Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 839 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

2012 жылғы 25 тамыздағы № 839 «Қазақстан Республикасының
аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру
және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз-релизі

      Осы Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалар «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін белгілейді.
      Қағидаларды қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін нормативтік-құқықтық акті дәрежесінде регламенттеу болып табылады.
      Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
      Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз