Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскеcін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 764 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі» мемлекеттік мекемесіне далалық оқу орталығын орналастыру үшін Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округінің елді мекен жерлері санатынан тұрақты жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 40,0 гектар жер учаскесі берілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 40,0 гектар жайылымдық алқабын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
      3. Ақмола облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 764 қаулысына  
қосымша      

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
«Арыстан» қызметі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану
құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с

Берілетін жер учаскесінің жер санаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

жайылым

басқа

1

2

3

4

5

6

7

1.

Арнасай ауылдық округі елді мекендерінің жерлері

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Арнасай ауылдық округі

40,0

40,0

-

Далалық оқу орталығын орналастыру үшін


Барлығы:

40,0

40,0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады