Статистикалық жұмыстардың 2013 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1746 Қаулысы

Статистикалық жұмыстардың 2013 жылға арналған
жоспарын бекіту туралы
Баспасөз хабарламасы

      2012 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Статистикалық жұмыстардың 2013 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» № 1746 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) қабылданды.
      Статистикалық жұмыстардың 2013 жылға арналған жоспарымен (бұдан әрі - Жоспар) әртүрлі статистиканың салалары: өнеркәсіп, ауыл, орман және балық шаруашылығы, құрылыс және инвестициялар, қызметтер, сауда және тағы басқа бойынша 199 жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу жоспарланған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және тағы басқа мемлекеттік органдармен 78 ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
      Бұдан басқа Жоспарда Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және де басқа мемлекеттік органдар қалыптастыратын жарияланымдардың 400-ден аса түрі қамтылған.
      Қаулы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңының 19-бабын іске асыру үшін қабылданды.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз