Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1331 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасы (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдасын;
      2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 795 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 30 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 795 қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 795 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1331 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасы
(Іс-шаралар жоспары)

      Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 795 қаулысымен.

Р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

1

2

3

4

5

1

Жобаларды қаржыландырудың бастапқы кезеңдерінде формальды емес венчурлік инвесторлардың инвестицияларын тарту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, даму институттары

жыл сайын, наурыз

2

Технологиялар трансферті орталықтарын немесе технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты базасында екі жақты орталықтар немесе әлемдік инновациялар орталықтарындағы бір жақты өкілдік форматында технологиялық ынтымақтастық орталықтарын құру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

жыл сайын, желтоқсан

3

«Назарбаев Университеті» ДБҰ және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА арналған қажетті технологияларға, инвестицияларға және ноу-хауға сәйкес өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу әріптестері мен басымдықтарды айқындау

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), «ИТП» АЭАБК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

4

ҒЗТКЖ статистикасы және инновациялар жөніндегі әдіснаманы жетілдіру

ПӘ-ге ақпарат

СА, БҒМ, ИЖТМ, ЭБЖМ

2013 жылғы
желтоқсан

5

Өңірлік бастамаларға гранттар мен жеңілдіктер жүйесін дамытуды, сондай-ақ жаңа инновациялық идеялар мен кәсіпорындар үшін әлеует беруді ескеретін, өңірлік инновациялық жүйелерді қалыптастыру бойынша әдіснамалық ұсынымдарды бекіту

Бірлескен бұйрық

ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ

2013 жылғы
желтоқсан

6

Өңірлік инновациялық жүйелерді, оның ішінде инновациялық инфрақұрылымды, жобаларды қолдау және жергілікті бюджет есебінен инновациялық қызметті дәріптеу бөлігінде құру жоспарларын бекіту

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қаулысы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы
желтоқсан

7

Әлемге танымал ғалымдар мен менеджерлерді тарту және шетелде жұмыс істейтін отандас ғалымдарды кері қайтаруға ықпал ету жөнінде шаралар кешенін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы
желтоқсан

8

Әлемдік прогностика институтын құру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, БҒМ, ЭБЖМ

2013 – 2014 жылдардағы желтоқсан

9

«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне инновациялық қызметті ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі

ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы
желтоқсан

10

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының технопарктермен және «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), «ИТП» АЭАБК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

11

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегін салуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, ЭБЖМ, Алматы қаласының әкімдігі

2013 – 2015 жылдардағы желтоқсан

12

Өңірлік инновациялық жүйелерді құру жоспарларын іске асыру

ПӘ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2013 – 2020 жылдардағы желтоқсан

13

Өңірлерде республикалық және жергілікті бюджет есебінен инновацияны дамытуды қаржыландыруды қамтамасыз ету бөлігінде бюджеттік жіктеуішке өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ИЖТМ-ге ұсыныс

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2014 жылғы
ақпан

14

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына жеке өнертапқыштарды, жаңашылдар мен ғылыми зерттеулердің жетекшілерін тарту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы
сәуір

15

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару компаниясына үш халықаралық сарапшыны тарту мәселесі бойынша ұсыныстарды енгізу

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, «ИТП» АЭАБК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
сәуір

16

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы
сәуір

17

Ғылыми-гранттық бағдарламалардың тиімділігін бағалау индикаторларын жетілдіру

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ

2014 жылғы
сәуір

18

Нарықта инновациялық белсенді кәсіпорындарға артықшылық беру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы
шілде

19

Кадрларды дайындау және жерді пайдалану саласында зерттеулер жүргізу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

БҒМ, ИЖТМ, МГМ, ҚОСРМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы
шілде

20

Инновациялық жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, «NADLoC» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы
тамыз

21

Ғылым, технология және инновациялар саласында халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, БҒМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы
қараша

22

Инновацияны дамыту, оның ішінде технологиялық парктер базасында дамыту бойынша өңірлік кеңселерді айқындау және құру

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
желтоқсан

23

Қазақстанда инновациялық жобаларды іске асыруға көлемінде бағытталған кемінде 500 - 750 млн. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тарту

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, «KAZNEX INVEST» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы
желтоқсан

24

«Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ЭБЖМ, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы
желтоқсан

25

Еліміздің инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында өнертапқыштар мен жаңашылдарды ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, БҒМ, ұлттық холдингтер және компаниялар, даму институттары

2014 жылғы
желтоқсан

26

Балалардың әл-ауқаты индексін енгізу, сондай-ақ оқушылардың ғылым мен инновацияларға қызығушылығын ояту мақсатында мектеп оқушылары үшін ЖОО-да ғылыми-техникалық және инновациялық бағыттағы үйірмелер, технопарктер, ғылыми-зерттеу зертханалары жанынан танымдық-зерттеушілік зертханалар және т.б. құру және дамыту

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ

2014 жылғы
желтоқсан

27

Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін жыл сайын сауалнама жүргізу арқылы рейтингтік бағалауды енгізу

ПӘ-ге ұсыныс

БҒМ

2014 жылғы
желтоқсан

28

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекiту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жыл

29

Технологиялық болжау нәтижелері бойынша, оның ішінде пилоттық нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы айқындалған Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

30

Халықаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, БҒМ

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

31

Инновациялық конгресс және Астана экономикалық форумы шеңберінде шетелдік технологиялар көрмесін ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2014 – 2020 жылдардағы желтоқсан

32

Бірлескен ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруға жеке және халықаралық қорларды тарту

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 – 2020 жылдар

33

Елдің мекемелері мен кәсіпорындарында сұрау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған технологиялық міндеттерді шешу үшін түйінді инновациялық жобаларды айқындау бойынша конкурс өткізу және оларды қаржыландыру мүмкіндігі (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс арқылы) тетігін әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИЖТМ, «ҰТДА» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы
наурыз

34

Тәуекелмен қаржыландыруды (инвестициялауды) дамытуға бағытталған инновациялық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы маусым

35

Инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәуекелдерді басқару тетігін әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы
тамыз

36

Кемінде 10 түйінді инновациялық жобаны іске асыру бойынша жол карталарын әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2015 жылғы
қараша

37

Ғылыми-инновациялық жобаларға кредит беруге кепілдік беру (мемлекеттік емес кепілдік) мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, БҒМ

2015 жылғы
желтоқсан

38

Инновацияларды ынталандыруға бағытталған стандарттау және техникалық реттеу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 – 2017 жылдардағы желтоқсан

39

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының үздік өнертапқыштары мен жаңашылдарына арналған жеңілдікті тұрғын үй құрылысы бойынша ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

ҰЭМ, ИДМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан

40

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында, сондай-ақ болашақта «ИТП» инновациялық кластеріне кіретін объектілерде «жасыл» технологиялар саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер зертханаларын құру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ЭМ, ИДМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімдігі

2016 – 2017 жылдардағы желтоқсан

41

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына кемінде 250 - 350 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «ИТП» ДКФ» АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы желтоқсан

42

Патенттік кооперация бойынша келісім (РСТ) және (немесе) Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес шетелде алынған патент санын 2015 жылға қарай кемінде 35-ке және 2020 жылға қарай кемінде 100-ге көбейту

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

43

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге және/немесе инновацияларға тартылған ғылым кандидаттары (PhD) санын 2015 жылға қарай кемінде 15-ке және 2020 жылға қарай кемінде 50-ге ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

44

Қазақстандық ғалымдардың әлемдегі жетекші рейтингтік ғылыми журналдардағы басылымдарының санын 2015 жылға қарай кемінде 1000-ға және 2020 жылға қарай кемінде 2000-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

45

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі) көрсеткіші «инновациялық әлеует» факторы бойынша 2015 жылға қарай 80-нен төмен емес және 2020 жылға қарай 50-ден төмен емес орынға қол жеткізуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

46

2020 жылға қарай жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингінде «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның 100-орыннан төмен емес орынға жетуін қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

47

Ішкі жалпы өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 % және 2020 жылға қарай кемінде 2,5 % жалпы ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

48

Мемлекеттік сатып алу көлеміндегі инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер үлесін 2015 жылға қарай кемінде 5 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

49

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы жоғары технологиялы шетел компанияларының санын 2015 жылға қарай кемінде 5-ке және 2020 жылға қарай кемінде 10-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

50

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 20 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 50 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

51

Ғылыми зерттеулерге кеткен шығыстардағы меншікті капитал үлесін 2015 жылға қарай кемінде 15 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

52

ҒЗТКЖ-ға жалпы ішкі шығындармен салыстырғанда ғылыми-техникалық жұмыстарға кеткен шығындардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 35 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 50 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

53

Өндірістік тәжірибесі бар ғалымдардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

54

Ғылыми-техникалық әзірлемелер көлеміндегі коммерцияландырған жобалардың үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

55

Өнеркәсіп шығыстарында жаңа технологияларды (патенттерді, лицензияларды) сатып алуға кеткен шығындар үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

56

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің негізгі құралдарының тозу дәрежесінің 2015 жылға қарай кемінде 20 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға азаюын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

57

Шығарылатын өнім көлеміндегі бесінші (алтыншы) технологиялық деңгей өнімдерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 20 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

58

Энергия өндірісі құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 1 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 3 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

59

Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын көрсетілетін қызметтердің жалпы санындағы электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесін 2015 жылға қарай кемінде 50 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 100 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

60

Негізгі капиталға инвестициялар көлеміне қарағанда технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындардың қатынасын 2015 жылға қарай кемінде 7 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 15 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық холдингтер мен компаниялар, даму институттары

2014 жылғы желтоқсаннан бастап жыл сайын

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
      ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
      «ИТП» АЭАБК» АҚ – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Назарбаев Университеті» ДБҰ – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы;
      «KAZNEX INVEST» АҚ – «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы;
      «NADLoC» АҚ – «NADLoC» акционерлік қоғамы;
      ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады