Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

«Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 қаулысы

      Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және консультациялық–диагностикалық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
      Көрсетімдер болған жағдайда Ережелермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде республикалық немесе жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарға консультациялық-диагностикалық көмек алуға пациенттерді жіберуінің (тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек) тәртібі реттеледі.
      Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерден немесе басқа бейінді маманнан жолдама болмаған жағдайда, сондай-ақ пациенттердің бастамасы бойынша медициналық ұйым консультациялық-диагностикалық көмек ақылы негізінде көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз