"2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1205 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1193 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.13 № 1193 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті                            Н. Назарбаев

Жоба   

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы
шартқа толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып,
      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексіне осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес толықтырулар енгізілсін.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Шартта белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттамаға ескертулерге жол берілмейді.

4-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады.
      Осы Хаттама дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң күшіне енеді.

      2011 жылғы «____»______ ________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь                 Қазақстан                   Ресей
  Республикасының           Республикасының            Федерациясының
    Үкіметі үшін              Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден
одағының Кеден кодексі туралы
шартқа толықтырулар енгізу 
туралы хаттамаға     
қосымша          

Кеден одағының Кеден кодексіне енгізілетін толықтырулар

      1. 4-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарларды құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізген кезде өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) шарт (шарттар) болған кезде электр беру желілерін немесе құбыржол көлігін пайдалануға және (немесе) тауарларды электр беру желілері немесе құбыржол көлігімен өткізуге, сондай-ақ құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты тұлға тасымалдаушы болып табылады;».
      2. Мынадай мазмұндағы 334-1-баппен толықтырылсын:
      «334-1-бап. Осы тарауды қолданылатын терминдер
      Осы тарауда мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) әкелу орны - Кеден одағының және (немесе) шекаралас мемлекеттің кедендік аумағында орналасқан кедендік шекара арқылы құбыржол көлігімен және (немесе) электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары орнатылатын орын, олардың көрсеткіштері Кеден одағының кедендік аумағына құбыржол көлігімен және (немесе) электр беру желілері бойынша әкелінген тауарлардың санын айқындау үшін пайдаланылады;
      2) әкету орны - Кеден одағының және (немесе) шекаралас мемлекеттің кедендік аумағында орналасқан кедендік шекара арқылы құбыржол көлігімен және (немесе) электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары орнатылатын орын, олардың көрсеткіштері Кеден одағының кедендік аумағына құбыржол көлігімен және (немесе) электр беру желілері бойынша әкелінген тауарлардың санын айқындау үшін пайдаланылады;
      3) жөнелту орны - аумағынан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды жөнелту басталатын Кеден одағына мүше мемлекетте осы тауарларды есепке алу құралдары орнатылатын орын, олардың көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) айқындау мақсатында пайдаланылады.
      Аумағынан тауарларды өткізу басталатын Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды есепке алу құралдары орнатылғанға дейін осындай тауарлардың жүру жолында бірінші болып табылатын Кеден одағына басқа мүше мемлекеттің аумағында тұрған тауарларды есепке алу құралдары орнатылған орын жөнелту орны болып табылады;
      4) межелі орын - аумағында құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды өткізу аяқталатын Кеден одағына мүше мемлекеттегі осындай тауарларды есепке алу құралдары орнатылатын орын, олардың көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) айқындау мақсатында пайдаланылады.
      Аумағында тауарларды өткізу аяқталатын Кеден одағына мүше мемлекетте тауарларды есепке алу құралдары орнатылғанға дейін осындай тауарлардың жүру жолында соңғысы болып табылатын Кеден одағына басқа мүше мемлекеттің аумағындағы тауарларды есепке алу құралдары орнатылған орын межелі орын болып табылады;
      5) жеткізу орны — өлшеулерді жүргізу тасымалдаудың технологиясымен негізделген және негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған тауарларды есепке алу құралдары орнатылатын орын.».
      3. 335-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды көліктің өзге түрлеріне қайта тиеуге қызмет өңірінде осындай жүк операциясы жүзеге асырылатын кеден органының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.».
      4. 336-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша өткізілетін электр қуатының іс жүзіндегі санын айқындау ерекшеліктерін белгілеуге құқылы.».
      5. 339-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгеше белгіленбесе, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиті осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Егер осы тарауға сәйкес өзгеше белгіленбесе:
      1) әкелу орнынан әкету орнына дейін шетелдік тауарларды;
      2) әкелу орнынан межелі орынға дейін шетелдік тауарларды;
      3) егер бұл осы Кодекстің 215-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген болса, жөнелту орнынан әкету орнынан дейін шетелдік тауарларды, сондай-ақ Кеден одағының тауарларын;
      4) жөнелту орнынан межелі орынға дейін шетелдік тауарларды;
      5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкету орнынан әкелу орнына дейін Кеден одағының тауарларын құбыржол көлігімен өткізу кезінде кедендік транзит қолданылады.
      6. Егер Кеден одағының кедендік аумағына әкелу басталғанға дейін олар ішкі тұтыну үшін шығару, уақытша әкелу (жіберу), ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, кедендік аумақта қайта өңдеу немесе кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына құбыржол көлігімен әкелу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімі қолданылмайды.
      Егер мұндай өткізу табиғи газды құбыржол көлігімен тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктерімен негізделген болса, Кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу кезінде бұдан бұрын Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелу кедендік рәсіміне сәйкес әкетілген табиғи газдың экспорты кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік транзит кедендік рәсімі қолданылмайды.
      7. Кеден одағына бірнеше мүше мемлекеттердің аумағы бойынша әкелу орнынан әкету орнына дейін құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік декларация Кеден одағының кедендік аумағы бойынша көрсетілген тауарларды өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) шарт (шарттар) жасасқан тасымалдаушы тіркелген Кеден одағына мүше мемлекетте беріледі.
      8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзит мерзімін ұзарту аумағында кеден органы осындай кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Декларант аумағында кеден органы тауарларды шығаруды осындай кедендік рәсімге сәйкес жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жеткізудің әр күнтізбелік айы үшін кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      10. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімі:
      1) егер бұл осы Кодекстің 215-бабының 5-тармағына сәйкес көзделсе, әкелу орнынан немесе жөнелту орнынан әкету орнына дейін өткізілетін (тасымалданатын) шетелдік тауарларға, сондай-ақ Кеден одағының тауарларына қатысты - тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілгеннен кейін және кеден органы іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияда кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау туралы белгілерді қойғаннан кейін;
      2) жөнелту орнынан немесе әкелу орнынан межелі орынға дейін өткізілетін (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты - құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияны беру үшін белгіленген мерзім шегінде осы Кодекске сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен межелі орында орналастырумен;
      3) әкету орнынан әкелу орнына дейін өткізілетін Кеден одағының тауарларына қатысты - тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелгеннен және кеден органы іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияда кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау туралы белгілерді қойғаннан кейін аяқталады.
      11. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізген кезде осы Кодекстің 215-бабы 6-тармағының, 216-бабы 3), 5) - 7) тармақшаларының, 218 - 221-баптарының, 222-бабы 1-тармағының, 225-бабының, 227-бабы 2, 3 және 6-тармақтарының, 228-бабы 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері қолданылмайды.».
      6. Мынадай мазмұндағы 339-1-баппен толықтырылсын:
      «339-1-бап. Әкелу, әкету кедендік баждарын, салықтарды төлеу
                  бойынша міндеттемелердің пайда болуы және құбыржол
                  көлігімен өткізілетін, кедендік транзит кедендік
                  рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған)
                  тауарларға қатысты оларды төлеу мерзімдері
      1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме декларантта осы Кодекстің 227-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәттен басталады және:
      1) осы рәсім қолданылған уақытта кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 339-бабының 10-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда аяқталады.
      2. Егер құбыржол көлігімен өткізілетін және кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілмесе және кедендік транзит кедендік рәсімінен өзге кедендік рәсіммен құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияны беру үшін белгіленген мерзім ішінде орналастырылмаса, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі кеден органының оған сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар кедендік декларацияны тіркеген күні болып саналады.
      3. Кедендік әкелу баждары, салықтар кеден органының кедендік декларацияны тіркеген күні есептелген, оларға сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жататын әкелу кедендік баждарының, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес мөлшерлерде төленуге жатады.
      4. Құбыржол көлігімен өткізілетін және кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Кеден одағының тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндет декларантта осы Кодекстің 228-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органының кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап пайда болады және:
      1) осы рәсім қолданылатын уақытта кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімі Кодекстің 339-бабының 10-тармағына сәйкес аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда аяқталады.
      5. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелінбеген немесе құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияны беру үшін белгіленген мерзім ішінде кедендік транзит кедендік рәсімінен өзге кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайда кеден органының оған сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар кедендік декларацияны тіркеген күні әкелу кедендік баждарын төлеу мерзімі болып табылады.
      6. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы оларға сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар кедендік декларацияны тіркеген күніне есептелген кедендік әкету баждарының сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төленуге жатады.».
      7. Мынадай мазмұндағы 371-1-баппен толықтырылсын:
      «371-1-бап. Тауарларды құбыржол көлігімен және электр беру
                  желілері бойынша өткізу кезінде кедендік
                  операцияларды жүзеге асыру туралы өтпелі ережелер
      1. Осы Кодекстің 337-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген шекаралас мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының жұмысын және кеден органы лауазымды адамдарының осындай құралдарды орнату орындарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын Кеден одағына мүше мемлекеттің және шекаралас мемлекеттің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей шекаралас мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының тасымалдаушы ұсынатын көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.
      2. Осы Кодекстің 336-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген Кеден одағына мүше мемлекеттегі техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар күшіне енгенге дейін, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей желілерде электр энергиясының шығыстарын айқындау тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған желілерде электр қуатының шығындарын айқындау тәртібі болмаған жағдайда, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін желілерде электр қуатының шығындарын айқындау тәртібі мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалануға жауапты уәкілетті ұйымдар арасында жасалған электр қуатының етуін есепке алу туралы келісімдерге сәйкес анықталады.
      3. Осы Кодекстің 336-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша өткізілетін электр қуатының нақты санын айқындау ерекшеліктері электр берудің мемлекетаралық желілерін пайдалануға жауапты уәкілетті ұйымдар арасында жасалған электр қуатының өтуін ұйымдастыру туралы келісімдерге сәйкес айқындалады.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады