Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 107 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 107 қаулысына   
қосымша      

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы»
акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін, Астана
қаласы, Республика даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан
республикалық мүлік тізбесі

Р/с

Мүліктің атауы

Жалпы ауданы

1.

Жүк автомашиналары гаражы

1486,8 м2

2.

Жапсарлас құрылысы бар гараж

1632,2 м2

3.

Автомашиналарға арналған гараж, диспетчерлер бөлмесі, жапсарлас салқын құрылыс

669,5 м2

4.

Өтетін жер

19,5 м2

5.

Автомай құю станциясы

7,7 м2

6.

Қоршау

483,7 м2

7.

Гараж

244,0 м2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады