Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен

«Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысына
Баспасөз релизі

      «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2 - баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының, 2)3) тармақшаларына29-бабына сәйкес әзірленді.
      - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына/импортына лицензия;
      - экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспортына/импортына лицензия;
      - жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізуге қызмет түрін арналған лицензия;
      - монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, алуға және өткiзуге арналған лицензия;
      - уларды өндіруге, өңдеуге, сатып алуға, сақтауға, өткізуге, пайдалануға, жоюға арналған лицензия;
      - босатылған оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеуге арналған лицензия;
      - тау-кен, (пайдалы қазбаларды, барлау, өндіру) химия, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалануға арналған лицензия (www.comprom.kz «мемлекеттік қызметтер» бөлімі).
      Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың қызметінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру екендігін белгіледі.
      ҚР Президентінің ШОБ-ты дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында Комитет 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда көрсетілген лицензияларды электрондық форматта беруді жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметті тиімді, уақытында және қолжетімді көрсету үшін Комитет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «Е-лицензиялау» «Мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесін енгізді. Онда лицензия алу үшін азаматтардың өтініштері электрондық түрде қабылданады және қаралады.
      Қазіргі уақытта Комитет www.elicense.kz ақпараттық порталы арқылы жоғарыда көрсетілген лицензияларды беруді жүзеге асырады.
      Бұдан басқа, Комитет www.elicense.kz ақпараттық порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жуырда жүзеге асырады:
      - Импорттаушының кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушының сертификаты);
      - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытынды.

      Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін және көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жұмыстары келешекте де жалғаса беретін болады.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз