холдингтерімен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды.
      2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негізінде ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен шарт жасасу жолымен кепілдендірілген тапсырысты орналастырады. Көрсетілген шарттардың талаптары тауардың бағасын, сапасын, қолжетімділігін, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару компанияларының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделеріне жауап беруі тиіс және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмеуі тиіс.
      3. Кепілдендірілген тапсырыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік қағидалар негізінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барлық әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру арқылы орналастырылады.

      27-бап. Инновациялық гранттар беру

      1. Инновациялық гранттар беру түріндегі мемлекеттік қолдауды инновациялық гранттардың басым бағыттары шеңберінде технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық операторды тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар олардың:
      1) технологияларды сатып алуға;
      2) өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге;
      3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлік-техникалық персоналын шетелде оқытуға;
      4) бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыруға;
      5) жаңа технологиялық өндірістерді құруға;
      6) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге;
      7) технологияларды коммерцияландыруға бағытталған жобаларын іске асыру кезінде жоспарланып отырған шығындардың бір бөлігін өтеу жолымен ұсынылады.
      Осы баптың мақсаттары үшін өнеркәсіптік зерттеулер деп өнімді шығарумен байланысты оның өндірістік үдерістерін жақсарту мақсатында өнеркәсіп кәсіпорны жүргізетін зерттеу және конструкторлық жұмыстар түсініледі.
      Халықаралық патенттік ұйымдар мен шетел мемлекеттерінде патенттеуге арналған гранттарды қоспағанда, инновациялық гранттарды беру кезінде отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз экономикалық және технологиялық сараптама жүргізіледі.
      3. Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық операторға толық көлемі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық оператор арасында жасалатын шарт негізінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға берілетін инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденттері – екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шот ашылады.
      Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, бірақ келесі қаржы жылында инновациялық гранттарды беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақша қаражатының жалпы көлемі барлық грант түрлері арасында бөлінеді.
      4. Инновациялық гранттарды беру қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      28-бап. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін білікті кадрлар ресурстарымен қамтамасыз ету:
      1) экономиканың басым секторлары үшін мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
      2) басқару деңгейінің өсуін ынталандыруға жәрдем көрсету;
      3) кадрлық әлеуетті күшейтуге жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында оларды даярлау жүзеге асырылмайтын техникалық, технологиялық мамандықтар бойынша шетелде білікті кадрларды даярлауға арналған шығындардың бөлігін өтеу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ұсынған тиісті мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауды қажет ететін мамандықтардың тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды жасайды.
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұсынатын мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау қажет етілетін мамандықтардың тізбесін айқындауға және оның негізінде мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруға міндетті.
      3. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізуге жұмсалған шығынның бір бөлігін өтеу арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің басқару деңгейінің өсуін ынталандыруға жәрдем көрсетеді.
      4. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор тартылған:
      1) консультациялық, жобалық және инжинирингтік ұйымдардың;
      2) жоғары білікті шетелдік мамандардың қызметіне ақы төлеу бойынша индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығынының бір бөлігін өтеу кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті органға жәрдем көрсетеді.
      5. Басқару деңгейінің өсуін ынталандыруға және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдем көрсетуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      29-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды
               қамтамасыз ету

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету:
      1) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;
      2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшін жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тиісті бағыттардың жобаларын іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және қайта жаңғыртуға қаражат бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      3. Инженерлік және көлік инфрақұрылымын салуға (қайта жаңартуға) қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      30-бап. Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану
               құқықтарын беру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жер учаскелері мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жерді пайдалану құқығына жер учаскелерін бөлу;
      2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей-ақ жер қойнауын пайдалануға құқық беру арқылы жүзеге асырылады.

      31-бап. Ішкі нарықта қолдау

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау ішкі нарықта сервистік қолдау, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Ішкі нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау:
      1) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқор базасындағы заңды және жеке тұлғаларды тегін тіркеу;
      2) жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық оператордың веб-порталында әлеуетті тапсырыс берушілер мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілер туралы ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
      Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
      1) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптама жүргізуге тартылған консалтингтік компаниялардың қызметіне ақы төлеу;
      2) ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
      Ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бөлігін өтеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      32-бап. Инвестициялар тарту

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау шаралары шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етіледі және өзіне:
      1) әлеуетті шетелдік инвесторлармен оларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында іздестіруді жүзеге асыруды және олармен келіссөздер жүргізуді;
      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды қамтиды;
      3) шетелдердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері арқылы, сондай-ақ, шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобалары туралы ақпаратты таратуды қамтиды.
      2. Инвестициялық қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қосымша атаулы шаралары «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

      33-бап. Отандық өңделген тауарлардың, қызметтердің
               экспортын дамыту және жылжыту

      1. Отандық тауарларды экспорттаушылар немесе әлеуетті экспорттаушылар болып табылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау сервистік және қаржылай қолдау арқылы іске асырылады.
      2. Отандық тауарларды экспорттаушылар немесе әлеуетті экспорттаушылар болып табылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау шаралары:
      1) олардың экспорттық әлеуетінің диагностикасы;
      2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, таныстыру-көрме қызметін жүзеге асыру, шетелде қазақстандық өнімдердің тауар белгілерін жылжыту;
      3) шетелде отандық өндірушілер мен олардың өнімдері туралы ақпаратты тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
      4) экспортты дамыту және жылжыту мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
      5) гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына отандық тауарларды, қызметтерді жылжытуға жәрдемдесу;
      6) сыртқы нарыққа отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
      7) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      Сыртқы нарыққа отандық өңделген тауарларды, қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 4-5, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады